140
141
Өткір тіл – дарын, ұзын тіл – жаза.
Д.Д.Минаев
дәрігердің үш қаруы бар: біріншісі – сөз, екіншісі – пышақ,
үшіншісі – шөп.
Ибн Сина
ойлы
сөз көпті ұтады,
ойсыз сөз басты жұтады.
А.Иүгінеки
Өнер қағидасына сай сөйлеу қажет.
Цицерон
Халық тілінің байлығын игеру – зор талғам, парасатты тілейтін
жұмыс.
Ғ.Мүсірепов
Асыл сөз – айтқан оқтай жай кетпейді,
Жаманға оқ өтсе де, сөз өтпейді.
Ғ.Мүсірепов
Жалған сөз – жауыздықтың жетегі.
В.Гюго
Мәтел - бұл сөз оралымы қалыптаспаған сөйлеу,
пікірдің
элементі. Мақал - аяқталған түйін, тұжырымды ой.
М.А.Рыбников
Қарапайым да айқын түрде айтып беруге болмайтын ой жоқ.
А.И.Герцен
Жаңбыр жаумаса, жер
жетім,
Басшы болмаса, ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім.
Төле би
Айтқан сөзі ақымақтың
Адам ішпес сумен тең.
Кей
жаманның тілі бар,
Ащылығы умен тең.
Д.Бабатайұлы
Шешен сөздің тілі – уытты, лепті, әсерлі, қанды қайнатып,
жүрек тулатып,
естен айрып, ерікті алып кететін күшті, көрнекті,
сәнді, мәнді тіл.
А.Байтұрсынұлы
Пікір күшті болса, іс те күшті болмақ.
Шекспир
Адамның саналы мінез-құлқының негізгі ерекшеліктерінің бірі
– сөйлеудің реттеуші функциясында жатыр.
Лурия
Сөзден күшті еш нәрсе жоқ.
Менандр
Екі сөзді болып елеңдеп жүргеннен, бір сөзді болып мерт кеткен
дұрыс.
Б.Момышұлы
Тіл шеберлігінің құны түсініктілігінде, өйткені сөз түсініксіз
болса көздеген мақсатына жетпейді.
Аристотель
Шешеннің сөзі егер де тыңдаушыларға
ана тілінде айтылса,
тыңдаушылардың санасы мен жүрегіне төте жолмен жететіндігін де
естен шығармау керек. Сондықтан қай халықпен араласып, сөзіңді
кімге арнасаң, насихат жұмысын сол халықтың тілінде жүргізуді
жақсы жолға қоюдың маңызы өте зор.
Достарыңызбен бөлісу: