Қыдыршаев indd



Pdf көрінісі
бет45/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

И.В.Гете
Әдемі сөз астың дәмін келтіретін тұз іспетті.
Құтып
Ақымақты екі белгісінен білуге болады: ол не өзіне пайдасы 
жоқ сөзді айтады, не біреудің ісіне жөнсіз араласады.
Платон
Сөз дегеніміз – істің көрінісі.
Солон
Тілмен түйгенді тіспен шешпес.
М.Қашқари
дәйексөзді дәл қолдана білу - аса сирек таланттылықтың да ны
-
шаны.
Бейль
Айтқан сөзің қандай болса,
Еститұғын жауабың да сондай.
Гомер
Егер сөз айтқың келсе, сол сөздің мәнін минут сайын ақылыңа сал.
И.Павлов
Сөз көмескілігі – ой-пікір көмескілігінің айнымас белгісі.
Л.Н.Толстой
Сөз – ойдың көршісі: ой бұлдыр болса, сөз де бұлдыр.
В.Г.Белинский
Сөз сиқырынан асқан сиқыр жоқ.
Анатоль Франс
Сөз – ұлы нәрсе. Ұлы дейтін себебіміз – сөзбен адамдарды 
біріктіруге де болады, жауластыруға да, жеккөрінішті етуге де бола
-
ды. Адамды біріктірмейтін, бөлетін сөзден сақтаныңыздар.
Л.Н.Толстой
Сөздің саласын табу қиын емес, анасын табу қиын.
Жамбыл
Жалған сөз жара тәрізді қанша жазылғанмен нышаны қалады.
С.Сарайи
Ие болған сөзің – құлың,
Ие болмаған сөзің – перің.
Хафиз
Шешеннің тілі – шебердің бізі.
Абай
Анық сөз – анық ойлаудың нәтижесі.
К.Либкнехт


136
137
Қарапайымдылық – тілдің ең басты жетістігі.
Аристотель
Құрғақ сөздің ғұмыры қысқа.
Демосфен
Өзара әңгімені әркім одан көп пайда көріп, мол білім алатындай 
етіп жүргізу керек.
Гераклит
Сөз өлшеуін білмеген,
Шағалаша шулайды.
Т.Ізтілеуов
Сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағына іздеу адамды 
мәдениеттендіре түседі.
І.Омаров
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның 
ең жоғарғы қасиеті.
Ғ.Мұстафин
Сөз анасы – құлақ, су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ.
Сырым шешен
Терең ойлар - өзін ештеңемен суырып ала алмайтындай етіп 
ақылға сіңірілген мық шеге.
Д.Дидро
Адамзаттың жүрек сезіміне жан бітіретін, өзіндік өрнекті, кең 
тынысты, жанды іске ұмтылдыратын тың да асқақ сөз керек.
Н.А.Добролюбов
Ас – тұзбен дәмді, су – мұзбен дәмді, ал адамзат салиқалы, са
-
налы сөзімен сәнді.
Ә.Науаи
Сөз – барлық фактілердің, барлық ойдың киімі.
М.Горький
ойы нәрсіздің тілі де нәрсіз.
М.Горький
Миллион сөз ойлап, соның тек бірін ғана таңдау – қандай азап.
Л.Н.Толстой
Халық даналығы әдетте нақылмен айтылады.
Н.А.Добролюбов
Сөз неғұрлым қарапайым болса, ол соғұрлым тартымды, көркем 
болады, соғұрлым оны жақсы ұғына аламыз.
М.Горький
Сөз айқын болуға тиіс, әрекет батыл болуға тиіс.
Конфуций
Аузына келгенді сөйлеу – наданның ісі,
Аузына түскенді жеу – хайуанның ісі.
Ә.Науаи
Тіл жүректің қамауындағы ойды қайталайды.
Конфуций
Сөз – адамның аса құдіретті құралдарының бірі.
А.Кони
Сөз – адам күшінің қолбасшысы.
В.Маяковский
Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жетуге 
болмайды.
Б.М.Теплов
Әдептің басы – байқап сөйлеу.
А.Иүгінеки
Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер.
С.Сарайи
Қиыстырып қаласаң, отын жанар.
Қиыстырып айтсаң, халық нанар.
Ө.Тұрманжанов


138
139
Жалғыз ауыз сөз кейде жүз жауыздық жасайды.
Д.Кугультинов
Кейбіреулердің сөзі – жел ұшырып жатқан қиқым қурай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет