Қыдыршаев indd



Pdf көрінісі
бет36/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Шешеннің сөйлеу техникасы дегеніміз не?
2. Өзіңіз жатқа білетін жаңылтпаштарды үш қайтара тез-тез 
айтып көріңіз. Енді «Қырық қырықтықшы қырық қырықтықпен 
қырық қойды қырықты» жаңылтпашын үш қайтара жеделдетіп ай
-
тып көріңіз.
3. «Пікірге, сөзге екпін дарыту үшін қысқалық қажет»/Гора
-
ций/, «дауыс пен сөз сұлулығы – жан сыйы ғой...»/Шәкәрім/, - деген 
түйіндерге өз сөзіңізбен сипаттама беріп көріңіз. 


96
97
іі бөлім. шешендік – ақылмен билеу өнері
2.1. шешендік – кісі көркі
Шешендік өнер – сенім қызметшісі. 
 
 
 
 
 
 
Коракс
Шешен сөз ... мақсаты – негізгі пікірді баяндап, түрлі дәлелдермен 
сипаттап түсіндірумен қоймай, пікірге нандыру, сендіру, ұйыту, 
балқыту, иман келтіру. 
 
 
 
 
 
 
А.Байтұрсынұлы
Риторика міндетіне сендіру емес, әрбір нақты жағдайларға 
сәйкесті сендіру амалдарын таба білу енбек.
 
 
 
 
 
 
Аристотель
Шешендік – кісінің көркі.
 
 
 
 
 
 
Гораций
Адам баласын ұшар биікке шығарар, атақ-даңққа кенелтер екі-
ақ өнер саласы бар: бірі – қолбасшылық өнері де, екіншісі – үздік 
шешендік өнері.
 
 
 
 
 
 
М.Т.Цицерон
Шешендік – тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы са
-
тысы.
 
 
 
 
 
 
М.Балақаев
Сөз құдіретіне, астарлы ойына емес, тек сыртқы сыңғырына 
ғана еліктіретін шешендік атаулы жойылсын!
 
 
 
 
 
 
М.Монтень
Шешендік – дидарласушымыздың жүрегі мен ақыл-ойын бау
-
рап алуға, оны не нәрсеге болса да сендіруге, иландыруға септесетін 
бізге берілген сый.
 
 
 
 
 
 
Ж.Лабрюйер
Шешендік – сөйлеген сөзге тыңдаушылардың ешбір қиналыссыз 
құлақ қоюы ғана емес, сондай-ақ айтылған мәселеге ерекше ынта-
ықылас танытып, тақырып байыбына терең бойлауға ұмтылысының 
оянуына түрткі боларлықтай сөз екшей білу өнері.
 
 
 
 
 
 
Б.Паскаль
Шешендік негізі – құштарлық, сезімділік мәнісінде. Шешендіктің 
басты қағидалары – жүрекке әсер етіп, ақылды бағындыру.
 
 
 
 
 
 
М.Сперанский
Шешендік – дарындылық. ол – тіл ғана емес, ойы да жүйрік 
кісілерге, тілдік сезімі күшті адамдарға тән қасиет ...
 
 
 
 
 
 
М.Балақаев
Шешендіктің түп мақсаты – адамдарды иландыру.
 
 
 
 
 
 
Ф.Честерфильд
Сөз өнері - өнер атаулының ең қиыны да күрделісі.
 
 
 
 
 
 
О.Бальзак
Шешендік дегеніміз – кез келген нақтылы зат туралы шебер 
сөйлеу өнері және сонысымен өзгелерді өз ойына ойыстыра білу.
 
 
 
 
 
 
М.В.Ломоносов
Шешендік сөздерді кейде билердің дауы үстінде көркем тілмен, 
көрікті оймен айтылған төрелік сөздеріне жатқызамыз.
 
 
 
 
 
 
Б.Адамбаев
Сөз өнері – басы қатты бәйгі ат сияқты.
Г.Маркес
Сөз өнерінің сұлулығынан халықтың жан сұлулығы туындайды.
 
 
 
 
 
 
К.Д.Ушинский
Сөйлеу өнері – ойдың түпкі мазмұнын нобайлап айтпай, оның 
барлық жай-жапсарын, нәзік жерлерін айта білу.
Б.М.Теплов
Не қажет болса, соның бәрін айту, артық сөз айтпау – нағыз 
шешендік деген осы.
Ф.Ларошфуко


98
99
Шешендіктің сәні жоқ, 
Сөзіне сүттей ел ұйып,
Қолтығына ел сыйып,
Басына бақыт қонбаса.
 
 
 
 
 
 
Д.Бабатайұлы
Шешендік өнер қай жерде сөзге бостандық, еркіндік болса, 
жүйелі сөзге жұртшылық, қоғам құлақ асса, міне, сол жерде, сол 
елде ғана дамиды. 
 
 
 
 
 
 
Б.Адамбаев
Жүйрік аттың сипаттары секілді асыл сөзде де белгілі сипаттар 
болады.
 
 
 
 
 
 
А.Байтұрсынұлы
Шешендік өнер – ауызша түрдегі әдеби шығармашылық.
А.Ф.Кони
Шешендік өнер - көрген-білгенді көкейге тоқып кеп үйренуді 
тілейтін, үнемі айтыс-тартысқа түсіп жалықпай жаттығу арқылы қол 
жететін өнер.
Б.Адамбаев
Шешендік – сендірудің шебері. оның бар мәні де, міндеті де 
осында.
Платон
Шешендік сөз – сөз сөйлеуге даярлық пен сөйлеу, әңгімелесу 
сияқты іс-әрекеттерге қатысты тілдік қызметтің ерекше түрі.
Е.Ножин
Кімде-кім анық ойлай білсе, сол ғана анық та қанық баяндамақ.
Н.Буало
Шешендік сөз – сан жағынан да, сапа жағынан да ешбір 
салыстыруға болмайтын тітіркендіргіш.
И.П.Павлов
Шешендік – сөзбен жүзеге асырылатын әрі сөзбен барша 
жетістіктерге жеткізетін өнер саласы. демек, барлығының тізгінін 
өз қолына алған, күллі өнердің қасиет күшін өз бойына жинақтаған 
деуге болады.
Платон
дәстүрлі шешендік сөздер – белгілі бір мәселеге байланы
-
сты тапқыр ой, көркем тілмен айтылған және халық қабылдап, жиі 
қолданып, сөйлемдік құрамы қалыптасқан жүйелі, үлгілі сөздер.
Б.Адамбаев
Шынайы бекзаттық, мінез-құлық тазалығына бөленген шешендік 
өзінің табиғи әсемдігімен тамаша.
Петроний
Шешендік сөз – оқыс айтылған ойларға қисынды әрі жедел жау
-
ап қайтару. Көп ойлану, найқалу шешендікке жараспайды.
М.Тілеужанов
Шешендік сөз дегеніміз – белгілі бір мәселені ауызша талқылау, 
белгілі бір ойдың ақиқаттылығын түсіндіру.
А.Ф.Мерзляков
Тілдің тіршіліктегі мәніне қазақ ежелден ерекше көңіл бөлген. 
Сондықтан да «өнер алды – қызыл тіл» деген.
С.Мұқанов
Өнердің ең алды – сөз өнері ... Қандай сәулетті сарайлар бол
-
сын, қандай сымбатты я кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән-
күй болсын, сөзбен сөйлеп, суреттеп көрсетуге, таныстыруға бола
-
ды. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді.
А.Байтұрсынұлы
Халықтың рухани-мәдени өміріндегі ең бір аяулы, ең бір ардақты 
өнердің бірі – шешендік өнер.
С.Негимов
Шешендік білгірліктен кейін тұруы тиіс.
Люк де Вовенарг
Шешендік сөз – халық даналығы, ақыл-ойдың құймасы, әдеби 
тілдің бастауы.
Б.Адамбаев
Шешендік мәні тек шешенде ғана емес, қалыптасқан жағдайға 
да байланысты: шешендік сөздің әкесі – шешен, анасы – аудитория. 
Тек аудитория ғана оны қалыпқа келтіріп, жан бітірмек.
Е.А.Адамов


100
101
Шешендік өнер – қай заманда, қандай қоғамда болса да қауымға, 
көпшілікке үлкен әсер ететін, оның санасын, сезімін баурап, күш-
жігерін тасытатын қуатты құрал, күні бүгінге дейін құдіретін, 
қасиетін жоймаған өнер.
Б.Адамбаев
Бедерлі сөз халықтың туған тілін, тұрмыс-тіршілігін, тарихын 
аңғартатын паспортпен тең.
 
 
 
 
 
 
М.Базарбаев
Сөз өнері өте көне заманда адамның еңбек үдерісінен туған. Бұл 
өнердің тууына адамның берік есте қалатын сөздермен бейнелеуге 
ұмтылуы себеп болды.
 
 
 
 
 
 
М.Горький
Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға, 2) 
қиялға, 3) көңілге. Ақыл ісі – аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну, 
тану, ақылға салып ойлау; қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді 
белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп 
ойлау; көңіл ісі – түю, талғау.
 
 
 
 
 
 
А.Байтұрсынұлы
Шешендік біліктілік пен білімнен, қуатты түйсік пен терең 
сезімнен, санадағы саңлақтық пен ұшқыр қиялдан, тер төгу мен ой 
тербелісінен туады.
 
 
 
 
 
 
С.Негимов
демократия – шешендік өнердің анасы.
С.Негимов
Егер де диалектика тек шынайы білімге негізделген қисынды 
дәлелдер арқылы тұжырымдалатын ой қорыту тәсілі болса, рито
-
рика шешендік қисынға, ой-пікір жүйелігіне, ұғымдар үйлесіміне 
негізделеді.
 
 
 
 
 
 
Әл-Фараби
Шешендік дегеніміз – тыңдаушылардың жан-сезім әлемін 
сөзінің әдемілігімен, образдарының жарқындылығымен, нақыл, 
ғибрат сөздердің ұшқырлығымен толқытатын, баурайтын өнер, 
өзгеше қабілет-қарым, тума қасиет, сондай-ақ өскен ортаның, үлгілі 
жандардың, ұлағатты кітаптардың тағылым-тәрбиесі, өз дүние-
танымының нәтижесі.
А.Ф.Кони
Шешен адамзат пен ғаламзат дүниесінің белгісіз сырла
-
рын қырағы байқап, тереңнен толғап, саңқылдаған, сұлу, мәнерлі 
дауысымен, мағыналы, парасатты толғамдарымен, түйдек-
түйдек ойларымен, бет-жүзінің, сөз ырғағының еркіне бағынған 
қимыл-қозғалыстарымен, біліктілік-білімімен, көшелі, көреген 
қасиеттерімен толқынды топты өзіне қаратып, құлақ құрышын 
қандырады, жаныңды, рухыңды дүр сілкіндіріп тазартады.
С.Негимов
Шешендіктің өзі ойшылдықпен, даналықпен, көшелілікпен, 
үнді, сазды сөйлеумен сабақтас, тамырлас құбылыс.
С.Негимов
Шешендік - өнер, сол өнермен қарулансаң ғана шешендікті 
игеруің мүмкін.
М.Тілеужанов
Шешендік сөздің табиғаты ұлы қабілетте, ал қабілет - өнер.
М.Тілеужанов
Шешендік сөз суырып салма ақындықпен туыстас.
Т.Кәкішев
Халықтық шешендік сөздер халықтың рухани игілігі әрі ақыл-
ойын білдіруші болғандықтан, ел арасында өте кең тараған және 
ерекше қадірлі болған.
В.Радлов
Шешендік қасиет – екінің бірінде кездесе бермейтін қасиет.
Ж.Баласағұни
Шешендік сөз – қоғам мен оны басқару туралы ілім.
Аристотель
Өнерді де өнер ғана өлтіре алады.
Ф.Ницше


102
103
Шешендік сөз бен ойға негізделеді.
М.Т.Цицерон
Шешендік өнер негізі – мәдениетте: көбірек білген сайын, озық 
та үздік сөйлейсің.
Е.А.Адамов
Сөзге сақ болу шешендіктен де биік.
Ф.Бэкон
Бір шешен топты жойқын, буырқанған шабытымен билеп-
төстейді, екіншісі – жатық, әсем жеткізу шеберлігімен, үшіншісі – 
әзіл-оспақ, күлдіргі, айтқыштық талантымен, төртіншісі – жүйелі, 
сабақтас, анық баяндауымен баурайды.
В.Г.Белинский
данышпандар ызаланса, білімін сапырады, ақымақтар ызалан
-
са, ауыздарынан ақ ит кіріп, көк ит шығады.
Аристотель
данышпандық көшедегі қызыл тілге қонбайды. ол қара тобыр 
қол соққан шешеннен ат-тонын ала қашады.
Т.Карлейль
Шешен сөздің артықшылығы – шешеннің өзіндік қасиеттерін 
әрі аудиторияны қалай бағындырып билеу шеберлігін әрі толық, әрі 
жан-жақты айқындап беруі.
С.Негимов
Кісі сөз өнерін білетін шешен болуға тиіс. Ей, перзентім, сен 
де шешен бол, сөйлей білгін, бірақ жалған сөйлеме, сөйлесең, 
шындықты сөйлеп, туралықты айтумен атағың шықсын.
А.Иүгінеки
Шешендіктің өзі биік дүниетаныммен, ғылым-білімді терең 
меңгерумен, халықтың тұрмыс-тіршілігін, жон-жосықтарын жүйрік 
танумен, жалпы айтқанда, адамзаттың рухани мәдениетімен мол ха
-
бардар болуымен, ой өрісінің кеңдігімен тамырлас.
 
 
 
 
 
 
С.Негимов
Тұтқиылдан тапқырлық таныту, өрнегі әсем өнегелі-ғибратты 
сөз айту – шешен талантының бір қыры.
 
 
 
 
 
 
С.Негимов
Бүкіл ғаламды сөз деп аталатын шамшырақ нұрландырып 
тұрмаса, оны түнек тұмшалап тұрған болар еді.
Халық даналығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет