Қыдыршаев indd



Pdf көрінісі
бет48/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

Н.А.Добролюбов
Егер де белгілі бір ойды ана тілімізде дәл айтып жеткізе 
алмасақ, оны тіліміздің оралымсыздығынан көрмей, өзіміздің 
дәрменсіздігімізден көруіміз керек.
М.В.Ломоносов
Қызыл тілден не пайда?!
Сөз асылын айтпаса.
К.Әзербаев
Екі түрлі қолайсыз адамдар болады: біреулері басқалардың 
сөздерінен өз ойларын іздеп әлек, екіншілері - өз сөздерінде 
басқалардың ойларын қайталауға құмар.
В.О.Ключевский
ойнап айтылған сөзді орындауға болмайды.
Қ.Жалайри
Қызғаншақтар үнемі дүрбіден қарайды, сөйтіп кішкентай 
нәрсені үлкен нәрсеге, ергежейлілерді – алыптарға, жорамалды 
шындыққа айналдырады.
Мигель де Сервантес
Француз шешені Англияда, ағылшын шешені Францияда сөз 
сөйлеп табысқа жетпес еді, өйткені олардың әрқайсысы өз отанында 
өз сөзінің күшімен халқына билік жүргізген, үстемдік еткен.
В.Г.Белинский
Жаңа ойды қарапайым сөздер жөргегіне орасаң, тез танисың.
 
 
 
 
 
 
Люк де Вовенарг
Өз сөзіңе өзің бақылаушы болып, байқап сөйле. Баяндамада, 
әңгімеде бұралқы, қоқырсық сөздерді қолданбауға тырыс.
 
 
 
 
 
 
М.Балақаев
Барша жұрт қабылдап, айтып жүретін қып-қысқа нақыл сөздер 
мен мақалдар болады. Егер барлық адамға ақиқат болып көрінбесе, 
ондай нақыл сөздер ғасырдан ғасырға жетпес еді.
 
 
 
 
 
 
Квинтилиан
Қуаты мол, тапқырлыққа толы тамаша нақылдар ешқашан 
ұмытылмайды: олар ғасырлар бойы есте сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа 
жетіп отырады.
 
 
 
 
 
 
Л.Берне


146
147
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,
Қазақтың келістірер қай баласы?
 
 
 
 
 
 
Абай
Ащы сөз тәтті дәлел бола алмайды.
 
 
 
 
 
 
В.О.Ключевский
Жақсы сөйлегенмен жақсы әңгімелесе білмейтін адамдар 
бар, өйткені олардың ойлары – сөздерінен, сезімдері – ойларынан 
жұтаң.
 
 
 
 
 
 
В.О.Ключевский
Төрде отырып теріс сөйлегеннен без,
Есікте отырып керіс сөйлегеннен без.
 
 
 
 
 
 
Байдабек би
Тіл аса мейірбандықты керек етеді. Қисық тілді шығарма сақау 
адам секілді, кәрі құлақты кеседі, жас құлаққа жаман үлгі болады, 
балаң авторды үстірттікке үйретеді. Сөзді бағалау, сөзге тоқтату, 
сөзден мағына іздеу адамды мәдени қоректендіре түседі.
 
 
 
 
 
 
І.Омаров
Ескі киімнің биті ащы,
Жетім баланың тілі ащы.
 
 
 
 
 
 
Қорқыт
Болса, данам, көңіл – тура, тіл – майда,
Ризығың таусылмайды ондайда.
 
 
 
 
 
 
Ж.Баласағұни
Барлық өнерден сөз өнері жақсы екенін білгенің жөн... 
Адамзаттың ең абзал қасиетінің бірі – сөз сөйлей білу. Бұл жағдайды 
жете түсін де, жақсы сөйлей білуге үйрен: сыпайы, анық сөйлеуді 
әдет қылғайсың. Өйткені қандай сөзді айтуды әдеттенсең, тіл соны 
айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет