162
163
Шешен сөзі тыңдаушылардың сезіміне әсер дарытуы қажет.
Сөйлегенде даусың таза, мөлдір, кібіртіксіз айтылуы ләзім. дауыстың
жоғары-төмен құбылуы мысқалдап дамығаны абзал.
М.В.Ломоносов
Шешендік өнердегі таңғажайып кереметтердің бірі – дауыстың
алуан түрмен құбылуы.
Р.Гаррис
Шешеннің дауысы, мәнер-мақамы өте әсерлі, сазды, стилі –
дара, ел мен жер тағдырын ойлаған үні де құйқылжып толқыған,
сыңғырлап құйылған, төгіліп тамылжыған болса, тыңдаушылардың
алпыс екі тамырын балқытары хақ.
С.Негимов
ой жетпейтін жер болмайды, күлкі жеңбейтін жау болмайды.
Б.Момышұлы
Күлкі – күн іспеттес, ол адам жүзінен қысты қуады.
В.Гюго
Сөйлеушіге ең алдымен факті мен дәлел, сөздің жүйесін сақтап,
оны ойната білу және дауыс ырғағын, қимыл-қозғалыстарын сақтап
мәнерлі, сұлу сөйлей білу керек.
Демосфен
Шешенді тәрбиелеу ісінде балаға сөзді анық, нақ-нағымен сұлу
айтатын ұстаз таңдау қажет. Тамаша табиғи сипаттарымен тұңғыш
рет естіген және әдемі дауыспен оқылған мәтін оның ойлау қабілетін,
іштей сөйлеуін оятады.
Квинтилиан
Шешеннің дауысы – аса бір өзара үйлесімді дыбыстарға,
нәзік иірімдерге, небір тербелістерге, сан алуан қызық күйлерге ие
полифониялық сипаты айрықша, күрделі құбылыс.
С.Негимов
Ән салғаның сөйлегеніңдей, ал сөйлегенің ән салғаныңдай
болғаны жөн.
К.С.Станиславский
Сөз әуенінің байсалдылығы – озық тәрбиенің дәлелі.
Шекспир
дауыстың жоғарылылығы яки биіктігі, ұзақтығы, бояуы неме
-
се тембрі, күші тәрізді қасиеттері болады. осынау қасиет-белгілерді
құбылтып қолдану – шешеннің өнерпаздық дарынына, тәжірибесіне,
көркемдік танымына, көңіл-күйіне, табиғи-рухани болмысына бай
-
ланысты.
С.Негимов
Риториканың, яғни шебер сөйлеудің мәнді, мағыналы элементі
– мақамдап, мәнерлеп, нақ-нағымен жеткізіп айту шеберлігі.
Аристотель
Мағынасыздықтың екі түрі бар: бірі – сөздің көптігі сезім мен
ойдың жетімсіздігінен пайда болады, екіншісі – сезім мен ой асып-
төгіліп жатады, бірақ оны айтып бере алатындай сөз жетіспейді.
А.С.Пушкин
Күлкі шындыққа негізделеді.
Дельфина Жирарден
Юмор - әзіл астарындағы салмақтылық.
Вейс
Юмор - өмір толқындарындағы құтқарушы шеңбер.
Раабе
Достарыңызбен бөлісу: