Республикасының білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет23/47
Дата07.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#85628
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47
Байланысты:
Yassaui i Dulati

 
 
Әдебиет
 
 
1.
Н.Ә.Назарбаев Тарих толқынында. Алматы: Атамұра. 1999.
2.
Қалиекова М. Мұхаммед Хайдар Дулати. Өмірі мен шығармашылығы. 
Монография. Алматы: Атамұра, 2010. 
– 
176 б.
3.
Дулати М.Х. Тарих
-
и Рашиди: әдеби
-
мемуарлық шығарма / ауд. Мұхтар 
Қазыбек, Әбсаттар Нұралиев. 
– 
Алматы: «Мирас» баспасы, 2015. 
– 
768 б.
64 


ӘОЖ
:821.512.122:82-342 
«ТАРИХ
-
И РАШИДИ» ЕҢБЕГІНДЕГІ ҚАЗАҚ
 
ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ 
 
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ
 
 
Иманбекова Г.М.
 
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 
«Дулатитану» ғылыми
-
зерттеу орталығының ғылыми қызметкері
Жұманова А.Ә.
 
№2 Мыңбұлақ орта мектебі, Жуалы ауданы
 
Көшпенділер өркениетінің өрлеп дамуын бірінші рет теориялық, тарихи 
тұрғыда дәлелдеген, рулық одақтардан мемлекеттік дәрежеге дейін көтерілген 
ғылымның, дипломатияның, мәдениеттің, ауыл шаруашылығының, әскери соғыс 
өнерінің
дамуын қалыптастырған Азия даласындағы халықтардың тарихын
зерттеуші Мұхаммед Хайдар Дулати болды. Орта Азиядағы өтіп
жатқан тарихи 
жағдайлар мен өзгерістер көршілес елдердегі әлемдік тарихи оқиғалармен 
сабақтастырыла зерттелді.
Қазақ
елінің атақты тарихшысы М.Қозыбаев ұлы бабамыздың «Тарих
-
и
Рашиди» кітабына: «Тарих 
– 
ата
-
бабаларымыздың дүниетанымы, адамзат бұл 
ғылымды
оқиды, оған сүйенеді, тарихты ғылыми обьективтік, диалектикалық 
байланыстағы салыстырмалы кешенді, концептуальды зерттеу принциптерінің
негізін қалаған тарихшы [5,10б.], 
– 
деп әділ баға беруі еңбегінің дәлелі.
Қазіргі
уақытта отандық және шетелдік тарихшы ғалымдар ұлы бабамыздың 
еңбектерін тарихи төлқұжат
есебінде зерттеп, өздерінің
ғылыми жұмыстарында 
басшылыққа алып жұмыс жүргізіп жатыр.
М.Х. Дулати өзі туған Отанынан тысқары жерде жүріп билік құрса да, елі мен 
жеріне деген сүйіспеншілігін жоғалтқан жоқ. Сондықтан Кашмирде саяси билік 
құрған
кезеңінде парсы тілінде 1541
-
1546 жылдары «Тарих
-
и Рашиди» атты 
Орталық Азия халықтарының ХІІІ
-
ХVІ
-
шы ғасырлардағы тарихы, ауыл 
шаруашылығы, өнеркәсібі, соғыс өнері, этнографиясы мен географиясы, әдебиеті 
мен мәдениеті жайлы белгілі классикалық тарихи шығармасын жазды.
«Тарих
-
и Рашиди» еңбегіндегі қазақ
хандығының құрылуы мен қалыптасу 
кезеңінің деректері, құжаттары қандай құнды
болса, осымен бірге қабаттаса өрбіп
жатқан, Дешті Қыпшақ, Алтын Орда Шағатай ұлысы, Моғолстан мемлекеттерінің 
құлдырауы
мен құлауының
себептерін оқып үйрену тарих үшін маңызды. Адамзат 
баласына әр
уақытта тарихтан тағлым алып, өнеге
іздеп, құрметтеп оқып үйренуіміз 
керек.
Қолжазба
еңбегі екі зерттеу дәптерден тұрады. Бұл 
– 
түркі халықтары 
тарихының басты дерек көзі, мемуарлық шығарма. Екінші кітап көлемі жағынан 
біріншіден төрт еседей үлкен. Тарихи және естелік бөлімдерден тұрады, екеуінің 
мазмұны бір 
– 
бірімен тығыз байланысты, Осы еңбектің бірінші дәптерінде 
ортағасырдағы Қазақ хандығының құрылуы,оның дамып, өркендеуі, қазақ 
халқының тұрмысы, сауда қарым
-
қатынасы, мемлекет басқару ісі, соғыс өнері 
туралы көп тарихи мәліметтер жазылған. Екінші еңбекте көп деректер берілген. 
65 


Дәптердің 33
-
тарауы «Қазақтар мен олардың сұлтандарының өмірінің ерекшелігі; 
оларға бұл атаудың берілу себебі және олардың істерінің, тірлігінің
өмірбаяны» 
деп жазылды. Онда XV ғасырда «Өзбек Ұлысында алауыздық дүрбелең пайда 
болды» деп сипатталды. Тарихшы ғалым өз ойын былай деп қорытындылайды: 
«Әркім өз қадірінше тыныштық, қауіпсіз өмір сүруді мақсат тұтып, Керей хан мен
Жәнібек ханды паналады, олардың тобы нығая бастады. Алғашында
жұрттан
оқшауланып, іргесін аулақтап, қонарын сай, ұшарын жел біліп, кезбе тіршілікке
көшті, сондықтан оларды қазақтар /қашақтар/ деп атады[3,348б.]. Бұл сөз олардың 
есіміне айналды.«Қазақ» терминінің шығу мәніне осындай мағына беріп, 
түсіндіруі арқылы, ежелгі дәуірде қазақтардың көшпенді халық болғанына көз
жеткіземіз. Ғалым ертедегі замандарда шығысқа қарай скиф, сармат,
массагет, сақ, 
болып әр жерде тұрақтанып, кейін ғұн, үйсін, қаңлы, түрік, оғыз, қыпшақ, маңғұл 
болып шығыстан батысқа қарай көшкен көшпенді тайпалардың жолындағы 
құнарлы, бай өлкедегі
тарихи оқиғалардың мазмұнын баяндайды.
М.Х.Дулатидің еңбегінде XV
-
XVI ғғ қазақ хандығы тарихының құрылу кезеңі 
туралы көп тарихи мәліметтер берілген. Қазақ хандығы дәуірі XV ғасырдың 
ортасында қазақ хандығының құрылған кезінен басталып, XIX ғасырдың бірінші 
ширегінде Қазақстанда хандық биліктің құлауымен аяқталды. Осы тарихи кезеңде 
қазақ
елінің құрылуы мен өркендеуі, уақытша әлсіреген кезі, қайтадан тарихи өрлеу 
дәуіріне өткен кезеңдері сипатталады. Қазақ хандығының алғашқы бір ғасыр бойы 
жазылған тарихын Тарих
-
и Рашидидегі маңызды тарихи құжаттарын бір
де бір 
ортағасырлық еңбек ауыстырмайды. Өйткені бұл кезең туралы тек қана 
М.Х.Дулати бабамыз ғана жазған. XV
-
XVI ғасырлардағы Қазақ хандығының өмір 
сүру кезеңіне арналған басты тарихи мәліметтер осы еңбекте жазылған. 
1) Тұңғыш Қазақ хандығының құрылуы: ә)
XVғ 40
-
60жж Дешті қыпшақ 
еліндегі саяси жағдай. б)
Моғолстан елінің тұрмыс
-
шаруашылық өмірі, в)
Керей 
мен Жәнібек хандардың Шу бойында хандық құруы туралы;
2) XVI ғ. басындағы Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы және Қасым хан 
тұсындағы қазақ хандығына сипаттама;
3) XVI ғ. Қазақ
-
моғол, қазақ
-
өзбек қатынастары жөнінде;
4) XV-
XVI ғ Қазақ хандығының әлсіреуі мен күшеюі жөнінде; және осы 
сияқты көп мәселелерге деректер табуға болады.
Зерттеу еңбегінде Қазақ хандығының құрылу тарихында көп еңбек сіңірген 
атақты адамдар: Керей мен Жәнібек, Әбілқайыр, Есен
-
Бұға, Жүніс хандар, Әбу 
Сайд мырза, Үз
-
Темір тайша секілді тарихи тұлғалар сипатталады. «Тарих
-
и 
Рашидидің» екі дәптерінде тарихшы Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайыр 
ханнан бөлініп, Моғолстанның батысына көшіп келуі туралы жазылған. Келесі 33
-
ші тарауда Мұхаммед Хайдар Дулати XV
-XV
I ғғ. Қазақ хандығының қысқаша 
саяси тарихына арнайы түрде тоқталып өтеді. Баяндаудың тарихи хронологиясына 
Керей мен Жәнібектің Әбілқайыр ханнан бөлініп, 1537 жылғы кезіне дейінгі 
аралық жатады. 1546 ж. жазылған «Тарих
-
и Рашидидің» бірінші кітабында 
хандықтың құрылу процесін баяндайды. Бірінші кітаптың 39
-
тарауында автор 
Есен
-
Бұға хан тұсындағы жағдайларды, атап айтсақ, әмірлердің оған қарсылығын, 
Мәуреннахр билеушісі Сұлтан Әбу Сайд Мырзамен Есен
-
Бұға ханның қарым
-
қатынасын

және Керей мен Жәнібек хандардың Есен
-
Бұға тұсында Моғолстанға
66 


келуін жазып өтеді. Бұл тараудағы Керей мен
Жәнібек хандардың Моғолстанға 
келуі жөніндегі мәліметтер 
– 
Есен
-
Бұға хан тұсында Моғолстанда болған ірі тарихи 
өзгерістерді
немесе күрделі оқиғаларды көрсету үшін пайдаланылған. «Тарих
-
и 
Рашидиде» XV ғасырдың 40
-
50 жылдарындағы Дешті Қыпшақтағы Әбілқайыр 
хандығының, Мәуереннахрдағы темірлік әулет билеушілерінің және олардың 
Моғолстан ханы Есен
-
Бұғамен саяси қарым
-
қатынасының жазылуы өте керек 
құжат
.
Моғолстан жеке мемлекет болып қалыптасқаннан кейін,
оның дамуына Тараз 
қаласымен
қоса

Жетісуды мекен еткен ұлыстар қатысты. 1348 жылы Болат 
әміршілерінің
қолдауымен оның тағына Тоғылық
-
Темір отырды. «Тарих
-
и 
Рашидиде» моғол үстемдігіне қараған халықтың тұрмысы мен тарихы, әлеуметтік 
жағдайлары нақты суреттелген. Әбілқайыр ханның билігінен бөлініп шыққан 
халықтардың бастапқы тіршілігі, Жәнібек хан мен
Керей сұлтанның
басшылығымен ірге тасы қалана бастаған Қазақ
хандығы жайлы айқын жазылған.
XV ғасырда қазақ
халқының Өзбек ұлысынан
Әбілхайыр ханнан өз іргесін 
аулақ салып

Керей мен Жәнібектің бастауымен Моғолстанның Шу өзені 
бойындағы Қозыбасы
тауына көшіп келіп, ту тігуі Қазақ хандығының құрылу
процесіндегі ең басты оқиға болып саналады
Екі
ханның Әбілқайыр хандығынан бөлінуі «көшпелі өзбектер» еліндегі ішкі 
қайшылықты
дамудың салдары болды. Орналасып бөлінудің нәтижесінде пайда 
болған маңызды салдардың біріне тарихшы Т.И.Сұлтанов «Керей мен Жәнібектің» 
жанындағыларға «өзбек
-
қазақ» немесе «қазақ» атауының танылғанын жазады» 
[4,238б.]. Этникалық сипаттағы салдарға
-
бұрынғы
Шағатай Ұлысы 
территориясының бір бөлігінде Жошы ұрпақтары билігінің қалыптасуын

немесе 
Жаңа билеуші әулеттің өмірге келуін
айтамыз. Жаңа әулет, ол
-
Қазақ хандарының 
әулеті. XVII ғасыр тарихшысы Мұхаммед ибн Уәли алғашқы қазақ ханы деп 
Керейді айтады [5,353б]. Қазақ
хандығының ішкі және сыртқы саясаты жөнінде 
aлғашқы жылдардағы мәліметтер ешбір жазба деректерде жоқ. Моғолстанның 
құрамында
болғандықтан, оның экономикалық жағдайын, тұрмыс тіршілігін оның 
тарихына қатысты деректер арқылы анықтауға болады. Ғалымның еңбегінде жазып 
көрсеткендей: «Моғолстан гүлденген уақытында ғалымдары мен дарынды кісілері 
көп болған. Сірә, олар тарихтан басқа шығармалар да жазған.
Моғолстанда 
көптеген қалалар болған,табиғаты өте көркем сұлу өлкелерден тұрған,
қазба
байлығы мол болған»,
– 
деп құнды мәлімет қалдырған [1,403б.].
Қазақ
хандығының құрылуының
бірінші кезеңі барысындағы Әбілхайыр 
ханның билігінен бөлініп шыққан халықтардың бастапқы тіршілігі, Жәнібек хан 
мен Керей сұлтанның 
басшылығымен іргетасы қалана
бастаған Қазақ
хандығы 
жайлы айқын жазылған. Керей мен Жәнібек бұл жылдары «өзбек
-
қазақтардың» 
билеушілері болғанымен, сыртқы саясатта, Жүніс ханға, Әбу Сайд Мырзаға 
қатысты
саясатта дербес бағыт ұстанатын күш жеткіліксіз болатын. Сондықтан да 
бұл жағдайды біз, яғни 1458
-
1461 жылдар аралығын
– 
Моғолстанның саяси 
иелігіндегі Қазақ хандығы дейміз.
Қазақ
хандығының құрылуындағы
екінші кезең 
– 
1461 жылдан, яғни Есен
-
Бұға хан қайтыс болғаннан кейін есептеледі. Есен
-
Бұға ханнан соң билікке, оның 
ұлы
Дос
-
Мұхаммед отырады. Он жеті жасында хан болып, 1468 жылы, жиырма 
67 


төрт жасында ауырып қайтыс болады. «Тарих
-
и Рашиди» авторы оның жеке басы 
мен қасиеттері жөнінде «Бұл жеткіншек ақылды адамдар санатына кірмеді, оның 
көптеген әрекеттерін ақылмен жасады деуге болмайды, тіпті ол бір мезет те сау 
жүрмеді
», – 
деп жазады. Дос Мұхаммед хан тұсында Моғолстанның саяси өмірінде 
де өзгерістер
болады.
Қазақ
хандығының құрылу барысындағы үшінші кезеңге
1468-
69 жылы 
Әбілхайыр
ханның қайтыс
болған кезі мен 1470 жылдардың басында оның 
ұрпақтарының
билігінің Дешті Қыпшақта жойылуы аралығы жатады.
Үшінші
кезеңге жататын тарихи оқиғаларды Мұхаммед Хайдар Дулати нақты
сипаттайды: «Әбілхайыр хан қайтыс
болғаннан кейін өзбек ұлысы бір
-
бірімен 
шайқасып, араларында үлкен келіспеушілік туды. Әркім
өзінің қауіпсіздігі
мен 
тыныштығы үшін Керей хан мен Жәнібек хандарды пана тұтты, сөйтіп олар күшейе 
түсті, «олардың саны екі жүз мыңға жетті», оларды өзбек
-
қазақ

деп нақтылайды 
[1,110б.]. Қазақ хандығының қалыптасуының соңғы кезеңіндегі басты оқиғаға 
Дешті Қыпшақ билеушісі Әбілхайыр ханның 1468
-
69 жылы, Моғолстан ханы Дос
-
Мұхаммед ханның 1468 жылы қайтыс болуы жатады. Қазақ хандығы тарихының 
құрылу
кезеңдерін үшке бөліп, жүйелеуге болады. 
1-
ші кезең: 1458
-1461 
жылдар 
– 
алғашқы кезең, Шу бойына көшіп келіп, белгілі бір территорияны 
қоныстанудан
Есен
-
Бұға қайтыс болғанға дейінгі аралық, 2
-
ші кезең. 
1461-1468 
жылдар
– 
екінші кезең, Дос
-
Мұхаммед ханның билікке келген жылынан оның
және 
Әбілхайыр
ханның қайтыс болғанына дейінгі аралық; 3
-
ші кезең: 1468
-1472 
жылдар 
– 
соңғы кезең, «Көшпелі өзбектер» ұлысындағы ыдыраушылықтан Дешті 
Қыпшақта
Қазақ
хандығы билігінің жеңіске жеткеніне дейінгі аралық. Алғашқы 
кезеңнің басты ерекшелігіне 
– 
қазақ елінің құрылу тарихы болса, екінші кезенінің 
ерекшелігіне 

хандықтың
өрлеу даму жолын айқындай бастауы, ал үшінші 
қорытынды
кезеңнің
ерекшелігіне 
– 
қазақ хандығының құрылуының
аяқталу 
процесі жатады.
«Қазақ хандығында сұлтандардың алғаш билік жүргізуінің басы 870
ж. (1465
-
1466 
жж) басталады,
құрылуы 1465 жыл
деп белгіленген. Керей ханнан соң таққа 
Мұрындық, одан соң Жәнібектің ұлы
Қасым хан басқарып, Дешті
-
Қыпшақ 
сахарасын толық биледі. Оның әскерінің саны мың 

мыңдаған адам еді. Жошы 
ханнан кейін ол жұртта одан ұлы хан болған емес. Бабамыз М.Х.Дулати еңбегінде 
былай дейді

«Күллі Дешті
-
Қыпшақтағы бүкіл билік Қасым ханның қолына көшті, 
бұл өңірде
Жошы ханнан кейін нақты Қасым
хандай құдыретті ешкім болған жоқ». 
Қасым
ханнан кейін оның ұлы Мамаш хан биледі, одан соң немересі Тахир хан 
биледі, кейін оның бауыры Бұйдаш хан билікті қолға алды. Қазақтар Бұйдаш хан 
кезінде жиырма мың болып қалған еді [1,111б.].
Тарих қойнауына терең көз жүгірте отырып, ортағасырдағы іргесі қаланған 
қазақ
хандығының саяси жағдайының бірнеше рет өзгеріске түскенін көреміз. Ата
-
бабамыз болашақ ұрпағы
үшін ұлан байтақ жерді қасық қаны қалғанша қорғаған, 
ұлтымыз
бен байлығымызды, тарихымызды сақтап қалған. Алғашқы қазақ елінің
хандары Керей мен Жәнібек бірінші болып, қазақ хандығын құрып, өркендеуі мен 
нығаюына барынша күш жігерін жұмсады, тарихтың беттеріне аттары алтын 
әріппен
жазылып, қалдырылды.
68 


Бірнеше ғасырлар
бойы азаттық, бостандық үшін жан аямай күрескен
бабаларымыздың аңсаған арманы егемендігі мен
тәуелсіздігімізді қазақ халқы 1991 
жылы ғана алдық. Тарихи тағылым ұсына алар ұлы ғалымымыздың
ғылыми еңбегі 
мен қызметіне, әдеби жәдігерлеріне үлкен жауапкершілікпен қарау

бүгінгі 
ұрпақтың
парызы. Қазақтың Геродоты атанған М.Х.Дулатидің «Тарих
-
и Рашиди» 
еңбегін зерттеу арқылы тұңғыш қазақ хандығының құрылу тарихымен және қазақ 
хандарының ел билеудегі саясаты жөнінде нақты тарихи және деректемелік 
құжаттамаларды
бізге жеткізуші ғұлама ғалым, ірі қоғам қайраткері, тарихшы, 
колбасшы, дипломат ұлы бабамыз» екендігін ұғындыру, дүние жүзілік мәдениеттің 
негізгі бөлігі ретінде қазақ халқының
өсу
тарихы мен өркениетін көрсетеді. Қазақ 
ұлты
өзінің тарихы мен мәдениетін ғасырлар бойы сақтап,
ұрпақтарға
қаз
-
қалпында 
жеткізіп отыр.
Қазiргi таңда әлемдегi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мүшелiгiне енген 200 
мемлекеттің қатарында, экономикасы мен мәдениеті қарыштап дамып келе жатқан 
мемлекеттiң бiрi Қазақстан Республикасы. Тәуелсiз Қазақстан мeмлекeтiнiң басты 
мақсаты
-
бейбітшілікті сақтау. Мәңгiлiк Eл 
– 
ата
-
бабаларымыздың сан мың жылдан 
бергi арманы.
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан 2050» Стратегиясын мемлекетiмiздiң 
Мәңгiлiк Ел болу идеясын
ұрпақтар
сабақтастығының көрiнiсiне теңей отырып, 
бабаларымыздың батырлығы мен жасампаз еңбектері ұрпақтардың патриоттық 
тәрбие беру ісінде тарихи жалғасын тауып байланысып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет