Қыдыршаев indd


Орыс халқының мақал-мәтелдері



Pdf көрінісі
бет61/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

Орыс халқының мақал-мәтелдері
Ақылды сөзді алпыс рет айтсаң да, ағаттық жоқ.
Жақсылық жайында жасқанбай сөйле.
Ақымақ ойбай салар, ақылды ойға шомар.
Қарғаның ортасына түссең, қарқылда.
Ұстара тырнайды,
Өткір сөз турайды.
Адал сөз - әшекей емес, ақиқат.
Тіл жетпейтін түкпір жоқ.
Ұлы іске ұлағатты сөз керек.
Бағалы сөз балдай жұғады.
ойламай сөйлеу – көздемей мылтық атумен бірдей.
Сөйлеген егеді, тыңдаған орады.
Әрі қысқа, әрі саз,
Тыңдаған жұрттың бәрі мәз.
Жылы сөзбен жарлы байыр.
Ми ойлағанды, тіл тындырады.
Ақылды атанбайды көп сөйлеген,
Ақылды – сөз үнемдеп, дөп сөйлеген.
Уақыт жасалғанды күйретер,
Тіл жасалғанды күл етер.
Кемеңгер сөзге кепілдің керегі жоқ.
Бақырып сөйлегеннің сөзі 
Естілер де қалар, 
Ақылды сөйлегеннің сөзі
Көкейге кеп қонар.
Бұра сөйлеме, тура сөйле.
Мейірлі сөз кезінде
Жуасытар шу асаудың өзін де.
Аяң сөзді лаң да бір,
Гүл астындағы жылан да бір.
Қызыл тіл Киевке де жеткізер.
Жас қартайғанда тіс мұқыл да, тіл өткір.
Сүйкімді сөз сүйек балқытар.
Тілімен тың айырғандай.
Өрнекті сөз әркез орынды.
дөп айтылған сөздің өтімі көп.
Адал сөз - әшекей емес, ақиқат.
Көп жауын жерді бүлдіреді,
Көп сөз ерді бүлдіреді.
Ақылды сөзді ақымақ та аңдайды.
Былжыр сөзге бітеу құлақ.
ойың ұшқыр болса, ісің ұшқыр.
Әділ сөз асауды да ауыздықтайды,
дөп сөз – ашуға дәру.
Жіптің ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.


200
201
Қатқыл сөз кәр шақырар.
Тіл еркелетеді де, желкелетеді де.
Көпірме сөз сапқа тұрса,
Шындық қатардан шығады.
Сөз де ара сияқты:
Балы да бар, зәрі де бар.
Аяқтан сүрінсең, сүрін, тілден сүрінбе.
Ұшқан сөз торғай емес, қармай алмайсың.
Есекті құлағынан, аюды тырнағынан, топасты сөзінен таниды.
Айтқыштың сөзі – атқыштың оғы.
Қайырымды сөз қанаттандырар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет