Республикасының білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет21/47
Дата07.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#85628
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47
Байланысты:
Yassaui i Dulati

Әдебиет
 
1.
М.Х. Дулати Тарихи Рашиди. 
– 
Алматы: Тұран, 2003. 
– 
614 б.
2.
Әшімбаев
С. Шындыққа сүйіспеншілік. 
– 
Алматы: Жазушы, 1993.
– 
623 б.
3.
Нұрышева Г.Ж. Қазақ халқының өмірмәндік түсініктері және позитивтік 
экзистенциализм: салыстырмалы талдау // Қазақстан Республикасы: 
тәуелсіз дамудың 10 жылдығы: Халықаралық ғылыми
-
практикалық 
конференция материалдары / Бас ред. Б. Сейсенов.
– 
Алматы:
ФжСИКБО,2001
-
2т.
–58-
63бб
ОӘЖ 94.(574).05
ҚОЖА АХМЕТ
 
ЯСАУИ МЕН МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИДІҢ
 
КӨЗҚАРАСТАРЫНДАҒЫ РУХАНИ ҮНДЕСТІК
Жүншеев Р.Е.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, 
философия
ғылымдарының кандидаты
М.Х
.
Дулатидің
шығармашылығындағы сопылыққа қатысты
мәселесі аз 
зерттелген, бірақ оның
сопылықтың негізгі ұстанымдарын қабылдағандығын 
жоққа шығаруға болмайды. Басқаша болуы мүмкін де емес еді. Орта ғасырда 
сопылық түркі тілдес халықтардың
арасында исламның кең тараған 
бағыттарының бірі болып табылды. Сопылықтың түркі даласында тарау 
үдерісінде
Қожа Ахмет Ясауидің іс
-
әрекеті ерекше орынды алады.
Ол шын 
мәнінде барлық түркі сопыларының алғашқы
әкесі болып табылды. Ясауи 
атымен ислам дінінің түркі тілдес халықтар арасында тарауы ғана емес, сонымен 
қатар, мұсылмандық және тәңірлік мәдениеттерінің өзара ықпалы, бір
-
бірімен 
астасуы байланысты екендігі белгілі. Ясауи
және оның қалыптастырған діни
-
58 


философиялық мектептері тәңірлік пен исламды ұштастыра білді. Ол
сол 
кезеңдегі, жаңа
діни ілімдерді жалпы халықтық тәңірлік санамен байланыстыра 
білді.
Жергілікті халықтың салт
-
санасы мен сенім
-
нанымына, әдет
-
ғұрпына 
қайшы
келмейтін діни
-
мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи 
шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды.
Ясауидің еңбегінің арқасында сопылық 
– 
философиялық жүйе ретінде,
түркі 
тілдес халықтардың рухани танымы мен қөзқарасында шешуші рөл, фактор бола 
бастады. Ол барлық түркі мемлекеттерінде көптеген ақындардың, поэзия 
өкілдерінің, қоғам қайраткерлерінің, әміршілердің және қатардағы азаматтардың 
рухани тәлімгері ретінде көрінді.
«
Кіші Азияда
 
Қажы
 
Бекташ

Жүніс 
Әміре

Сүлеймен Бақырғани
 
хикметтерінен Қожа Ахмет Ясауи сарыны 
байқалды.
XII ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына
елеулі ықпал еткен 
Қожа
Ахмет Ясауи сарыны
 
Асан Қайғыдан
 
Абайға, сондай
-
ақ
күні бүгінге 
дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан»
[1].
Ясауидің
сопылық философиясының Мұхаммед
Хайдар Дулатидің
дүниетанымына тигізген ықпалы елеулі. 
«
Тарих
-
и Рашиди
» 
еңбегіне жасалған 
талдау, сопылық көзқарас сол дәуірдің басты ерекшелігі болып табылатындығын 
және Дулатидің
да дүниетанымында да басым болып келетіндігін көрсетеді. 
Дулатидің
Ясауилыққа деген ерекше құрметін
оның келесі сөздерінен 
байқауымызға болады: «Немере ағам көп уақыттан бері шейхтардың қатарында 
Ясауи
тарихатын ұстанып жүрген...»
және «дұрыс
өмір салтын» атқарып келген 
[2.408 
б
]. 
Дулатидің
«Тарих
-
и Рашиди» еңбегінде
үнемі
айтып келген «дұрыс 
өмір
салты» идеясын Ясауилықпен ұштастыра қарастыруында да үлкен мән бар

Дулати ерекше құрметке ие сопылардың ішінде алғашқы орынға 
Нақшбандия мектебінің көшбасшысы Әбдірахман Жәмиді қояды.
Нақшбандия 
мектебі өкілдерінің Самарқандағы Ясауиді
жалғастырушылары болғандығы 
белгілі. 
 
Міне, сондықтан да М.Х.Дулатидің
дүниетанымына сопылықтың
тигізген 
ықпалын қарастыру «Ясауи және Дулати» мәселесін сараламай толыққанды бола 
қоймас. Аталған мәселе, біздің сеніміміз бойынша, М.Х.
Дулатидің
рухани 
мұрасын зерттеудің ұтымды
бағыты болып табылады.
М.Х.Дулатидің
жалпы
сопылыққа, оның ішінде, Ясауи іліміне қатынасының 
қайшылықтылығын
айта отыра,
осы мәселенің кейбір аспектілерімен, біріншіден 
– 
қазақ халқының қоғамдық санасындағы екі алып тұлғаның идеялық рухани 
үндестігін, ал
екіншіден 
– 
М.Х.Дулатидің
сопылық діни
іліміне
деген 
шығармашылық көзқарасын
таныстырып өткенді жөн көрдік. 
Иә, М.Х.
Дулати аса діндар адам ретінде ислам дінінің сопылық бағытына 
басымдық беретіндігі анық. М.Х.Дулати «Тарих
-
и Рашиди» еңбегінің 
құрылымын және жазу ерекшелігін айта отыра, былай деп толғанады: 
«...Кітаптың
басында осы таңдаулы адамдардың (сопылардың) әңгімелері 
бірнеше рет келтірілді.
Оны тағы да қайталайтын боламыз, онсыз біздің 
кітабымыздың не
қадір
-
қасиеті болар дейсіз» [2.
436 
б.]. Еңбектің келесі бетінде 
ол өзінің сопылыққа деген қатынасын анық та айқын көрсетеді: «Демек мен 
пақыр олардың санатында бола алмадым, сондықтан оларды еске алушылар 
59 


қатарында
боламын. Мен тек қана осы таңдаулы сопылардың атын жазып, тілге 
тиек етіп отырамын, осыған да ризамын, 
– 
өлең: 
Менің үшін
бақыт қой бір жолығу сенімен,
Жолықпасам, көрсем деп, қиялға еріп, елігем.
Бұйырмаса кездесу, таң болмайды бұл таң,
Атыңды айтып ішімнен, өзімді өзім жұбатам» [2.
437 
б.
]. 
Дулати философиялық ойлы ғұлама бола отыра, сопылық
ілімін сыни 
көзбен қабылдады. Бұл тарихи дәуірде сопылық ілімі өзінің шарықтау кезеңінен 
өткен
болатын. Сонымен қатар, ойшылда өзіндік мақсаттың болғандығын
айтқан жөн болар. Бұл мақсатты М.Х.Дулати өзінің уақыты мен кеңістігіндегі 
ахуалдан алып отыр.
Сопылық идеологиялық жүйе ретінде әр
түрлі
бағыттар арқылы көрінді. 
Егер зерттеушілер сопылық ілімінің дүниеге келуін VII ғасырдың соңы мен IX 
ғасырдың
басымен белгілесе, ал одан кешірек онда үш бағыт қалыптасты, олар: 
шекті сопылық, орташа сопылық және діни дұрыс сопылық. «Тарих
-
и Рашиди» 
еңбегінің мазмұнымен таныса отыра, М.Х.Дулати орташа сопылыққа жақындау 
тұр
деген тұжырымға келдік. Ол Ясауилардың шекті сопылығымен, яғни 
олардың жер өмірінен, әлеуметтік мұқтаждықтардан толық бас тарту талабымен 
келіспеушілігін көрсетеді. Сонымен қатар, М.Х.Дулатидің
«Тарих
-
и Рашиди» 
еңбегінің практикалық мақсаттарын атап өткен жөн. Ол адамдарды қалай «дұрыс 
өмір
сүруге» үйрететін тәлім
-
тәрбие құралы ретінде қалыптасуын көздеді. Осы 
мақсатта «қалаулы сопылардың» нақыл сөздері қажет еді. Міне осы жерде, 
сопылардың этикалық
-
философиялық нұсқауларында,
Қ.А.Ясауи мен 
М.Х.Дулатидің
идеяларының рухани үндестігін көреміз. Бұл мәселе, біздің 
ойымызша, М.Х.Дулатидің
шығармашылығын зерттеудің тағы да бір бағыты 
болмақ. 
 
Қожа
Ахмет дүниетанымының мәні 
– 
«адамның өзін
-
өзі тануы» арқылы 
«Хақты тануы». Бұл жолдың алғашқы мақамы (басқышы) 
– «
тәуба», соңғысы 
«
құлдық
» 
(убудийат, абд). Бұл жолдағы адам «жаратылған 
– 
мен» екендігінің 
ақиқатына, жаратылыс сырына көзі жеткенде, өзінің адамдық парызы 
– 
«Алла 
мен адамның және адам мен қоғамның» арасында «көпір

жол» болу екендігін 
ұғынады
[3]. Ясауи ілімінің мәні, философиясының өзегі 
– 
адам, адамның 
«кемелдікке» жету жолы.
М.Х.Дулатидің
ой
толғауы
да
осы
бағытта
өрбіп,
адамның
мейірімсіз,
қатыгез

безбүйрек
болмау
керектігін,
керісінше
ақылды,
парасатты,
әділ
болуын
ескертеді.
Бұл
идеялары
мына
өлең
жолдарында
жақсы
келтірген:
«Парасатты,
тектінің,
ақылдының,
әділдің,
Бүкіл
байлық
солардың
қалтасынан
табылды.
Деген
күннің
өзінде
тамшы
қғана
татымас,
Болмау
керек
безбүйрек,
болмау
керек
қатыбас»,
- [2.134 
б.
]. 
Алла қабылдайтын, әміршілер мен қарапайым адам ұстанымы болатын 
жақсылық істерінің
қажеттілік
талабы 
– 
М.Х.
Дулатидің «Тарих
-
и Рашиди» және 
Қ.А.Ясауидің
«Диуани хикмет» еңбектері мазмұнының өзегі болып табылады. 
«Тарих
-
и Рашиди» еңбегінде орын алған
М.Х.
Дулатидің этикалық 
көзқарастары басты жағдайда сопылық ілімінің аумағында қалыптасқан.
Ол 
60 


Ясауи сияқты жанның Алламен қарым
-
қатынас құруы өз «Менінен» ажырау 
арқылы іске асады деп есептеді.
Осы жерде ол исламның екі қарама
-
қарсы, 
материалдық және руханилық бастаулары туралы іліміне жүгінеді. М.Х.Дулати 
бұл бастаулардың мұдделері мен мақсаттары, жалпы алғанда, бітімгершілікке 
келе алады деп тұжырымдады. Руханилық бастауларының мақсаттарына жету 
үшін тән қажеттіліктерінен арылу қажет. «Думаншыл және сауыққұмар адамдар 
қорланып, орнынан тұра алмастай жаншылды. Қадірменді ғалымдар, игі істер 
тобы және сондай
-
ақ жақсы адамдар Алланың шексіз мейірімділігін уағыздауға 
кірісті»
, – 
деп жазды М.Х.Дулати
[2.409 
б.
].
Бірақ оған сопылардың шекті аскетизмі мен мистицизмі жат. Шекті сопылар 
соңғы мақсат ретінде барлық өмір қызығынан бас тарта отыра,адам жанының 
Алламен мистикалық бірігуі деп тұжырымдады.
М.Х.
Дулатидің
пайымдауынша 
«Алламен қауышу»жолы 
– 
ой мен сөздің тазалығы: «...жүрек, тіл және тамақ таза 
болуы керек» 
[2-
444], «жүректі Алладан басқаның бәрінен сақтау, сөйтіп бөгде 
нәрсе жүрекке ешқашанда жол таба алмайтындай болуы керек» [2.
448 
б.]. М.Х.
Дулати сопылар сияқты кедейлік кемістік емес, ол керісінше, мәңгілікке, о
дүниедегі жұмақ өміріне кірер есік деп түсінді. «Хақ тағала жауап айтты: Мына 
досымның қайыры кедейлікте. Егер ауқатты адамға айналдырар болсам, оның 
көңілі бұзақылыққа бұрылады» [2.
448-449 
б.б.]. «Жоқшылықта өмір сүріп 
жатқан пенделерім масайраған пенделерімнен тәуірлеу». Ауқаттылық та қажет

ол өмірді қамтамасыз етеді. «Пенде қалай да дүние байлық, күмісің бар, алтыны 
бар һәм басқасын тіршілік (нәпаха) үшін пайдаланатынын білуі керек. Осы 
тұрғыдан оның дирһем мен динарға сүйіспеншілігі бір шекте зияны жоқ» [2. 
449
б.]. «Дүниелік және мемлекеттік істер» Алламен бірігуде кедергі бола 
алмайды.Тәрбиеші мемлекеттік істерден бас тартып, дәруіштер жолына бет 
бұрмақ болған ханға кеңес береді: 
«Тағыңа отыр
сұлтандық, тұлпарыңа мін өзің.
Дәруіштей биязы болғай бірақ мінезің».
«Патша бір ауыз сөз жарлығымен игі іске лайықты құрметін жасайды... 
Сондықтан

патшалық тақта отырғанда бұл мақсатқа тезірек қол жеткізуге 
болады... Мұның өзі дәруіштік және тақуалық үшін міндетті нәрсе» [2. 
411
б.
]. 
Жоғарыда айтылғандар біз үшін өнегелілік
пен пайдалылықтың аз ғана бөлігі. 
«Тарих
-
и Рашидидің» рухани потенциалы
– 
таусылмас қазына.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет