170
171
Ақылды сөйлеу – қиынның қиыны, ақыл безбеніне салып
үндемей қалу одан да қиын.
Боуви
Мәнді
ештеңе айтпағаннан, үндемеген артық.
А.Ф.Кони
Есті адам тілін тия алады, бірақ ойын тия алмайды.
Шәкәрім
Адамдар қалай сөйлеуді үйренумен әуре болып жүр, басты
ғылым қалай және қашан үндемеу.
Л.Н.Толстой
Бойда – қайрат, ойда – көз,
Болмаған соң, айтпа сөз.
Абай
Білмей шалқып сөйлеуден,
Сөйлемей тұру бес артық.
Н.Наушабаев
Жақсы әңгімелесуші болудың бір ғана тәсілі бар, ол – тыңдай
білу.
К.Марли
Тыңдай білуге үйренсеңіз, тіпті нашар сөйлейтіндердің өзінен
де пайда табасыз.
Плутарх
Тыңдауға –алғашқы, ал сөйлеу қажет болғанда – соңғы бол.
Э.Капиев
Үндемеуден ұялған, саналмайды ұяңнан.
М.Әлімбаев
Өзінің тіліне күші жетпеген адамның сөзінде шынайы шындық
болмайды.
М.Ганди
Тіліне шамасы келмегеннің беделі болмайды.
Ә.Науаи
Саулық тілеп, табыс күтсең ісіңнен,
Жарамайтын сөз шығарма тісіңнен.
Ж.Баласағұни
орынсыз айтылған артық сөз опық жегізеді.
Егер сөйлеген
сөзіңнен бір нәрсенің пайдалы иісі сезіліп тұрмаса, ондай сөздің
айтылмағаны жақсы.
Кабус
Сөзге тоқтау – қарсыластың шешендігі.
Б.М.Теплов
Көп тыңдап, көп сөйлеме, көріп отыр.
Сөзіңді білімменен өріп отыр.
Ж.Баласағұни
Көп сөйлесең, «езбесің»
деп жек көрер,
Сөйлемесең, «мылқау» екен деп сөгер.
Бұлай болса, тең ортасы – керегің,
Тілге ұстамды болсаң, өсер беделің.
Ж.Баласағұни
отыз тістен шыққан сөз барлық ордаға жайылар.
Қорқыт
ойсызға айтқан сөзден,
ойлыға айтқан сөз дұрыс.
Айтылмай қалған сөзден,
Айтылып қалған сөз дұрыс.
Сөйлемес
жерді білсең,
Сөйлемес жерде сөйлемей қалуды білсең,
Бәрінен де сол дұрыс.
Бөлтірік шешен
Түзу сөзге келгенде тіл тартпағын,
Қыңыр сөзді жасыр, текке лақпағын.
Ж.Баласағұни
172
173
Үндемей тұрған
адамның өнері де білінбейді, кемшілігі де
көрінбейді.
С.Сарайи
Тыңдай білу – ұлылық,
Тыңдата білу – даналық.
Қадыр Мырза Әли
Жақсы сұхбатшы болудың бір ғана тәсілі бар, ол – тыңдай білу.
К.Морлий
Тыңдалмаса
ықыласпен,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім.
Төле би
Ықылассыз тыңдаушыға сөз айтқаннан тыныш отырған мақұл.
«
Кабуснамадан»
Айтылмаған сөздерің – саф алтындай,
Тістен шықса – қалар бақыр қалпында-ай.
Ж.Баласағұни
Тіліңді, тәбетіңді, нәпсіңді тыйып ұста.
Анахарсис
Сөйлей білу – жақсы ғой, бірақ үндемеген – одан да жақсы.
Т.Карлейль
Көп адам жақсы нәрселер айта алады, бірақ тыңдай білетіндер
тым аз, өйткені бұл үшін ақылдың күші қажет.
Э.Хоу
Ақылды болғың келсе, орнымен сұрауға, көңіл қойып тыңдауға,
байсалды түрде жауап беруге және басқа айтар ештеңең жоқ кезде
сөйлеуді доғаруды үйрен.
И.Лафатер
Қуантар болсаң – асық, мұңайтар болсаң – сабыр тұт.
М.Қашқари
Егер айтпағаныңа бір рет өкінер болсаң, үнсіз қамалғаныңа жүз
рет өкінерсің.
Л.Н.Толстой
ойлану
кейде наркескен,
Жүректі сара тіледі.
І.Жансүгіров
Ақылы шамалы адам жақынын жек көретінін де жария ете
береді, ал ақылды адам бұл жөнінде тіс жармайды.
Соломон
Нақақ жабылған жалаға қарсы ең үздік жауап - оған үнсіз жи
-
рене қарау.
Энгель
Достарыңызбен бөлісу: