Қыдыршаев indd


 шаршы топта сөз бастау қиын



Pdf көрінісі
бет39/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

2.3. шаршы топта сөз бастау қиын
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ,
Шешімін таппас дау бар.
Бұқар жырау
Айтар болсаң, әр ойыңды қадап айт.
Бір сөзіңді мың толғамға балап айт.
Ж.Баласағұни
Басқа адамдық, табыс күтсең ісіңнен,
Жарамсыз бір сөз шығарма тісіңнен.
Ж.Баласағұни
Шешен сөздің зор мүшелері бесеу: а)бастамасы, ә)ұсынбасы, б)
мазмұндамасы, в)қыздырмасы, г)қорытпасы.
А.Байтұрсынұлы
Пікірді баяндап, түсіндіріп, дәлелдеп, сипаттап, ақыл жағы 
қанағаттанғаннан кейін жүрек жағына әсер етіп, бойын балқыту 
жеңіл болады.
 
 
 
 
 
 
А.Байтұрсынұлы
Сөз екшей білу өнері тыңдаушы қауымның жүрек лүпілі мен 
сана-сезімінің өз жеке ойымыз бен сөзіміз арасында байланыс орна
-
та білу білігінен құралмақ, бұл арада біз адамзат жүрегінің түкпірін 
жете түсінуіміз, тіпті оның әрбір қалтарысты иірімдерін сезіне де 
аңғара білуіміз керек, тек сол жағдайда ғана айтылмақ сөзіміз өзгені 
иландырмақ.
Тыңдаушыларымыздың орнына өзімізді қоя отырып, таңдаған 
формамыздың тақырыппен үйлесімділігін, көпшілікті елекзітіп
еліте толғандыра аларлықтай сезім тудыратындығына көзімізді 
жеткізіп көрелікші. Бұл ретте мүмкіндігінше қарапайымдылық пен 
табиғилық қалып сақтай отырып, «түймедейді түйедей» етпеуге, 
мәндінің құнын түсірмеуге ұмтылған дұрыс. Таңдаған сөйлеу фор
-
мамыз мейлінше айқын да жарқын болғаны, мазмұнға сәйкес келуі 
және құрамына тек аса қажеттілерді ғана кіріктіргені жөн.
 
 
 
 
 
 
Б.Паскаль
Шешендікке бостандық қажет. Сөйлеуші көпшілік алдында 
ақиқатқа жүгіне ойын еркін айтуы керек.
 
 
 
 
 
 
Платон
Ақыл – адамды аздырмайтын ем.
Білім – таусылмайтын кен.
Адамның басшысы – ақыл,
Жетекшісі – талап,
Шолғыншысы – ой,
Жолдасы – кәсіп,
Қорғаны – сабыр,
Қорғаушысы – мінез.
Саққұлақ шешен
Сөз танымайтынға сөз айтқанша, өзіңді танитын шошқаны 
баққан жақсы.
 
 
 
 
 
 
Абай
Адам нені жан-тәнімен сезсе, ұғынса, соны ол жетер жеріне 
жеткізіп айта алады. Өзі жақсы білмейтін жайды уағыздағанда ғана 
кісі сөз таппай қалады. Адамды ой жетектей алса, ол анық сөйлейді, 
егер адам ойын жетектей алса, одан да анық сөйлейді.
 
 
 
 
 
 
В.Г.Белинский
Адамның зейіні – адам сана-сезімінің есігі іспеттес, сөз басында 


112
113
оны жайлап сыналап аша отырып, шешен арнайы амалдарға жүгіне 
келе, оны бүкіл сөз сөйлеудің басынан аяғына шейін ашық қалпында 
ұстауға ұмтылады.
К.Д.Ушинский
Тыңдаушылардың қолдап-құптауы – шешен сөйлеуге қисапсыз 
мүмкіндік тудырады.
Цицерон
Өнер қағидасына сай сөйлеу қажет.
Цицерон
Модадан шығып қалмайтындай етіп сөйлеу және жазу үшін, ақ 
сөйлеп, адал жазу керек.
Р.Эмирсон
Қарны тоқ қаса надан ұқпас сөзді,
Сөзді ұғар көкірегі болса көзді.
Абай
Сыпайы сызып айтады,
Шешен қызып айтады,
Шорқақ үзіп айтады,
Бұзық бұзып айтады,
Түзік түзіп айтады.
Кенже би
Естіге айтқан тура сөз,
Шыңға тіккен тумен тең.
Езге айтқан тура сөз,
Құмға сіңген сумен тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет