82
83
(көбіне-көп риторикалық сұрақ түрінде)
және қойылған сұрақтың
мазмұнын қамтитындай, барлық
айтылғандардан сөз соңында
тұжырымды түйін жинақтауға мол септігін тигізеді.
Сөйлеу тиімділігін үстемелей түсу үшін, сөйлеу мәдениетінің
психологиялық арнасы аз-кем мәнге ие болмайды. Сөйлеушінің
тіл «мүкістігі» сөйленер сөзді қабылдауға кері әсерін тигізуі әбден
мүмкін. Тәжірибе көрсеткендей, қолданылған
сөздердің жалпыға
мәлім мағынасына немесе стилистикалық нормаларға сәйкессіздігі
сөйленер сөз мақсатының түбірімен жоққа шығарылуына әкелуі
мүмкін. ол тыңдаушылардың жағымсыз эмоциясын туғызады. Тым
боямалы тіркестерді (ұғымдарды) артығырақ қолдану ыңғайсыз күйге
түсіреді, үйлесімсіз тіркестерді қолдану жиіркендіреді. Қысқасы,
дұрыс қолданылмаған әрбір сөз күлкі мен мысқыл туғызады.
Сөйлеу тіліндегі қателіктер тағы да бір жағымсыз психологиялық
әсер береді. Бұндайлар назарды сөз мағынасынан алшақтатады және
оны сөздің дыбысталу формасына бағыттайды. Кейде тыңдаушылар
мағынаға бойлауды мүлдем қойып, тек қана сөздің дыбысталу
жағына, яғни сыртқы формасын ғана бақылайды. Бұл көздеген
межелі нәтижеге жетудің мүмкіндігінің азаюына, ал кейде түгелдей
мүмкіндіктің болмауына әкеледі.
Сол себептен де шешеннің психологиялық
сауаттылығының
маңызды тұсы – аудитория ерекшелігін есепке алу, ескеру.
Атақты Аристотель сөйленер сөздің үш элементтен құралатынын,
оған шешеннің өзі, ол тілге тиек етер негізгі нысан және тыңдаушы
аудитория енетінін айта келе, соңғысына барлық іс-әрекеттің ақырғы
нәтижесі ретінде баса мән беруі тегін емес [2].
Шешендікті
меңгеруге
ұмтылушы
шәкірт
атаулыға
даярлықтың барлық кезеңдерінде де, сөз сөйлеу сәтінде де және
оның қорытындыларын талдауда да аудитория «бейнесіне» сан
қайтара назар аударуға тура келеді. Бұл арадағы күрделілік мынада:
Достарыңызбен бөлісу: