1.6. шешен этикасы
Шешеннің этикалық мәдениеті психологиялық мәдениетімен,
қарым-қатынасты сәтімен жүзеге асыру тактісімен, білік-дағдысымен
тығыз байланысты. Сөйлеу шеберлігінің осы жағын коммуникативтік
мәдениет не қарым-қатынас мәдениеті деп те атайды.
Этикалық норма шешеннің барлық іс-әрекетін сөз сөйлеуге
даярлықтың алғашқы мезетінен бастап, сөйленген сөзге өз бетімен
жасаған сыни талдауға шейін қамтиды. Сөйленер сөздің сәтті бо
-
луы, сендірудің тиімді нәтиже беруі аудиторияның әлеуметтік-
психологиялық табиғатының жағымды болуына бірден-бір байла
-
нысты. Шешеннің уағыздаушы идеясын қабылдамас бұрын, ең әуелі
аудитория шешеннің өзін сенім, құрмет туғызатын адам ретінде
қабылдауы тиіс. Мәселен, өз кезеңінде Цицеронның шешенді
қалыптастырудағы бірден-бір маңызды пәндердің қатарына этика
мен логиканы қосқанын білеміз. Соның ішінде этиканы білмеген
шешеннің тыңдаушыларды өзіне назар аударта, ынтызар ете, еліте
әрі жемісті нәтижеге жете алмайтыны туралы айтуы тегіннен-тегін
болмаса керек.
Шешен этикасы – адамгершілік нормаларының, бағдарлау
құндылықтарының, оның өз міндеттеріне, жұмыс мақсатына,
тыңдаушыларына қатынасын анықтайтын тәртіп ережелерінің
жиынтығы.
Шешен тұлғаның өзі, оның эрудициясы, ұстанымшылдығы,
сенімділігі, өзіне-өзі сыни көзқараста болуы этикалық мәдениеттен
толық хабардар етсе керек. Шешендік этиканың аса мәнді
элементтерінің бірі – аудиторияға құрметпен, жылылықпен қараудан
туған такт, ашықтық, елгезектік, сезімталдық қалып ұсталуы.
Тактіні білмеген тәжірибесіз шешен ақыл айту, білгішсіну,
үйрету тонына немесе мірдің оғындай өте қатқыл, беделді
тұжырымдамаларға жүгінудің қажетсіздігі бола тұра, осы бағытқа
оп-оңай түсіп кетуі әбден мүмкін. Бұл, әсіресе, академиялық
88
89
және іскерлік шешендік сөзде ерекше маңызды. Сонымен бірге,
сөйленер сөздің дыбысталу формасы да этикалық мәнге ие. Мәтін
бойынша оқығаннан, сөйлеу әлдеқайда қиынырақ. Тек жанды
сөз ғана аудиторияға жұғымды әрі көбірек әсер етпек. Байланыс
тетігін, сенім ауанын қалыптастыруға септеспек. Нәтижесінде сөз
сөйлеудің тиімділігін қамтамасыз етпек. демек, шаршы топ алдын
-
да сөз сөйлеуде сенімділікке жетуде құрамына сәлемдесу, мәлімдеу
жиынтығы, сөйлеуші мен тыңдаушыаралық кеңістіктік байланы
-
сы, шешеннің ым, ишарат қозғалыстары жүйесін қамтитын сөйлеу
этикеті басымырақ рөл атқарады.
Тыңдаушылардың назарын бір арнаға жинақтауға көмектесуде
сөз сөйлеудегі алғашқы фраза ерекше маңызды. Сондай-ақ, сөз
сөйлеудің алғашқы фразасы үлкен этикалық жүктеменің де міндетін
атқармақ. Бір топ зерттеушілер шешеннің тыңдаушылармен бай
-
ланысын қиындататын «өзін-өзі құрбандыққа шалар» реттегі сөз
басын бөле-жара атайды. Мәселен, «Мен сөзімді неден бастарым
-
ды білмей тұрмын», «Мен шынымды айтсам, арнайы әзірленген
жоқпын», «Менің айтарым сіздерге ұнайды дей алмаймын» сияқты
тіркестер мен «Әрине, сіздерге әлі беймәлім», «Шамасы, сіздер әлі
білмейсіздер, оқыған жоқсыздар, естіген жоқсыздар...» үлгісіндегі
фразалар осындай топқа жатады. Жалпы «мен» есімдігін шектен
тыс қолдану да, өз өмірлік тәжірибеңізге шексіз сілтеме жасау да
қажетсіз әрі орынсыз. в.Писарек бұны «мақтанпаздыққа ерік беру»
деп атап, «бұлайша тыңдаушыларды қорлау ауыр күнә» деп есепте
-
ген. Ал И.Томан «Сіз» сөзін қаттырақ, ал «мен» сөзін солғынырақ
дыбыстауға кеңес береді.
Этикеттің анық танылуы, аңғарылуы шешен мен аудиторияара-
лық дистанцияның қаншалықты дәл сақталуынан да байқалмақ.
Әр түрлі халықтардың ұлттық-мәдени айырмашылықтарымен
негізделетін кейбір ерекшеліктері барлығын мойындай отырып,
төмендегідей ортақ қағидаларды да басшылыққа алу аса қажетті деп
есептейміз:
- сөйлеуші мен тыңдаушының аралық қашықтығы сөздің тегі
мен жанры арқылы анықталады. Мәселен, ресми жағдаятта сөз
сөйлеудегі ең үлкен дистанция 3-4 м (жиналыс, мәжіліс т.б.);
- қалыпты дистанциядан алшақтау, ауытқу байланысты қиын-
датады. Шешеннің өзіне сенімсіздігін, рухани жинақылықтың жоқты-
ғын, өзін-өзі жоғары ұстаушылықты аңғартады. Бұл себептердің
қай-қайсысы да сөз сөйлеудің сәтті де жемісті болуына кері әсерін
тигізеді;
- әңгіме барысында дистанцияның тарылуы байланыс пен сенімнің
беки түсуіне дәлел бола алады. Сондай-ақ оны тыңдаушылар көбіне-
көп оларға өзге жат пікірді тықпалау қадамы, олардың ерік-жігерін
басып-жаншуға ұмтылыс қалпында да түсінеді. Көпшілік жағдайда
тым жақын тұрып байланыс жасау қажетсіз әрі міндетті емес.
оқу орындарында шешендіктануды игеру арқылы этикалық
мәдениетінің қалыптасуында шешендіктанумен байланысы мол
ғылым саласы ретінде кинемика ілімі туралы айту орынды. Себебі
этикеттің құрамды бөлігінің бірі әрі сөз сөйлеу тиімділігінің фак
-
торы ретінде ым, ишарат, дене қимылы – ақпараттарды берудің
бірден-бір тиімді құралы. ол сөздің әсерін үдете түсуге тән. Ше
-
шенге тыңдаушыларды сендіруге көмектесуге лайық. Ым, ишарат
ұлттық шешендік өнерімізбен тығыз байланысты. Қолданылуында
әлеуметтік шектеулікке ие. Қысқасы, дене, бет қимылдарының бол-
уы жеке ерекшелікке тән. Біздіңше, бұл арадағы ортақ қағидалар мы
-
налар:
1) ым, ишарат пен бет қимылы сөз мазмұнымен тығыз байланыс-
та болуы тиіс;
2) соған сәйкес келуі және оның кейбір элементтерін нақты
үлгіде «басынан шерте көрсетуі» тиіс.
Жасанды, бағытсыз қолданылған ым, ишарат шешен-маманға
өте-мөте зиянды. олар сөзге жалғандылық, сұрқайылылық тон
береді. Бұларға қоса тыңдаушыларды жалықтыратын және сөзді
мәнерлілігінен жұрдай қылатын қалыпты, бірыңғай ым, ишараттың
қауіптілігі жоғарғылардан бірде-бір кем түспейді.
Шешендіктануды игеру барысында шешеннің этикалық
мәдениетінің қалыптасуында шешендік өнердің психологиялық
сияқты өзге жақтарымен тұтаса отырып шешендік тұлғаға келіп
тоғысатындығын баса ескеру орынды. Нәтижеде тілдік қарым-
қатынас моделінің қалыпты жағдайы мен толыққанды іске қосылуы
тек қана шешен-маманның сапалық қасиетін анықтайды. демек, ше
-
шен бір мезгілде өз сөзінің әрі туындыгері, әрі режиссері, әрі орын
-
даушысы екендігін естен шығармауы тиіс. Ал бұл шешенге қойылар
талапты қиындатары даусыз. Ендеше, жақсы шешен қандай сапалық
қасиеттерге ие болуы тиіс?
Біздіңше, бұл ретте алғы орынға компетенттілікті, эрудицияны,
жоғары мәдениеттілікті қойған жөн. Бұл арада оларды дәлелдеудің
қажеті де бола қоймас деп білеміз. Бұдан кейін шешеннің өз іс-
әрекетіне сенімділігін баса айтуымыз керек сияқты.
Сондай-ақ айтылған сапалық белгілерге қоса шешен өзінің
90
91
әлеуметтік рөлін сәтті орындауға қажетті кешенді арнайы
психологиялық қасиеттерге де ие болуы тиіс. Бұлардың қатарына
ақыл-ой сапасы жағынан
аңғарымпаздық, сыншылдық, өз-өзіне
сыни тұрғыда қарай білуді;
ерік сапасы жағынан
алған беттен
қайтпаушылық, шешім қабылдай білушілік, өзін-өзі ұстай білуді;
эмоционалдық сапасы жағынан
шыдамдылық, импульсивтілік,
шалтты да жарқындылықты;
коммуникативті сапасы жағынан
жылы жүзділік, ашықтық, салмақтылық, тактілікті;
іскерлік сапа
-
сы жағынан
ұйымдастырушылық, ілгері ұмтылушылық, іскерлік,
еңбекқорлықты жатқызуға әбден болады. Бұлардың да әрқайсысына
дәйексөз ұсынып, мысал келтіріп, дәлелдеп жату қажетсіз деген
пікірдеміз.
Тек бұл арада баса ескерер тұс – шешендік тұлғаның бұл
іспеттес сапалық белгілерінің барлығы да оның аудиторияны
түсіне білуіне, онымен өзара тығыз байланыс жасау арналары мен
нәтижелерін күн ілгері көре, сезе білуіне, тілдік қарым-қатынас
үрдісінде тыңдаушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруына,
оларды өзіндік назарда ұстау мен мінез-құлықпен басқара білуге
бағытталғандығы. Бұл іспеттес сапалық белгілер әртүрлі шешендерде
әрқилы дәрежеде көрінбек. олардың табиғи темпераментпен, мінез
ерекшеліктерімен, тәжірибемен жымдаса өрілуі жеке стильдердің
алуандылығын танытады. Нәтижеде бұл кез келген сөйленер сөздің
сәтті болуын айқындайтыны даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: |