158
159
жан-жақты жеткізетін құдіретті мүше. ойлы сөйлеп,
мәнерлі
жеткізуде дауыстан кейінгі орынды бет-жүз алмақ, ал ол көз арқылы
көріктенбек.
Цицерон
Әр тілдің өз ырғағы бар.
Б.Момышұлы
орынды мысқыл – оқтан да өткір.
Б.Момышұлы
Жүрек пен рухтың қуат-күші – адамдарды ділмар ететін
құдірет.
Квинтилиан
Босқа күле беру – диуаналық, сабырмен аз күлу – саясат
көрсетудің белгісі.
П.Берглар
Неге болсын кісімсіп, күле қарайтындар да, неге болсын көңілі
толмай жүретіндер де – бірдей ақымақ.
Н.Рерих
Нені болсын мәніне емес, сәніне қарап бағалайды: көзің күліп
тұрса, шын сөйлегеніңнен не пайда.
А.Камю
Жұртпен сөйлескенде шыныдай шытынап тұрмағайсың, әсіресе,
достарыңмен араластықта.
Эпиктет
Арыла алмасаң, арзан әзіл де қарабет қайғыңа айналады.
М.Зейме
Өткір қалжың түріндегі кеңес аса
білімпаздық бейнесіндегі
өсиеттен өтімді.
Т.Карлейль
Тобырда бас көп болады: яғни, сұқ көздер мен сұғанақ тілдер де
көп деген сөз.
Д.Мур
Жүзіне қарама, өнеріне қара.
М.Қашқари
Жанның ішкі дүниесі жүзінен танылады, ойдың бояуы болмай
-
ды деп ойлау - жаңсақтық.
В.Гюго
Сөз сөйлеу - әсем, шебер орындаумен тамырлас. Бұл біздің
денеміздің тілі іспетті. ол ой әлемімен үйлесуі қажет. Ал көз бол
-
са, бұл жылқы мен арыстанға табиғат сыйлаған жал, құйрық, құлақ
сияқты. Бұлар ішкі дүние құбылыстарын бейнелеуге мүмкіншілік
береді.
Цицерон
Шешеннің нақышты, ойлы, мәнерлі қимыл-қозғалыстары
оның лебізін, ойын, көңіл-күй дүниесін әсерлендіріп, толқытып
толғандырады. оның аузынан
шыққан әр сөзі тақырыптың
мазмұнымен, мағынасымен сәйкестік тауып отырады.
А.Ф.Кони
Бірыңғай, бірсыдырғы қимыл-қозғалыс тыңдаушыларды
жалықтырады. Лектор тыңдаушылардың өң-әлпетіне зейін аударуға
тиіс. Лекторға жарық мол түсуі қажет, себебі оның өң-әлпеті сөзімен
қоса-қабат сөйлейді.
А.Ф.Кони
Шынайы көркем сөз шешеннің рухани дүниесі мен сыртқы
келбетінің гармониялық келісімінен туады. Сөз сөйлеушінің ақылы
мен жүрегінде болатын белгілі бір ойлар, сезімдер шешеннің сыртқы
тұлғасынан айна-қатесіз аңғарылады (бет-жүз құбылыстары, қимыл-
әрекеттері арқылы).
С.Негимов
Ыммен, ишаратпен сөйлеу - өте-мөте өзіндік құбылыс. ол
шешеннің ой-сезім толқындарымен етене.
С.Негимов
Әңгіме естісеңіз мына бізден,
Адамға
пәле тілден, бейнет көзден.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев
160
161
дос болма, майда тілді күлгенменен,
Беймағына сырты жылтырап жүргенменен.
Шал ақын
Бетперде беттің өзінен артық сыр шертеді.
Ш.Талейрон
Ым-ишарат және дене қимылдарынан басқа экспрессивтік
қимыл-қозғалыстар бар. Мұны шешеннің өзі аңғармағанымен ау
-
дитория жіті сезінеді. Мәселен, өлшеусіз жоғары,
өтімді немесе
дірілі бар дауыс сөйлеушінің мазасыз күйге түскенін көрсетеді.
Сөйлеу жылдамдығы мен ырғағының өзгеруі, психологиялық және
логикалық паузалардың дұрыс жүйеленбеуі, дыбыстардың анық
естілмеуі, сөздің күңгірттенуі – оның көңіл-күйінің дегбірсіздікке
ұшырағанын байқатады.
С.Негимов
Үздік шешеннің тілімен бірге жүзі сөйлемек.
А.Ф.Кони
Достарыңызбен бөлісу: