Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Сөйлеу мәдениетінің ерекшеліктері қандай?
2. Жазбашаға қарағанда ауызша сөйлеудің айырмашылығы мен
артықшылығы неде?
3. Тіл мәдениеті тұрғысынан келгенде шаршы топ алдындағы
сөз қандай басты талаптарға жауап беруі тиіс?
4. Сөйлеу тіліндегі штампылардың зияны неде?
5. Сөйлейтін сөзі ұғымды да мәнерлі, өтімді де жетімді болу
үшін шешен не істеуі тиіс?
6. Сөйлейтін сөзіңіздің мәтінін жазу міндетті ме?
7. Бір-екі тәулік бойы ақпараттық телехабарлар мен
радиобағдарламалардың тіліне талдау жасаңыз. Сіз қандай қателерді
байқадыңыз? Сөз қолданудағы дәлсіздікке, тілдік норманың
бұзылуына, қолданыстан қалған ұғымдарға бірер мысал келтіріңіз.
8. Сөйлеу мәдениеті мен тіл тазалығы үшін күрестің аса
қажеттілігі туралы екі минуттық сөз сөйлеуге әзірленіңіз.
9. «Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйла
-
маса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмай
-
ды» (М.о.Әуезов). «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ
адам сияқты» (Ғ.Мұстафин), - деген пікір-түйіндермен келісесіз бе?