92
93
дауыс құрау органдары (көмей, дыбыстық байланыс, резонатор
-
лар – мұрын, ауыз қуысы);
артикуляциялық жүйелер (тіл, ерін, тіс, астыңғы иек, жұмсақ
таңдай).
Қос өкпе ауа үрлеуші былғары іспеттес. диафрагма кішірейе
келіп өкпеге ауаны тартады. Содан кейін диафрагмаға сыналап
жақындап қалған құрсақ аймағы етінің бірнеше тобы өкпедегі ауа-
ны ығыстырып сыртқа шығарады. Ауа көмей арқылы өтеді және
дыбыстық байланыс талшықтарын тербеліс жасауға мәжбүр етеді.
Нәтижеде резонаторларда, дыбыс үдеткіштерде кеңи әрі жайыла
көрініс беретін дауыс дыбысы пайда болады.
Ауыз қуысының формасы мен өлшеміне сәйкесті өзгерістерінің
көмегімен артикуляторлар жекелеген дыбыстарды туғызады. олар
-
ды буын мен сөз ішінде байланыстыра біріктіреді. Аталған барлық
бөліктердің жүйелі және дұрыс жұмысы дауыстың
саздылығы,
темпі, тембрі, жоғары-төменділігі, дикция анықтығы
сияқты
сапалық белгілерін қамтамасыз етеді.
дауыс саздылығына қол жеткізу үшін тыныстауды дұрыс жүйеге
келтіру міндетті. Бұл тыныс алу мен тыныс шығару үрдісінде диа
-
фрагманы қоса есептегенде терең дем алуды білдіреді. Сондай-ақ бұл
тыныс (ауа) шығаруды үнемді үйлестіре отырып, өзінің тыныс алуы
-
на бақылау жасай білу деген сөз. Өкпесінің көлемі үлкенірегі емес,
тыныс шығаруды үйлестіре ұйымдастыра білуші ғана жақсы тыныс-
тай алады. Ең жақсы шешеннің тыныс алуы мен тыныс шығаруы
ұзақтығының аралық байланысы 1:15 – 1:20-дан кем болмауы тиіс.
Эмоционалдылықтың жоғарылау кезеңінде, толғаныс сәтінде біздің
дем алуымыз (тыныстауымыз) жиілей түседі. Соған сәйкесті ұзын
фразаларды айтуға ауа шығару көлеміміз жеткіліксіз болуы мүмкін.
Сондықтан да шешен сөйлеу үдерісі кезінде тыныс алуды қалпына
келтіріп отыруды үйренуі тиіс. Сондай-ақ, әр түрлі дыбыстардың сан
қилы энергетикалық шығынды қажет етерін есте ұстау керек. демек,
тілдік дыбыстарды өз қалпында құбылта дыбыстау әрі дұрыс тыныс
алуды жолға қойып, дамыту үшін оқытушының арнайы сабағы аса
қажетті.
Сөз сөйлеу сәтіндегі дауыспен жұмыс үстінде ең бастысы – байла
-
ныстыру жұмысында емес, бұлшық еттерінің (қабырғалы, құрсақтық
диафрагма) қалай жұмыс жасайтындығында, біздің қаншалықты
кеуде және бас резонаторларды қолдануды бір мезгілде жұмысқа
қоса білетіндігімізде. Бұл арада бұлшық еттерін босаңсыту, өзіне-
өзі массаж жасау, фонационды жолдарды босату, жаттығулар мен
резонаторларды іске қосу (оқытушы жетекшілігімен) көмектеседі.
Бұл айтылғандарға қоса дауыс диапазонын кеңіту, дауыс ырғағының
ұшқырлығы, сөздің әуездік қалпы бойынша жүргізілер жұмыстар
пайдалы.
дауыс және тыныс алу барысы бойынша жүргізілер жұмыс
үстінде таза физиологиялықтан басқа, сөйлеу саздылығы мен
мәнерлілігінің психологиялық алғышарттары барлығын есте ұстау
жөн. Бұлар – шешеннің өзіне сенімділігі, рухтың жоғарылығы,
әңгіме тақырыбына еліту. Шешеннің әзірлігі өте жақсы болса, ол өзін
сенімдірек сезінеді, өз дауысына ұшқырлық, саздылық, мәнерлілік
беру де жеңіл болады.
Әр алуан жағдаятта сөйленер сөздің сан тарау бөлімдерінде
шешен түрлі жылдамдықпен сөйлейді. Сөйленер сөздің мақсатына
сәйкесті сөздің жалпы ырғағы, мәселен, минутына 120 сөз. Бұның
өзгеріп отыруы әбден мүмкін. Өрескел кемістік ретінде тым асығыс
(минутына 140-тан аса сөз), әсіресе, үсті-үстіне міңгестіре айтылған
сөзді (минутына 100 сөзден кем емес) айтамыз. Сөздің жалпы
қалыпты ырғағын өзгертпей-ақ, сөйленіске үлкен эмоциональдылық,
мәнерлілік дарыта отырып, елеусіздеу ғана бірер деңгейлі мөлшерде
баяулауға, жекелеген сөздердің дыбысталуын созуға әбден болады.
Сөйлеу сәтіндегі біздің сезіміміз сөздің көмегі арқылы, негізінен
алуан қилы интонациялық құбылымдар арқылы беріледі. Кей
-
де тек интонация арқылы ғана айтылар сөздің шынайы мағынасы
аңғарылады. Мәселен, қарапайым ғана «С
Достарыңызбен бөлісу: