Қыдыршаев indd



Pdf көрінісі
бет25/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

Сөздің дұрыстығы
- өте қажетті алғашқы талап. Көркем 
шығармаға қойылатын талаптар сияқты ауызша сөйлеу нормасы 
тым қатаң емес, дегенмен де шешен өз сөзінің тілдік дұрыстығының 
мүлтіксіз болуына ұмтылуы міндетті, ал ол үшін өзіңмен сөйлер 
сөзіңді нұрландыра, дамыта, тереңдете түсу орайында үнемі де 
үздіксіз жұмыс жасау өте қажет.


70
71
Сөз дұрыстығы грамматикалық тілдік норманы, сөз қолданыс 
пен дыбыстау заңдылықтарын сақтауды, олардан орынсыз 
ауытқымауды қажет етеді 
(8-сызба)
. Сөз сөйлеу бірлігі, оның өзара 
үйлесімділігі тек қана сөз дұрыстығы арқылы қамтамасыз етіледі, 
онысыз өзге коммуникативті сапалық белгілер «іске қосылмайды» 
(
дәлдік, мәнерлілік
т.б.).
Сөздің грамматикалық дұрыстығы туралы М.в.Ломоносов: 
«Грамматикасыз оратория - солғын, поэзия тілі - мүкіс, философия - 
үстірт, тарих - ұнамсыз, юриспруденция - күмәнді», - деп жазады.
Тіл нормасынан ауытқу тек сөзді, сөз мағынасын түсінуді 
қиындатып қана қоймайды, сондай-ақ ол шешенге деген сенімге 
селкеу түсіреді, тыңдаушыларды сөйленіп тұрған сөз мазмұнынан 
ауытқыта, сөз әсерлілігіне, жандылығына жағымсыз әсер етеді. 
демек, шешен грамматикалық құрылыстың стильдік қызметі тура
-
лы білуі тиіс. М.Балақаев мақсатты ойды түсінікті әрі әсерлі етіп 


72
73
айту үшін тілде барды дәл тауып, өз орнында дұрыс пайдаланудың 
да оңай міндет емес екендігін айтады. Әрине, адам ойының ұшы-
қиыры жоқтығы сияқты, тіл байлықтары да ұшан-теңіз. Сол теңіз 
дүниесіне сүңгіп, ой өрнектеріне керекті тілдік материалдар мен 
грамматикалық тәсілдерді дұрыс пайдалана білу үлкен шеберлікті 
де керек ететіні даусыз.
Шешен сөйлеудегі ойланар мәселенің бірі – грамматикалық 
тұлғалар мен грамматикалық тәсілдерді қалай пайдаланғанда 
ойымыздың дұрыс шығатындығы. Бұл мәселе – стилистика 
ғылымының да үлесі. 
Лексикалық норманы бұзу (сөз қолданыстағы қателік, диалекті 
және жаргон сөздерді орынсыз қолдану, тұрақты сөз тіркестерін 
бұзу және т.б.) шешеннің сөз сөйлеудегі мақсатына жетуге кедергі 
келтіреді. Кейде тіпті сөйленер сөз мазмұнында қарастырылмаған 
күлкілі жағдай тудырады.
Сөз қолданудағы стильдік қателердің бір түрі – бір сөзді әлсін-
әлсін жұмсай беруде. Әдетте ысылған шешен сөзді қайта-қайта 
айтып жұртты ығыр қылмайды, бір сөзді бір сөйлемде мүмкіндік 
болғанынша екі рет айтпауға тырысады. Шешен үйреншікті сөздерін 
қайталай бермеуді өзі қадағалап отырмаса, сөйленген сөзде бір сөзді 
бірнеше рет айта салу қауіпі күшті болады. Шаршы топ алдында сөз 
сөйлеуде мұндай стильдік қателерден аулақ болу үшін шешен қазақ 
тілінің синоним (мәндес) сөздерін кең түрде пайдаланады.
озық та жақсы сөз сөйлеудің маңызды сапалық белгісі – оның 
қысқалығы
, яғни аз сөзбен көп мағына білдіру. Мұндағы ұстаным – 
«сөзге орын тар болсын да, ойың кең болсын». Бұл ұстанымды сақтау 
үшін сөйленер сөзде бірде-бір шашау шыққан сөз, дұрыс тіркеспей, 
оғаштау құралған сөз болмауы керек. ол шешеннің уақыт мөлшеріне 
және тыңдаушылар шыдамына қалай-солай қарай алмайтыны, 
есептесу керектігі ғана емес, қажетсіз қайталаулардан, басы артық 
бұтарлаулардан, сөз «қоқысынан» алшақ бола білуін аңғартады. 
Белгілі ежелгі гректің ғалым-жазушысы Плутархша айтсақ, «сөз 
құдіреті аз сөзбен көп ой айта білуде жатыр» [17].
Көпсөзділіктен аулақ болу үшін, ең алдымен плеоназмдармен 
(сөйлеудегі ала-құлалықтар), яғни мағыналық реңкіне орай қажетсіз 
сөздердің сөйлеу тіліне сыналап еніп кетуімен күресу қажет. Бұл 
орайда төмендегі мәселелерді ескеру орынды:
- таптаурындылық (тавтология), яғни бір ойдың өзге 
сөздермен, көбінесе түбірлес сөздермен қайталанып келуін аңғару;
- бір тектес мағыналы қазақ және шетел сөздерінің 
таптаурындылық байланыстылығын ескеру;
- қыстырма сөздер (сөйлемдер) мен оралымдардың шексіз 
көптігінен сақтану;
- анықтауыштарды, тым желікпе әсірелеулерді, тым ұсақтап 
бөлшектеулерді талғамсыз, орынды-орынсыз ойланбай, елеп-
екшемей қолдануға ынтызар болмау;
- паразит сөздерден аулақ болу. Бұл арада бір мезгілде сөздің 
дұрыстығы да, қысқалығы да, мәнерлігі де зиян шегеді. «Иә», «я», 
«так», «яғни», «мысалы», «жаңағы», «неғып» сияқтылар сөзді «суға 
айналдырады», оны құдірет күшінен, эмоционалдығынан жұрдай 
қылады, аудиторияда күлкі туғызады.
Біздіңше, көпсөзділіктің басты себептері: ойдың түсініксіздігі 
(анық болмауы), даярлық нашарлығы, шешеннің дандайсушылыққа 
(мақтангөйлікке) және лепірмелік стильге икемділігі.
Шаршы топ алдындағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет