ҚоСыМшА і. шешендік өнерге баулыр жаттығулар мен тапсырмалар 1) Сөздікпен жұмыс жасауға үйретуге арналған жаттығулар 1-жаттығу. Этимологиялық сөздіктің көмегімен төмендегі
сөздердің мағынасын түсіндіру:
абжылан; адырна; алтын; арулау; әбілһаят; базар; барымта; дүрбі; ергежейлі; жады; жарғанат; жәрмеңке; жөргем; зау-зат; қалжа; қатын; құда; қырқын; лағыман; ләм-мим; ләм; лепес; манты; ұлыс; шешен; аңысын аңдау; қаңқу; мір; мірдің оғындай; өлара; пұшпақ; сағы сыну; сүбе, сүбе би; төбе, төбе би. Үлгі: I.
Жәрмеңке – бұл неміс тілінің сөзі. Немісше
Jahr - жыл
және
Markt – сауда деген сөз. Немістер жылында бір рет белгілі
бір жерде ұлы жиын сауда ұйымдастырып, оны
Jahrmarkt деп
атайды екен. Немістерден бұл сөз поляк тілі арқылы орыс тіліне
ауысқан
, мұнда сөз соңында
– a жалғауы қосылып
ярмарка түрінде
қалыптасқан. орыс тілінен бұл сөз өткен ғасырларда қазақ тіліне
ауысқанда, қазақ тілінің фонетикалық заңына сай
жәрмеңке болып
енген.
II.
Шешен. Батыр мың қол бастайды, шешен тар жерде сөз бастайды (мақал).
Шечан //
сәсән сөзі қырғыз, қарақалпақ, өзбек,
башқұрт тілдерінде де қазақ тіліндегідей мағыналарда қолданылады.
Түркі тілдерінің бұл тобында шешен сөзінен туған
шешенсу, шешенсіну сөздері кездеседі. Өзбек тіліне
чечан сөзінің
«неге болса да ұста, шебер» , тува тілінде (
чечен) «әдемі, көркем» деген қосымша
мағыналары бар. Моңғол, бурят-моңғол, қалмақ тілдерінде
цэцэн, сэсэ(н) цэцэ сөзінің
«данышпан, ақылгөй, дана, тапқыр» деген
мағыналарымен қатар,
«мерген, дәл тигізетін, дәл басатын» деген
де мағынасы бар.
Чечен // сасан сөзінің бұл мағыналары алтай, якут,
тува тілдерінде де кездеседі. Моңғол тілдерінде
сэсэрхүү, сэсэрхэхэ сөзі –
«ақылымен, тапқырлығымен мақтану» және
«шешенсу, да - нышпансу» деген мағынаны береді.
Шешен сөзі –
шеш (чеч, сэс, цэс, цэц) түбірі мен –
ен қосымшасынан тұратын түрік, моңғол тілдеріне
ортақ сөз болуы мүмкін. Якут тілінде
сасанна - әңгіме айту,
сасаннас - әңгімелесу, сөйлесу деген мағыналарда қолданылады.