Қыдыршаев indd



Pdf көрінісі
бет35/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

әламатсыз ба?!
» сөзін 
қитұрқы, емексіте, ашық та жарқын, құрғақ, тұнжыраңқы, шуақты 
да мейірлене, салқынқанды, мысқылдай, менсінбеген кейіпте айтуға 
болады. Қысқасы, осы секілді қарапайым сөзді мың сан қалыпта 
құбылта дыбыстауға әбден болар еді. Ал интонацияға дағдылану 
жұмыстарын әр түрлі мәтіндерде жүргізу аса тиімді (мақал-мәтелдер, 
жаңылтпаштар арқылы).
Сөйлеу техникасының аса маңызды бөлімі – 
дикциямен жұмыс

Сөйлеудегі олқылықтарды жою үшін, аз уақыт жұмсауға тура 
келмейді. Себебі көптеген шәкірттер қалай болса солай, өз сөзіне есеп 
бермей дыбыстардың артикуляциясын дұрыс үйлестірмей сөйлейді. 
Бұл сөздің шашыраңқы болуына, соған ілесе ойдың қожырауына, 
аудиторияның сөйленген сөзге қызығушылығының жойылуына
жүйесіз міңгірлеуді ажыратуға мүмкіндіктің болмауына әкеледі. 
оқытушы машықтық сабақтарда шәкірт атаулының дикциясының 
қаншалықты дұрыс әрі анықтығын тексереді, артикуляциялық 
гимнастиканың амалдарын және ерін, тіл, төменгі иек бұлшық еттері 


94
95
жаттығуларын көрсетеді. дұрыс артикуляцияны қалыптастырудың 
таптырмас даусыз тәсілі – 
жаңылтпаш айту
. Бұлардың дыбыс-
талуына әзірлік барысында ырғақтың жоғарылығының емес
дыбысталудың анықтығына және мәнерлігіне қол жеткізу жөн. 
Мәселен, қазақша сөйлеуде, әсіресе, күрделі сөздердің /көп 
құрамды/ қосымшаларын анық айту өте маңызды. Сондай-ақ, бұл 
іспеттес жаттығулар шәкірттерге дұрыс тыныс алу мен интона
-
цияны қалыптастыруға көмектеседі. Бұл орайда М.Жұмабаевтың, 
М.Әлімбаевтің, М.Мақатаевтың балаларға, жастарға арналған атақты 
өлеңдерін қолдану тиімді. Бұларды оқи отырып, бұл жаттығу емес, 
өзіндік сюжеті, кейіпкерлері бар, ерекше мәнерлегіш құралдарға ие 
көркем шығарма екенін ұмытпау дұрыс.
Сөйлеу техникасы мен сөйлеу мәдениетінің өте күрделі мәселесі 
– 
орфоэпиялық нормаларды игеру
. «орфоэпия» сөзі дұрыс та сауат
-
ты әдеби дыбыстауды білдіреді. Кез келген дыбыстау нормасынан 
ауытқушылық аудитория назарын шешен сөзінің мән-мәнісінен оның 
формасына ауытқытып, сөз мағынасын қабылдауға кедергі келтіреді, 
басқа бағытқа аудартады. 
Шешендіктанудың бұл бөлімінің күрделілігі, мәселен, 
қазақ тілінің дыбысталу нормасының сан алуандылығында. Бас-
ты қиындық – көпшілік адамдардың әдеби тілде сөз сөйлеудің 
қатаң нормалылығын мәнсіз әрі қажетсіз деп есептейтіндігі
оған тиісінше назар бөлінбейтіндігі, соған орай көбіне бұза 
қолданатындығы. Келесі қиындық - әдеби сөзге статистикалық 
өлшеммен қарауға болмайтындығы, яғни сол мезетінде бірден-
бір кең тараған қолданыстардың кейде норма міндетін атқара ал
-
май да қалатындығы. Арнайы жаттығулар барысында шәкірттер 
өздерін тексеріп қарауға, дыбыстау нормасын игеруге ұмтылуы тиіс. 
Қажетті түсініктерді практикалық сабақтарда оқытушы берсе, ал 
әрбір түсініксіз сұрақтардың жауаптарын Рәбиға Сыздықтың «Қазақ 
тілінің анықтағышы» (емле, тыныс белгілері, сөз сазы) (Астана, 
Елорда, 2000), М.дүйсенбаеваның «Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының 
кейбір мәселелері» (А., Мектеп, 1973), «Қазақ тілінің қысқаша 
орфоэпиялық сөздігі» (А., Мектеп, 1981), Қ.Неталиеваның «Қазақ 
тілінің орфоэпиялық сөздігі» (А., 1978), «Емлесі қиын сөздер» атты 
анықтамалық сөздіктен /Құрастырғандар Н.Уәлиұлы, Қ.Жаманбаева, 
Қ.Күдеринова/ (А., Балауса, 2000-512 б.) табуға болады. Ал біз орфо
-
эпия қарастыратын барлық мәселелердің ішінен тек кейбіреуін ғана 
бөле-жара назарға ұсындық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет