Сұрақтар мен тапсырмалар 1. Психология ғылымы шешен сөзінің қандай басты мәселелерін
шешуге септеседі?
2. Шешен мен аудитория қатынасының негізгі каналдарын атап,
оларға сипаттама жасаңыз.
3. Шаршы топ алды сөйлеудегі кері қайтарымды байланыс
дегеніміз не? Нақты мысалдар келтіріңіз.
4. Сөйлеу алды бастапқы кідіріс қандай рөл атқарады?
5. Сөйлеу барысында тыңдаушылардың назарын аударып,
қызығушылығын қалай тудыруға болады?
6. Шешен аудиторияны қандай белгілеріне қарап жіктеп, топтай
алады?
7. Шешеннің қандай сапалық белгілері шаршы топ алдында
сөйлеудің сәтті де жемісті, яғни ойдағыдай болуына кепілдік бере
алады?
8. Шешеннің сыртқы қалпы, оның киім киісі, тұрысы, дене
қимылы / жест / сөйлеудің сәтті болуына әсер ете ала ма? Өз
жауабыңызды тәжірибелік мысалдармен дәлелдеңіз.
9. д.Карнеги, П.Сопер, Е.Ножин, С.Негимовтердің еңбектері
бойынша «шешендік лепірмелік» /шешендік лихорадка/ туралы
оқи отырып, «Шаршы топ алды сөйлеу сәтіндегі толғанысты қалай
жеңуге болады?» деген тақырыпта қысқаша /2 – 3 минут/ сөйлеуге
дайындалыңыз.