күнәдан арылуға бағытталған әрекет атауы. Бұл адам қателескенде немесе күнә
жасаған сәттерде орындалады.
Тән сөйлемес, жан сөйлемес, иман сөйлер,
Жаннан безген шын ғашықтар хақты көздер
Ей іңкәрім, жолда қалдым, жолға салғыл,
Тәубе қылған қожам жайын гүлзар қылар.
Хикметтердегі тәубе тақырыбындағы жолдар тәубеге келгендердің қадір
қасиетін жан
-
жақты танытуға құралған. Шын ғашық Алладан басқаны есіне
алғандығы үшін тәубеге мұқтаж. Тәубеге келісімен нәпсіге шек қойып, дүние
қызығынан бас тарту мағынасына келер екінші мақам «зуһд» (тақуалық).
Бейхабарлар білмей ғұмырын желге сатар,
Құран
-
құр жаһаннамға кетер достар.
Ақырзаман суреттерін шайхы түзер,
Заһидтық пен тақуа қылмай, жолын бұзған.
Сопылардың бұл мақамдағы басты мақсаты тақуалықты ұстанып, нәпсіге
шек қою және соның нәтижесінде Аллаһтың дидарын көруге талпыну. Ал, бұл
талпыныс, келесі мақам «сабырлықтан» өтпей жүзеге аспас. Ахмет Ясауи өз
хикметтерінде сабырлық пен ұстамдылықты уағыздай келе бір Аллаһтың
дидарына ғашықтығын жасырмаған.
Сабырлық адамзаттың пәни дүние қиындықтарына төтеп беруі. «Аллаһтан
жәрдем тілеңдер, әрі сабыр етіңдер: Жер Алланыкі екені даусыз. Ол құлдарына
қалағанын мұра
қылады. Соңғы табыс тақуалардыкі»
, [7/128] –
деп Құранда
айтылғандай сабырлық тақуалыққа жетелер жолдағы ең жоғарғы табыс [2,384б
].
Қ.А.Ясауи іліміндегі сабырлық дүние мен көңіл көтеруге қарсылық әрекеті
және оның «жетілген тұлға» мәртебесіне жетілу жолында кездескен
қиындықтарға төтеп беруі негізгі тамыры.
Қорыта айтқанда, Қ.А.Ясауи ислам діні мен жергілікті дәстүрді
сабақтастырып, халықтың рухани тұрғыдан кемелденуіне өз үлесін қосты. Оның
қарымды қаламынан туған «Диуани Хикмет» атты еңбегінде елді бейбіт өмір мен
ибалылыққа шақырды. Сауаттылық пен еңбекқорлық арқылы адамзаттың
қараңғылықтан құтылып, жарық сәулеге енетіндігін жазды.
Достарыңызбен бөлісу: