Араб халқының мақал-мәтелдері
Ессіздің ділі – тілі,
Естінің тілі – ділі.
Тәтті сөз қатты таяқты қақ бөлер.
Үндемегеннің өзі де жауап.
Тіл үйірер сөз болса,
Тыңдаушы құлақ кез болар.
Аталы сөз айтпастың аузы жабылмас.
Тіл – тіліп түсер наркескен,
Сөз – өткір жебе тау тескен.
Қымбат сөз қысқа қайырылар.
Шешендік өнерің болса, туған топырағыңда бүр жарсын.
Шешеннің шәкірті де шешен.
Өзіңе күмәнді сөзді өзгеге сездірме.
Азербайжан халқының мақал-мәтелдері
Өгіз мүйізінен тұтылар,
Адам сөзінен тұтылар.
Ақылды ақырын сөйлер.
Уақытында айтылған сөз – уытты сөз.
олақ өзгеге сенсе,
Өнерлі шешен өзіне сенеді.
Қаламның ұшында найзаның сұсы бар.
Сөйлесем, тілім сыздайды,
Айтпасам, ділім сыздайды.
Көз көру үшін, ой білу үшін.
Армян халқының мақал-мәтелдері
Бүгінгі сөз – ертеңгінің көпірі.
дүниені бүтіндейтін де – сөз, бүлдіретін де – сөз.
Бұлталақсыз сөйлейтіннің бөркі һәмәнде тесік.
Алдымен сөйлеген ақырғы сөйлейтіннің не ойы
барын білмейді.
Кінәлінің тілі қысқа.
Шарап ішкен шалқып сөйлейді.
Достарыңызбен бөлісу: |