142
143
Үлгілі жақсы сөзден тағылым берсең,
Халыққа төрт-бес дуан атың кетер.
Шал Құлекеұлы
Сөзге тапқырлық – жақсы адамшылық қасиет.
Әл-Фараби
Сөз – ойдың сәулесі. ой түсініксіздігінен сөз түсініксіздігі туады.
В.Г.Белинский
Сөздің күші – ойдың күшінде. Баста
болмаған нәрсе тілге де
оралмайды.
Н.Грибачев
Сөз – мерген, теріс қарап отырып та дәл тигізеді.
Қадыр Мырза Әли
Адамның сәні - өнер-білім ақылы,
Жердің сәні - жеміс-өнім дақылы,
Сөздің
көркі - өнегелі, өткір нақылы,
Пікірдің сәні - ең пайдалы мақұлы.
Жетес шешен
Грамматикасыз оратория – солғын, поэзия тілі – мүкіс, филосо
-
фия – үстірт, тарих – ұнамсыз, юриспруденция – күмәнді.
М.В.Ломоносов
Интеллигент адамның татымсыз, нашар сөйлегені – сауатсыз
адамның оқи, жаза алмауымен бірдей.
А.П.Чехов
Барлық заманда тіл байлығы мен шешендік өнер қатар жүріп
келеді.
А.П.Чехов
Халықтың тіліне қиянат жасау – оның жүрегін жаралау.
Г.Лаубе
Тіл тазалығы үшін, мағына дәлдігі үшін, тіл өткірлігі үшін күрес
– мәдениет құралы үшін күрес. Бұл құрал неғұрлым өткір болса, ол
соғұрлым
нысанаға дәл тиіп, жеңімпаз болмақ.
М.Горький
Егер адамның сөйлеуі де, жазғандары да күңгірт және байлам
-
сыз болып шықса, оның ойы да шала, тиянақсыз болғаны.
Б.М.Теплов
Мың батпан жүк көтерген кісі бір ауыз сөккен сөзді көтере ал
-
майды.
С.Сарайи
Арық адам өзін киіммен орайды,
ойы мардымсыз оны сөзбен
көпіртеді.
Менандр
Біреуге басқа адамның көзінше берілген кеңес кінәлау сияқты
қабылданады.
«
Кабуснамадан»
Өзің сенгенге өзгені сендіру қиын емес.
Ф.Шиллер
Мағынасыздықты эстетика ғана ақтай алады.
О.Уайльд
Шешен сөзінің дәлелділігін оның әділдікті жан-тәнімен қолдап-
қорғауы барлығына түсінікті болғанда айқын көруге болады.
Квинтилиан
Құрметті адамның сөзі жоғары игілікке қызмет етеді, себебі ол
жорамалдап айта салмайды.
Платон
Сөздің таяғына ойдың шалы сүйенеді.
М.Әлімбаев
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң, сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады,
Жол қуған олжаға жолығады.
Әйтеке би
Өтірік сөз дауға пайда, жан қас,
Өткір
пышақ қолға пайда, қынға қас.
Шорман би
144
145
Тіл әрқашан қырналып, мінеліп, өңделіп отыруға тиіс.
В.Гумбольдт
Тілі қатты таяқ жейді,
Тілі тәтті жая жейді.
Қадыр Мырза Әли
Әкім
нашар сөйлесе,
Ақын нашар сөйлесе,
Ана тілде кінә жоқ.
Қадыр Мырза Әли
Біздің кейбір балалардан көкектің балапаны жақсы. олар өзге
ұяда өссе де, өз тілдерінде қақсайды.
Қадыр Мырза Әли
Өзге
тілде сайрау қауіпті емес,
Өзге тілде ойлау қауіпті.
Қадыр Мырза Әли
Тура сөзбен талай табыс табарсың,
Күйкі сөзден күйкі қарғыс аларсың.
Ж.Баласағұни
Асыл идеяға асыл сөз керек.
Ә.Нұршайықов
Сөздің құны – кімнің айтқанында емес, пайда-зиянында.
Ж.Баласағұни
Азаматтың жүрек
сезіміне жан бітіретін, кең тынысты әрі
өзіндік өрнегі бар, іске ұмтылдыратын жаңа да асқақ сөз керек.
Достарыңызбен бөлісу: