Қыдыршаев indd



Pdf көрінісі
бет43/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73
Байланысты:
Қыдыршаев

Ә.Кекілбайұлы
Сократтың даналығы оның білмеген нәрсесін білдім деп ойла
-
мауында.
Цицерон
данышпан дегеніміз – аз білсе де, қажеттіні білген адам.
Эсхил
Ұлы адамдардың ойларына бой ұру – ең бір қызғылықты 
ғылым.
А.С.Пушкин
Тіліңді жаман сөзден сақта, жақсы сөзге үйрет.
М.Қашқари
Тіл – ойлау құралы. Тілге қалай болса солай қарау – қалай болса 
солай ойлау деген сөз.
Л.Н.Толстой
Тіл сөйлесу – сөйлеу, оқу-үйрену, жазу-сызу арқылы өседі. Бұл 
үшеуінің бірде-біріне көңіл аудармау – ең үлкен қылмыс.
Ғ.Мүсірепов
ойыңдағы, қиялыңдағы, көңіліңдегі нәрсені тілмен айтып 
жеткізу өте қиын. Сөз өнері жүзіндегі өнерпаздар мүддесін тілмен 
айтып жеткізе алмай, сондай қиналғанда, өзгелерге ондай іс оңай бо
-
лып табылар ма? Сондықтан сөзден жасап сөз шығару деген жұмыс 
әркімнің қолынан келе бермейді және шығарғандардың сөздері бәрі 
бірдей жақсы бола бермейді.
А.Байтұрсынұлы
Сөз шығарушылар, әуелі сөз ұнасымына керек жалпы шарт
-
тарды орнына келтіріп, өзінің өзгеше әдісі болса, соның үстіне ғана 
қосады. Сондықтан сөз шығарушылар бәрінен бұрын лебіз заңынан 
шыққан сөздің асыл болуының жалпы шарттарын білу қажет.
А.Байтұрсынұлы
Тілдің анықтылығы тілді терең және саналы оқып үйрену бары
-
сында, қоғам мен отбасында сөзді дұрыс қолданушылардың ықпалы 
арқасында, ана тілін құрметтейтін ордада өскенділіктің әсерінен 
және бұрынғы өткен шешендер мен ақындардың туындыларын оқу 
үстінде жетіліп, шыңдалады.
Цицерон
Әр күн сайын тілді дамытып, байытып отыруға, әңгімелесу 
үстінде естіген соны сөздерді жазып, көңілге тоқуға машықтану 
дұрыс. Шешеннің сөзі күн сәулесі айнаға қалай түсіп жарқырайтыны 
секілді, сондай дәл, ап-анық болғаны жөн.
С.Негимов


126
127
Сөзге жазып-сызып әзірленген дұрыс. Сөйлеген кезде жатқа 
айтасың ба, өзің білесің ...
П.С.Пороховщиков
Білімсіздің тілін тиған жөн болар,
Білімдінің сөзін жиған жөн болар.
Білімдінің нұрлы сөзі сарқылмас,
Бастауы кең бұлақ көзі тартылмас.
Ж.Баласағұни
Тіл мен ойлау – еңбектің жемісі.
К.Маркс
Талант болып тумадым деп өкінудің қажеті жоқ, ал өз ісінің 
майталман шебері болу - әркімнің қолындағы іс.
А.С.Макаренко 
Біреудің қатесі – біреуге сабақ.
Дж. Рей
Жастық шақ – даналықты игерер кез.
Ж.Ж.Руссо
Шын бақытты болу үшін, бақытқа ие болып кету жеткіліксіз, 
оны іспен жеңіп алу қажет.
В.Гюго
Тамақты тарта жесең, санаңды ашар, көп жесең, ұйқы басар.
Ф.Бэкон
Егер басыңыз дұрыс жұмыс істесін десеңіз, өз деміңізді бақылап 
отырыңыз.
Рене Декарт
Күні бойы бір күле алмасаң, онда оны зая кеткен күнім деп 
есепте.
В.Гюго
Еңбек – рахаттың атасы.
А.Стендаль
Ешқашан да үлкен қиыншылықтарсыз күрделі істер болмайды.
М.Ф.Вольтер
Көкейдегі ойды айқын түсіндіретін нәрсе – адамның еңбек 
әрекеті.
Д.Локк
Еңбек етуге дағдыланып алсаң, онсыз тіршілік ете алмайсың. 
Бұл дүниедегінің бәрі еңбекке байланысты.
Л.Пастер
Кітап – кәріліктің ең жақсы досы, жастықтың ең жақсы 
жетекшісі.
С.Смайлс
Әрбір істегі ең маңызды нәрсе – жұмыс істегіңіз келмеген сәтті 
күштеп жеңу.
И.П.Павлов
Басқаларды үйрете отырып, біздің өзіміз де үйренеміз.
Сенека
Өлең, жырлар, тапқыр шешендік сөздер халықтың қоғамдық 
және рухани өмірінде көрнекті орын алады.
М.Әуезов
Адамға ғылым-білімді көбейтуге екі қару керек: бірі – 
пікірлеспек, екіншісі – берік сақтау.
Абай
Айту бар, есту бар, білу бар, түсіну бар, қорыту бар.
Ғ.Мүсірепов
Біле бер, қанша білсең, - тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле-біле.
Ж.Баласағұни
Ең қиын іс - өзіңді-өзің тану, ең оңай іс – басқаға ақыл айту.
Фалес


128
129
Жалқауға – жетекшілік жұқпас,
Жігерсізге – жол тұйығы құлып тас.
Ж.Молдабеков
ойланбай оқу – шайнамай жұтқанмен бірдей.
Э.Борк
Қазақша жазу – қазақ сөздерінің кез келгенін құрастыра беру 
емес.
М.Әуезов
Білім еске сақтау арқылы емес, өз ойының күш салуы мен 
алынғанда ғана білім.
Л.Н.Толстой
оқып тастарлық кітап бар, төзіммен оқып зерттейтін де кітап 
бар, ұлттың жүрегінде сақталар кітап сирек.
Л.Леонов
оқу – адамды білімді болуға, әңгімелесу – тапқырлыққа, 
естігенді жазып отыру – дәлдікке тәрбиелейді.
Ф.Бэкон
Адам тану – бір бөлек, істі білу – бір бөлек.
Ф.Бэкон
Жасында көргені жоқтың,
Өскенде айтары да жоқ.
 
 
 
 
 
 
Ғ.Мұстафин
Өнер-білім бәрі де,
оқуменен табылған.
Ы.Алтынсарин
Көргенін, білгенін айтпаса, аға кінәлі.
Платон
Тақыр надандық – жамандықтың ең үлкені емес, нашар 
меңгерілген білімдерді жинай беру одан да жаман.
Платон
Білім – бақтың жібермейтін қазығы, білімсіз бақ - әлдекімнің 
азығы.
М.Әуезов
Адам әрбір мезетте өз ойын іштей дауыстап айтады.
Эзгер
Адам өз көкірегінің түпсіз тереңінен құпия дыбыс үнін естиді, 
ол – ой әлеміндегі көлбеңдеген заттың көріністері.
Риварал
Адам көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де мейірленеді, 
тезірек қолға түседі.
Абай
ойлау – асқан артықшылық және даналық.
Гераклит
Кемеңгерлік – адам қабілетінің айрықша ашылып гүлденуі, ал 
осыған әкелетін мидың биохимиялық, физикалық қызметі, ақыл-ой 
органдарының үзбей жаттығуы, үнемі үздіксіз еңбектенуі жасушаның 
қуатын еселеп арттырады.
П.Ф.Лесгарт
Адам хақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді.
Ш.Құдайбердіұлы
Сөз ойланып айтса ғана, сөзге ұқсайды.
Құтып
Бар ғылымның өзі қиялдан, ойлаудан туған. Адам осы 
жаралыстың бір бөлігі, бұл жаралыс табиғаттан бөлек емес.
Ш.Құдайбердіұлы
данышпандар неғұрлым көп жиналса, соғұрлым даналық аз бо
-
лады.
А.Ф.Амиэль
ойда – азбен, сөзде көппен бол. Толқынға қарсы жүзу – жай 
ессіздік емес, анық қатер.
Б.Грасиан


130
131
Көп білу кейде мылжыңдыққа апарып соғуы да мүмкін.
Б.Грасиан
Әдіссіздік - әлсіздік,
Ептілік те - ерлік.
Б.Момышұлы
Адам әрбір мезетте өз ойын іштей дауыстап айтады.
Эгзер
Тірліктегі ең біліксіз, сұрықсыз күрес - өз ұлтыңның ішіндегі 
рухсыз күрес!
М.Шаханов
ойша әзірлену, іштей, дауыстап жүйе-жүйесін тауып сөйлеу 
- әрі тиімді, әрі өтімді, әрі логикаға қисынды, әрі көздеген 
мақсатқа жеткізеді, әрі шешенді құдіретті тұлға деңгейіне көтеріп 
асқақтатады.
С.Негимов
Іс мәнісі алдын-ала жіті ойластырылғанда ғана, сөз атаулы 
өздігінен келмек.
Гораций
Жан дүниеңізбен әсерленбей тұрып, өзгені сезімге бөлеу 
мүмкіндігі шектеулі, өзіңіз сенбейтін нәрсеге өзгені сендіру әсте 
мүмкін емес.
Даламбер
Адам атаулы тек өз ойымен ғана еркін бола алады.
Хайдеггер Мартин
Сөйлеп үйрену – айтар ойыңды жинақтай білуге үйрену деген 
сөз.
М.М.Бахтин
Егер де біз дұрыс сөйлеуге үйренсек, онда бізді айуан да түсінер 
еді-ау.
Т.Гуэрра
Ғылым шала ақылды кісіні бүтін ақылды қылады,
Бүтін ақылды кісіні шыңға шығарады.
Жалқаулық бүтін ақылды кісіні шала қылады,
Шала ақылды кісіні жынды қылады.
Саққұлақ (Сәбелең) шешен
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегіңде болсын көз.
Абай
Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір 
мәртебе, болмаса, жұмасында бір, ең болмағанда айына бір өзіңнен 
өзің есеп ал.
Абай
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті бо
-
лады. Әрбір естелік жеке өзі іске жарамайды. Сол естеліктен естіп 
білген жақсы нәрселерін істесе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске 
жарайды.
Абай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет