108
109
ұлылығы асқан шабытпен, құлшыныспен, пафоспен өлшенеді. де
-
мек, сөзінің оттылығымен, жарқылымен, күшімен, көріктілігімен
баурап алады.
В.Г.Белинский
Шешен әр сөзін өзі қалай түсінсе, тыңдаушыға да солай
ұғынықты ету керек. Сотта сөйленетін сөз өте-мөте анық болуы
шарт. Тыңдаушылар еш қиындықсыз қабылдауы қажет. Сөз жоқ,
мұндай шеберлікке жету үшін стильдің тазалығы мен дәлдігі және
пән мен тілді терең меңгеру ләзім.
П.С.Пороховщиков
Көрікті кісіге сөз ерер.
М.Қашқари
данышпанның тілі жүрегінде, ақымақтың жүрегі тілінде.
Н.Шелгунов
Ей, перзентім, егер ақын болғың келсе, ақылды бол. Сөзің тілге
жеңіл, көңілге қонымды болсын. Түсінуге қиын, қисынсыз сөздерді
қолданудан сақтан, өзіңе түсінікті
болғанмен, өзгелерге түсініксіз
ауыр сөздерді пайдаланба.
«Кабуснамадан»
Шешен елге түсінікті болу үшін, бүкпесіз ашық болуы тиіс.
В.Ключевский
дана адам өз ақылына және өз қаржысына өмір сүреді.
Ф.Честерфильд
Ақылсыз би болмас,
Сәулесіз үй болмас.
Абай
Шешеннің нақылы ортақ,
Көсемнің ақылы ортақ.
Шәкәрім
Шешеннің аты шешен бе,
Таңдайға дәмі үйіріліп,
даугердің тауын шақпаса.
Дулат
Шешендік сөз суырып салма ақындықпен туыстас.
Т.Кәкішев
Өткір сөз иесі ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып бере
алатын ділмар болу керек.
Әл-Фараби
Кімде-кім риторика ілімінің қағидаларына бейім болса, сол ри
-
тор саналмақ.
М.В.Ломоносов
Жақынның сөзі тәтті деп,
Жақыным айтты дей көрме.
Надандықпен
кім айтса,
ондай түпсіз сөзге ерме.
Абай
Мәнсіз сөз бен татымсыз істің басыңа пәле әкелгеннен басқа
пайдасы жоқ.
Әмір Темір
Адамның терең ойын, көңіл-күйдің нәзік реңктері, жан
толғаныстарын, жасырын әуендерін жатық, жүйрік тілмен жеткізу
үшін шешеннің биік дүниетанымы, жан-жақты көркемдік, өмірлік
тәжірибесі болуы абзал.
С.Негимов
Шынайы шешен-жарқын тұлға.
оның ойлау, сөйлеу мәнері,
кескін келбеті, рухы, тәжірибесі, ішкі мәдениеті, білім өресі,
дүниетанымы, талант табиғаты, жан мен тән қуаты, мінбедегі тәртібі,
ым-ишараттары, дауыс ырғағы қызықтырмай қоймайды.
С.Негимов
Шешен тыңдаушылардың рухани дүниесін байытушы,
өмірдегі, қоғамдағы алуан түрлі
құбылыстарды байыбына жетіп,
талдап түсіндіруші, белгілі бір ой-пікірлерді, халықтық мәселелерді
жеткізуші, жан сала насихаттайтын үгітші. Бұл орайда ол - әлеуметтік-
саяси тұлға.
С.Негимов
110
111
Батыр жігіт жау шаншар қан шығармай,
Шешен жігіт мал даулар жан шығармай.
Таразысы - шешеннің тыңдаушысы,
одан да өтер артынан шаң шығармай.
Саққұлақ Бапанұлы
Өз тыңдаушыларына ділмарлығымен ықпал етуші әр шешеннің
бойында бір ақындық бар.
Бисмарк
Достарыңызбен бөлісу: