2) Сөйлеу техникасымен жұмыс жасауға арналған жаттығулар 1-жаттығу. Терең дем алыңыз және өзге ауа қорын пайдаланба - стан Абайдың атақты «Көзімнің қарасы» өлеңінің алғашқы төрт тармағын айтыңыз. Сіз фразаның соңына жақындаған сайын дауыс күші мен саздылығының бірте-бірте төмендеуін байқадыңыз ба? Ал енді ты - ныс шығаруды үнемді жұмсауға тырыса және қажет мезетінде тыныс ала отырып, тұтас мәтінді оқыңыз. 2-жаттығу . «О!» деп алғашқыда өте қысқа, содан кейін дыбы - стау ұзақтығын бірер ұзарта, ең ақырында «О-о-о»-ны мейлінше соза дыбыстаңыз. Дыбыстау мағынасы саздылықтың ұзақтығына байланысты ма? Кез келген өзге сөздермен /дыбыстармен де/ осы - лай істеп көріңіз.