132
133
Кез келген сөйленген сөз жанды құбылыс іспеттес, ол бас-аяғы
бар дене секілді және де тұтас кеуде тұсы мен аяқ жағы бір-бірімен
үйлесімді де сәйкесімді әрі біртұтастықта өрілген болып келеді.
Платон
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
ол ақынның білімсіз бишарасы.
Абай
Адамның хайуанаттан артықшылығы – тілі. Ал
оны орынды
қолдана алмаған адам хайуаннан бетер.
Сағди
Кіріспе – тұтас сөздің бір бөлімі ғана, бұл арқылы ри
-
тор өз тыңдаушыларын ілгері
негізгі сөзге ерекше ықыласпен,
ынтызарлықпен әрі түсіне құлақ қоюға әзірлейді.
М.В.Ломоносов
Сіз сот қызметкері түсінетіндей емес, қайта сізді түсінбей
қалмайтындай етіп сөйлеңіз.
П.С.Пороховщиков
Жақсы сөйлеу – жай ғана естіртіп жақсы ойлау деген сөз.
Э.Гекан
Сөйлеу сөз болатын нәрсені білуден туындап, дамуға тиіс. Егер
шешен оны тұтас қамтып, зерттеп алмаған болса,
онда шешендік
атаулы – бекершілік, тек балалық тырбаныс ғана.
Цицерон
Түсінікті болу үшін, шешен ағынан жарылуға тиіс.
В.О.Ключевский
Тіл сұлулығы – оның айқындығы мен бейнелілігінде.
Д.И.Писарев
Айқындық – сөздің басты артықшылығы.
Аристотель
Қарапайым да айқын түрде айтып беруге болмайтын ой жоқ.
А.И.Герцен
Ысылмаған ауыздан кедір-бұдыр сөз шығады.
Ғ.Мұстафин
Үздік ойлар таңғажайып сөзден артық. Сөз дегеніміз, былайша
айтқанда, сырт киім, ой - киімнің астында жасырынған дене.
Ф.М.Достаевский
дәл тауып айтылған сөзді де, жазылған сөз секілді, балтамен
шауып тастауға болмайды.
Н.В.Гоголь
Айқын түсінбегеніңді айқын айта алмайсың:
сөйлемдердің
дәл еместігі мен шатысушылығы тек ой шатысушылығын ғана
көрсетеді.
Н.Г.Чернышевский
Қарапайым сөздер, бір қарағанда, еліктеуге оп-оңай-ақ, әйтсе де
алғашқы тәжірибелер-ақ одан қиын ештеңе жоқ екенін аңғартады.
Цицерон
ойдағы қателік сөздегі қателікті тудырады, сөздегі қателік істегі
қателікті тудырады.
Д.И.Писарев
Айтар ештеңесі жоқтар әрқашан нашар сөйлейді.
Ф.Вольтер
Жүрек арқылы өткен ақыл тілі көпке жетеді.
Ж.Ж.Руссо
Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойыңа жұқпай сырғанар.
Ынталы жүрек
сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
Абай
Адам ақылдырақ болған сайын, өз ойын ықшам қалыпта
қарапайым тілмен сипаттау жеңілдей түспек.
Л.Н.Толстой
134
135
Мәдениетті сөз – ұлттық дәстүрмен,
мағыналық дәлдігімен,
сөздік қорының кеңдігімен, грамматикалық сауаттылығымен, әдеби
мәнерлілігімен ерекшелене алатын сөз.
Д.Э.Розенталь
ой көкірегінен сомдалып шыққан сөздің шынайысы да, жалғаны
да болады.
Әл-Фараби
Тіріні көрге салатын да – сөз.
Өліні тірілтіп алатын да – сөз.
Низами
Жалған сөйлеу жаныңа өлшеусіз азап әкеледі.
Ш.Руставели
Жаман істі сұлу сөздермен бүркеуге болмайтынындай, жақсы
істі де жаман сөздермен былғау мүлдем мүмкін емес.
Демокрит
Жақсы сөз жан сүйсіндіреді,
құлаққа ұғымды, ойға қонымды
келеді.
Б.Момышұлы
Сөзді сенімді сөйле, сонда тыңдаушыларға әсері жайында қам
қылудың қажеті болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: