Қыдыршаев indd


 шешен мен аудиторияның ара қатынасы



Pdf көрінісі
бет28/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

1.5. шешен мен аудиторияның ара қатынасы
Сөйленер сөздің тақырыбы анықталып, тезистік жобасы 
жүйеленген, дәлелдер жүйесі іріктеліп ойластырылған, сөйлейтін 
сөз композициялық құрылымы жағынан жинақталып, алдын-ала 
редакцияланған делік. демек, сөйлеу алды коммуникативтікке 
дейінгі әзірлік сатысындағы жұмыстар аяқталды деген сөз. Енді 
біразырақ әзірліктен кейін (ең дұрысы қолға сағат пен магнитофон 
алу), өте-мөте жауапты да қызғылықты сөз сөйлеу кезеңі басталады. 
Бұл кезеңде шешенге психология, этика, педагогика ғылым салала
-
ры көмекке келеді. 
Соңғы кезекте шешендіктанудың психологиялық-педагогика-
лық негізіне зерттеушілер де, практиктер де етене назар аудара 
бастады. Бір қарағанда бұл арада тым ерекше жаңалық та жоқ: 
антикалық дәуір теоретиктерінің еңбектерінде-ақ аудиторияны есеп
-
ке алудың, онымен тығыз байланыс орнатудың, тыңдаушы қауым 
назарын бағыттай алудың аса қажеттілігі нұсқалған-ды. Өкінішке 
орай, бұл мәселе көп мерзімге көңілден қалыс қалып, көзден таса 
болды, баяндаудағы сөз дұрыстығы мен логика мәселесі алғы кезек
-
ке қойылып, жоғарғы айтылғандар көбіне-көп жоққа шығарылды. 
Алайда сөйленер сөздің кез-келген тұсы – айғақтамасы /аргумен
-
тация/ болсын, не сөйлеу мәдениеті, не композициясы болсын, 
не шешеннің аудиториямен байланысы болсын – яғни, сөйлеу 
үдерісінде жүзеге асырылатын психологиялық механизмдердің мән-
мәнісіне тереңірек ене білуін тиімді қолданбайынша аяғына шейін 
түсінікті болмайды. Шешендіктануға психология ілімінің қатысы 
мәселесіне деген қызығушылық өткен ғасырдың /ХХ ғасыр/ 60 
жылдары үдей түсті. осы кезеңдердегі әдебиеттерде кез келген үгіт-
насихат жұмыстарының, кез-келген дискуссияның, кез-келген шар
-
шы топ алдында сөйленер сөздің өзіндік әлеуметтік-психологиялық 
жағы барлығы атап көрсетілді. Бұл ретте жұртшылық психология
-
сын ескеру, сөздің адамдардың көңіл-күйіне, сезіміне, іс-әрекетіне 
әсер ету заңдылықтарын жете білу аса қажетті. 
Бұл арада баса ескерер нәрсе, шешендіктанудың психология 
іліміне негізделетіні, оны пайдаланатыны рас, бірақ та шешендік 
әрекеттің барлық қиындықтарын жеңуде тек қана психологиялық 
амалдардың бір өзі ғана басты құрал бола алмайды. Зерттеушілер 
сөзімен айтсақ, психология үгіт-насихат ісінде еш нәрсені алма
-
стырмайды, ол тек аталмыш іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыруға 
көмектеседі, оның сапалық жағын еселеп арттырады.
Шаршы топ алдында сөйлеудің қай-қайсы да – шешеннің 
тыңдаушы психикасына сөз арқылы мақсатты әсер етуі. осы орай
-
да пайда болатын және олардың шешімін табуда психолгия ілімі 
септесетін мәселелер шеңбері мыналар: 
тыңдаушылардың назарын 
аудара білу және оны ұйымдастыру; шешен мен аудиторияның 
аралық байланысы қалай қалыптастырылады; ақпаратты ек
-
шеу, меңгеру және ұсыну үдерісі қалай бағытталады; бұл 


78
79
үдерісті басқаруға бола ма; әртүрлі аудиторияның әлеуметтік-
психологиялық ерекшеліктері неден құралады және оларды қалай 
сауатты ескеруге болады т.б.
Шешеннің психологиялық мәдениеті психология қажет ететін 
талаптарды орындаумен, сөйленер сөздің мазмұны мен формасы
-
мен, шешеннің жеке басымен және аудитория ерекшеліктерімен 
айқындалады. Шешен жалпы әлеуметтік психология бойынша 
белгілі бір деңгейде білім көлемін игерумен бірге, оларды тәжірибеде 
қолдана да білуі тиіс. Басқаша айтсақ, 
шешеннің психологиялық 
мәдениеті – адамның психикалық әрекетін танытатын білімдердің 
жиынтығы және бұл білімді адамдармен жұмыстың нақты 
жағдайында қолдана білу. 
Мәселен, тілдік қатынас үдерісіндегі шешен мен аудиторияның 
өзара байланысын ұсынылған сызба 
(9-сызба)
арқылы қарастырып 
көрелік. Шешеннің басты мақсаты – мағыналы ақпарат ұсыну және 
тыңдаушылырды сендіретіндей әсер ету. Шешен өзіндік сөз сөйлеу 
барысында аудитория қалпын өзгертуге ұмтылады (ақпараттандыру, 
дәлелдеу, сендіру, шақыру (ұрандау), т.б. арқылы), сондай-ақ ау
-
дитория да шешенге қайтарымды әсер етуге тырысады: шешен 
көзқарасын, пікірін қабылдай, я қабылдамай, өзіндік қалыппен, 
мінезбен, сұрақтармен, репликалармен (кері қайтарымды байла
-
ныс) сөйлеушіге, ең ақырында сөйленер сөзге әсер етеді. демек, бұл 
арадағы шешендік сөз – бұл күні бұрын шешеннің өңдеп-өлшеуінен, 
пісіріп-түсіруінен өткен, алдын-ала әзірленген, сөйтіп мұқияттап 
даярланған мәтіннің өз кезегінде жай ғана «дыбысталуы» емес, 
шешеннің де, аудиторияның да қажеттілігін, сөз сөйлеудің нақты 
жағдайын және көптеген өзге де факторларды ескерген үздіксіз 
импровизация. Аудитория белгілі бір дәрежеде сөйленер сөздің со
-
авторы іспеттес, сол себептен де алға қойылған міндеттерді толық 
орындау үшін, жанды қарым-қатынастың қарапайым емес, көбіне 
кездейсоқ тосын ортада тыңдаушылар күткендей, тіпті көбіне-көп 
аудиторияның тікелей қарсылығын жеңе отырып, әсер ету үшін, ше
-
шенге арнайы білік-дағды, ерекше сапа керек-ақ. 
Ал алғашқы кезекте шешен аудиторияға әсер етудің қандай 
құралдарына ие болуы тиіс? (
10-сызбаны
қараңыз). Байқап 
отырғанымыздай, шаршы топ алдында ауызша сөйлеудің көптеген 
артықшылықтарының бірі – шешеннің ыңғайында сөз сөйлеуге 
қолданар құралдардың бүкіл кешенінің болуы. олар дыбыстық, 
визуальдық, тілдік /вербальдық – лат. Verbum – сөз, сөйленер сөзбен 
тікелей байланысты (дауыс, интонация) және вербальды емес (жест, 
мимика, тұрыс)/ құралдар. Қарым-қатынастың бұлар сияқты барлық 
каналдары ақпаратты ұсыну үшін де, сондай-ақ қажетті әлеуметтік-
психологиялық атмосфераны туғызу, қалыптастыру үшін де 
қолданылады, тыңдаушылардың санасына да, сезіміне де әсер етуге 
көмектеседі. 
Сондай-ақ сөз басын бастапқы кідіріс арқылы бастау қажет-
тігі 
жөніндегі қарапайым әдістемелік қағида көпшілікке кең түрде 
мәлім. Алайда, бұл кідірістің ұзақтылық мөлшерін дұрыс үйлестіре 
білу үшін немесе кейбір жағдаятта одан мүлде бас тарту мүмкіндігі 
болу үшін де, бұл қағиданың неліктен пайда болғандығын жете 
түсіне білу де қажетті. 
Бастапқы кідірістің психологиялық тұрғыда 
әсер ету жағы басты рөл атқарады. Бастапқы сөйлер алды кідіріс 
аудиторияның өз назарын жинақтауы, шешенге көңіл тоқтатып 
қарауы, тыңдаушы ретінде сөйленер сөзді қабылдауға әзірленуге 
мүмкіндік туғызуы үшін керек. Ал шешен үшін бастапқы кідіріс
жүрек тоқтату үшін, басы артық толғанысты басу үшін, негізгі 
арнаға бет бұруы үшін керек. 
Кідіріс арқылы тыңдаушыларды ойлан
-
та елітуге болады. Ал кідірістің жасалмауымен, сөздің кенеттен салған 
жерден басталуы тыңдаушыларды сілкіндіреді, елеңдетеді. Яғни екі 
жағдайда да бұл ерекше психологиялық амал болып табылады. 
Оның 
түпкі мақсаты – көпшілік назарын аудару, қызығушылығын ояту.


80
81
Назар аудару ұғымы – тілдік қарым-қатынас психологиясының 
негізгі тетіктерінің бірі. Көпшілік назары қабылдауды, есте сақтауды, 
ойлануды бағыттайды, жол көрсетеді, үдетеді немесе кемітеді. де
-
генмен де ол – тұрақсыз, өзгеріске ұшырауға бейім. Өзгермеліліктің 
мөлшері, назардың тұрақтылығы ақпараттың көлеміне, алуан 
түрлілігіне, оның аудитория мүддесіне, сәйкестілігіне, шешеннің 
сөздің бір сарындылығынан жалтара білу білігіне, тыңдаушыларды 
жалықтырмауына, шаршатпауына бірден-бір байланысты. 
К.Д.Ушинскийдің бейнелі сипаттауынша айтар болсақ, на
-
зар аудару – адам сана-сезімінің есігі іспеттес, сөз басында оны 
жайлап сыналап аша отырып, шешен арнайы амалдарға жүгіне 
келе, оны бүкіл сөз сөйлеудің басынан аяғына шейін ашық қалпында 
ұстауға ұмтылады
.Бұл арада бірден-бір тиімдісі – мұқият болуға 
тікелей шақыру да. Бірден-бір әсерлісі – алуан түрлі композициялық, 
тілдік және әдістемелік амалдарды қолдана білу
. Тәжірибеге сүйене 
айтсақ, аудиторияның құрылымдық құралдары мыналар: 

ынтықтыратын, елекзітетін сөз басы;
- кесінді үзік күйдегі тезис;
- талқылаудың сұрақ-жауап түрі;
- айғақтарды /аргумент/ жан-жақты салыстыру;
- экспрессивті қорытындылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет