122
123
Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі, ниет керек,
одан соң, тәртіп керек.
М.Әуезов
Кімде-кім надан болғысы келмесе, емлені жете білуі тиіс.
Н.Г.Чернышевский
Сөйлей білмейтін адам мансап биігіне көтерілмейді.
Наполеон
Аз сөйлесең де, аңдап сөйле.
Ж.Баласағұни
Қашан да бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, одан
соң көзіңізді жұмылдырыңыз, егер де ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз
көріп,
жөнін тауып мақұл көрсе, тіліңіз бен қолыңызға сонда ерік
беріңіз.
Ы.Алтынсарин
Мінез өмір дауылдарында шыңдалады.
И.Гете
Кім көбірек біледі дегенді емес,
кім жақсырақ біледі дегенді
анықтауға тырысу керек.
М.Монтень
Білімді адам ашпай көріп, айтпай сезеді,
Білімсіз
надан нені көріп, нені сезеді.
Ақтайлақ би
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ ке
-
рек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – зұлымдық.
Абай
Үйреніңіздер, оқыңыздар, ақылға салыңыздар, оның ішінен ең
қажеттісін таңдап алыңыздар.
Н.И.Пирогов
Ерік-жігерсіз адам – кез келген алаяқтың қолындағы ойыншық.
Н.К.Крупская
Өзімізден өзіміз ақталу үшін, көбінесе мақсатқа жетуге шама
-
мыз жетпейді деп, өзімізді сендіріп жатамыз. Ал шындығында біз
әлсіз емес, ерік-жігерсізбіз.
Ф.Ларошфуко
Алдымен ізгі ниеттерге, ал одан соң даналыққа үйрен, өйткені
алғашқысыз соңғысына үйрену қиын.
Сенека
Өзіңе
тең емеспен достаспа, өз қатеңді жөндеуге қорықпа.
Конфуций
Ақылмен арыстан ұстауға болады, ал күшпен тышқан да ұстай
алмайсың.
М.Қашқари
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
С.Торайғыров
Әр елдің тілін, өнерін білген кісі
онымен бірдейлік пікірлесе
алады, аса арсыздана жалынбайды.
Абай
оқыған білер әр сөзді,
Надандай болмас ақ көзді.
Абай
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Абай
даналықты оқып үйрену біздің мерейімізді биіктетіп, күшті де
кең пейіл ете түседі.
Я.А.Коменский
Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам сияқты.
Ғ.Мұстафин
124
125
Тіл білмей тұрып, жыр жазуға бел байлаған адам – малти білмесе
де ағып жатқан өзенге қойып кеткен есуас сияқты.
Р.Ғамзатов
Атымды
адам қойған соң,
Қайтып надан болайын.
Абай
Көп білем десең,
Аздан бастап үйрен.
Д.Локк
Басқаның бойында бар не нәрсені мақұл көрмесең, өзің де одан
сақтан.
Катон
Адамның ғажап ойларын жинау ғаламат мол қазына болар еді.
Ж.Делиль
Жолдан адассаң, үйге қайтарсың,
Сөзден шатассаң, неңді айтарсың.
М.Әлімбаев
Қуаты мол, тапқырлыққа толы
тамаша нақылдар ешқашан
ұмытылмайды, олар ғасырлар бойы есте сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа
жетіп отырады.
Л.Берне
Педагогикалық әңгіме өткізуге төселу үшін, тіпті дарынды
адамның өзіне де көп еңбек керек.
К.Д.Ушинский
Кітап - мәңгілік парасаттың ең киелі ғимараты, Адамзат тағдыры
шешілетін ең биік олимп.
Достарыңызбен бөлісу: