84
85
ІІ.
Тыңдау уәждері /бұлар шешеннің алдына қойған мақсатынан
өрбімек/:
1)
интеллектуальды-танымдық; моральдық-тәрбиелік;
эмоциональдық-эстетикалық
/13-сызба
/.
ІІІ.
Шаршы топ алдында ауызша сөйленген сөзге қатысты
тыңдаушылар типі:
1) конструктивті; 2) келісімпаз; 3) үстірт
тыңдаушылар; 4)
конфликтілі
/14-сызба/.
Аудитория
– шаршы топ алдында сөйленер сөзді тыңдауға
жиналған, өз назарларын шешенге, оның сөзіне бағыттаған белгілі
мөлшердегі адамдар тобы. Бұл адамдарды тілдік қарым-қатынас,
жалпы тыңдау үстіндегі іс-әрекет, әсер етудің ортақ субъектісі /ше
-
шен/ сияқты ортақ жағдайлар біріктіреді. десек те, аудитория жай
«тұлғалардың жиынтығы» ғана емес. Шешеннің әрбір тыңдаушыларға
жекелей әсер еткеніндей емес, топта адам өзін басқаша ұстайды,
өзгеше сезінеді.
Сондай-ақ қабылдау, еске сақтау, ойлау үрдістері
өзгеше дамып қалыптасады. Үлкен аудиторияларда еліктеу, әсер ету,
өзіңнің ықтиярыңа икемдеу сияқты құбылыстар күштірек көрініс
береді. Эмоциональды (көңіл-күй) жағдайлары жиірек құбылады.
Бұл, мәселен, көпшілікті митингілік аудиторияның реакциясынан,
яғни күлкі, көңіл толмаушылық немесе таңғалушылықтың мезетте
көпшілік тыңдаушыларды қамтуы мен олардың барынша дуылдата
көрініс беруінен жақсы көрінеді. демек, шешен үшін аудиторияны
әр түрлі топтарға бөлудің белгілерін ескеру аса маңызды. Ең алды
-
мен, тыңдаушылар өздерін митингіге,
лекцияға не жиналысқа ке
-
луге мәжбір еткен себептерге, уәждерге қалай-солай қарамасы да
-
усыз. Әрине, адамдар белгілі бір нәрсені білуге, талдауға қатысты
86
87
әңгіме тақырыбына қызыға не ол туралы жете білгендіктен барса,
әлдеқайда жақсы. Бірақ та интеллектуальды-танымдық уәждерге
ие тыңдаушылардың болуы – аудиторияның бары да, нары да де
-
ген сөз емес. Қашан да бұйрыққа бағына, тәртіпке сүйене, парызға
жүгіне келушілер бар да, алғашқы кезекте сөз сөйлер шешеннің өзі
қызықтыратын немесе қарым-қатынас жағдаятына ынтық келушілер
бар. Ендеше бұл орайдағы шешен мақсаты – аудиторияны сөйленер сөз
тақырыбымен, мазмұнымен ынтықтыру, шаршы топ назарын аудару,
баурап алу, екінші және үшінші топтағы уәждерді интеллектуальды-
танымдық жағына түбірімен өзгерту. демек,
ұсынылып отырған
материалды тыңдаушылардың түсіну деңгейі, сондай-ақ алғашқыда
үстірт қарап отырған немесе келісімпаздық қалпында болып, сөз
соңында тыңдаушының конструктивті топқа ауыса білуі басым
дәрежеде шешен шеберлігіне байланысты. Ал бұндай дәрежеге жету
үшін шешен сөз сөйлеу үрдісінде тыңдаушылармен арада қандай
кедергі тұрарын, соқпай кетуге болмайтын қандай ақпараттарды
жоғалтқанымен санасуға тура келетіндігін алдын-ала жете түсіне,
аңғара білуі қажет. Бұл арада И.в.Гете
сөзімен айтсақ, «әркім өзі
түсінетін нәрселерін ғана еститіндігін» есте ұстау артық емес. Сол
себептен де сөздің барынша түсініктілігі жөнінде қам жеу керек. Ба
-
стысы – шешен сөзін тыңдаушының түсінуін қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: