Қыдыршаев indd


 шешен сол – сөйлер сөзден қамалмаса



Pdf көрінісі
бет37/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

2.2. шешен сол – сөйлер сөзден қамалмаса
Бидің айтқанын құл да айтады, бірақ аузының дуасы жоқ.
Төле би
Шешенің судай төгілген,
Тыңдаушың бордай езілген.
М.Әуезов
Шешен кісі сөз бастар,
Адал кісі ел бастар.
Ж.Жабаев
Тағдыр Цицеронды жер бетіне шешендіктің таңғажайып 
құдіретін оның тұлғасы арқылы көрсету үшін жіберді.
Квинтилиан
Жүрек пен рухтың қуат-күші – адамдарды ділмар ететін 
құдірет.
Квинтилиан
Шешен қашан да қарулы жауынгердей сақадай сай қалыпта 
мәнді де ұлы істерді үздік орындауға және әрдайым жеңіске ұмтылуы 
тиіс.
Квинтилиан
Шешенде диалектиктің тапқырлығы, философтың ойы, ақынның 
тілі, заңгердің жады, трагиктің дауысы болуы тиіс.
Цицерон


104
105
Шешен екі негізгі құндылыққа ие болуы тиіс: бірі – дәл де 
нақты дәлелдермен иландыра білу білігінің болуы, екіншісі – 
тыңдаушылардың жан-дүниесіне өтімді де батымды сөзбен ой сала 
әсер ету; сондай-ақ судьяның көзін жеткізуден гөрі, оның көңілін 
көтере рухтандыру маңыздырақ.
Цицерон
Халық мойындаған шешен ғана дүлдүл болмақ.
Цицерон
Шешен адал адам болуға тиіс. ол өзінің шешендігін саудаға 
салуға хақысы жоқ.
П.Рамус
Шешен болар адамның айтар ойы болуы міндетті. осы ойын 
айтуы керек екендігін сезінуі тиіс. Тыңдаушылар онымен бірге күлсе 
күліп, жыласа жылап, жүрегінің соғуын сезінуі қажет.
Г.У.Бичер
Кімде-кім өз сөзімен тыңдаушыларына әрі білім беріп, әрі көңіл 
ажарын таба білсе, нәтижеде оларға күшті әсер ете алса, ең жақсы 
шешен – сол.
Цицерон
Шешендік шексіз білімнен, терең ойдан, асқан парасаттан туа
-
тын нәрсе. Мұхаңның шешендігі ғұлама ғалымдығында жатыр.
З.Қабдолов
Шешеннің ең ұлы қасиеті – қажет нәрсені ғана айту емес, со
-
нымен бірге қажеті жоқ нәрсені айтпау.
Цицерон
Адам сөзді тыңдай білген жағдайда ғана шешен болады.
У.Кайкавус
Сөзіне қарап кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма. 
 
 
 
 
 
 
Абай
Шешен сол – сөйлер сөзден қамалмаса.
Шал ақын
ойласаң мың бір пәле тілден туған,
Шешендер топ ішінде тілді буған.
Шал ақын
дарынды ділмар шешен әр нәрсенің мән-мәйегі мен әсемдігін 
өзіне қайтарып береді.
М.Сперанский
Шешеннің парызы – шындықты айту.
Платон
Шешендік батылдықты тілейді.
П.С.Пороховщиков
Тұлпардан шыққан із қалар,
Сұңқардан биік құз қалар,
Жаңбырдан жерге нұр қалар,
Жасанған жасыл қыр қалар,
Шешеннен асыл сөз қалар.
Н.Байғанин
Жігітке бірінші – білім, екінші – ғылым, үшінші – ұғым керек.
Жиренше шешен
Нағыз шешендікті меңгерудің жолына тәуекел етсеңіз, онда 
өте әділетті және істі әділетті шешуде білгір, білімді адам болуға 
міндеттісіз.
Платон
Бір сөз айтсаң жақсыға,
Аталы сөзге тоқтайды.
Бір сөз айтсаң жаманға,
Өмірінде ұқпайды.
Шешеннің сөзі шын асыл
Қап түбінде жатпайды.
Жанқұтты
Өз иесін тырналаған ит жаман,
Сөз жүйесін танымаған би жаман.
Бөлтірік шешен


106
107
Шешенге біткен қанат тауыққа емес, бүркітке тән талмайтын, 
самғайтын қанат болуы шарт.
М.Әуезов
Ақылдан тірегі болмаса,
Алмастай өткір жүрегі болмаса,
Шешендік мінсіз бе?
Төле би
Шешендер айтқан сөзі арқылы адамның ақылына қону жағын 
ғана көздемейді, сөз қанға, жанға әсер етіп, арбау сияқты адамның 
ойын да, бойын да балқытып, билеп алып кетуге ыждаһат етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет