2-жаттығу.
Шетел сөздері сөздігінің көмегімен сөз мағыналарын
түсіндіру.
Абажур, абжад, абориген, абсолют, авангард, абстракт,
курьер, маркетинг, магистр, омогроф, онкология, цейтнот, цикло
-
трон, цензор, фонация.
Үлгі: I.
Омограф
(грамм.) – жазылуы бірдей болғанмен, айты
-
луы мен мағынасы әр түрлі сөздер мен сөз формалары.
II.
Цейтнот
– шахмат ойынында кезекті жүрісті қалай жүрерін
білмей тұйыққа тіреліп, уақытты ұтқызу.
III.
Фонация (лингв.)
– сөйлеу мүшелерінің әрекеті нәтижесінде
тіл дыбыстарының айтылу я жасалу үрдісі.
3-жаттығу
. Берілген сөздердің синонимдік қатарын табу.
Абай
-
лау, адыраю, аз-аздап, аласа, алыс, асығу, әдет, әдіс, әшекейлеу,
байлау, бала, бет, дағдылану, долбар, ерсі, жақындау, жынды, ке
-
неттен, көлем, күлу, қабілетті, қарғыс, құдай, лаң, мазақ, мезгіл,
мылжу, олжа, өмір, өршелену, реті, сотқар, тез, тұлға, шайтан,
шешен, іздену, мейірлену, олақ, сабырлы, салт.
Үлгі: I.
Құдай, тәңір, алла, жасаған, жалғыз, құдірет, ие, жа
-
ратушы, пір, хақ, алла тағала, құдай тағала;
II.
Бет, жүз, түр, түс, келбет, көрік, өң, ажар, шырай, пішін,
кейіп, кескін, дидар, нұсқа, рең, рай, әлпет, ұсқын, мүсін, нысай,
сүрең, сиық, сұрық, тұрпат, бәден, сықпыт, әр, порым, пошым,
сыңай;
III.
Шешен, шежіре, ділмар, сөзшең, сөзуар;
IV.
Тұлға, тұрпат, сымбат, бейне, мүше, пішін, бітім, сыпат.
4-жаттығу
. Ұсынылған сөздерге анықтама беру.
Абат, абыз,
абылхаят, агрегат, агробиология, егемен, ежеғабыл, қарақты,,
қараталақ, ойсана, ойсылқара, өспірім, өтемақы, өтпежел, панто
-
мимика, парықты, танап, таным, феномен, юрисдикция.
Үлгі: I.
Агробиология – биология ғылымының бір саласы; өсімдік
және мал шаруашылығы жөніндегі білім.
II.
Таным – 1. Ақиқат дүниені, өмірді танып білу жөніндегі білім.
2. Белгілі бір ғылым саласындағы таным-білімнің жиынтығы.
III. Юрисдикция – сот жүргізу немесе сондай іске байланысты
мәселелерді шешу хұқы.
5-жаттығу
. Тіркестердің мағынасын түсіндіру.
Ебіл-себіл; шаң
жұқпас; шашасына шаң жұқпайды; шешіле түсті; іріген ауыздан
шіріген сөз шығады; байлау сөз; бармақ басты, көз қысты; жарғақ
құлағы жастыққа тимеді; жуанның созылып, жіңішкенің үзілген
шағы; қонышынан кешті.
Үлгі: 1.
Шаң жұқпас – жүйрік шешен / Шаң жұқпас шашасына
саңлақ едім (Жамбыл) /. 2. Қонышынан кешті – белшесінен батты.
6-жаттығу
. Ұсынылған сөздердің омонимдік мағынасын табу.
Аттан, бағылан, барыс, би, бөлтірік, жаттығу, жел, жұмыршақ,
запыран, зіл, қарабарқын, құмай, мықи, хақ, қақ.
Үлгі: І.
Бағылан
–
1
.
жетілген семіз қозы;марқа; кепе.
2. өзендер мен көлдерде балықпен қоректенетін кішілеу құс.
ІІ
. Жұмыршақ – 1
.
күйіс қайыратын мал қарнының бір бөлігі.
2. ұсақ ақ гүлдері, үш бұрышты жемістері бар өсімдік
ІІІ. Мықи – 1. мықши. 2. арқасы қара қоңыр, бауыры ақ, қоңыр
жолақты жыртқыш құс
.
Достарыңызбен бөлісу: |