Қыдыршаев indd



Pdf көрінісі
бет71/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
Қыдыршаев

тапсырма: 
осы жолдардағы шешеннің ойы қалай көрінген? 
Нені биік қояды? осы жолдарға жалғастырып, өз ойыңызды 
жазыңыз.
досбол би қартайған шағында ауылдас бір қария:
Жерден ауыр не?
Судан терең не?
оттан ыстық ен?
Көктен биік не? – деп сұрапты.
Сонда досбол басын көтеріп алыпты да:
Жерден ауыр – ақыл, білім,
Судан терең – оқу, ғылым,
оттан ыстық – ғашықтық,
 
Көктен биік – тәккаппарлық, - деп жауап беріпті. 
тапсырма: 
осы жолдардан біз нені байқаймыз? Өз пікіріңіз.
37) Майқы айтыпты дейтін, ел есінде сақталып, мақал, нақылға 
айналып кеткен сөздерден:
Бірлік түбі – береке,
Береке түбі – мереке.
Ақ білектің күшімен,
Ақ найзаның ұшымен,
Ел болуды ойлаңдар.
тапсырма: 
а) Қай сөз қайталанып отыр? Неге?
ә) Қанатты сөз қалай қолданылады?
б) омоним сөздерді тап.
в) Шешеннің сөзі дәл жеткізілген бе?
38)
Естіге айтқан тура сөз,
Шынға тіккен тумен тең.
Езге айтқан тура сөз,
Құмға сіңген сумен тең.
тапсырма:
а) Шешендік сөздің қай түріне жатады?
ә) Автор не айтқысы келді?
б) Көркемдік ерекшелігіне сипаттама бер.
в) Мазмұнын өз сөзіңмен әңгімелеп бер.
39)
дауыл болмай, жауын болмас,
даулы болған қауым болмас
Егіз ешкі сауын болмас
Екі жалқау ауыл болмас.
тапсырма:
а) осы шумақта қандай нақыл сөздер бар?
ә) Қандай стильдік ерекшілікке тән?
б) Әр жолда айтылған ойға түсініп ал.
в) Майқы бидің тағы қандай шешендік сөздері бар?
40) Жаңа жайлауға қоныстанған бір бай екі кедей жігітке құдық 
қаздырады. Құдық қазылып біткен соң жігіттер байдан ақысын 
сұрайды. Бай олардың біреуіне – саулық, екіншісіне қозы береді. 
Екінші жігіт оған наразы болады. Төле биге келіп шағым айтады. 
Төле би байға құдық қазған екі адамның еңбегі бірдей екенін айтады. 
Бірақ құдық иесі өз дегенінен қайтпайды.
- Адамның екі көзінің, екі қолының қайсысы кем? – дейді 
байға.
Ешқайсысының кемдігі жоқ. Екеуі де бірдей.
Сөзіңізге жығылдым, биеке! Өкпелі жігітке қой берейін, - депті 
амалы құрыған бай.
тапсырма:
а) Төле би ойын қалай жеткізді?
ә) ойдың әсерлі, айқын жеткізілуі қандай қасиеттерге байланыс-
ты?
41) Іргелес отырған Жанту мен Жантас ауылының екі жігіті 
шабындыққа таласып қалады. Ақырында бірін-бірі көрмеуге серт 
берісіп, екеуі ат кекілін кеседі. Ай өтеді, жыл өтеді, бірақ екеуі татулас-
пай қояды. Әкелері мен аталарының ақыл-кеңесіне мойынсұнбайды. 
осыны естіген би араздасқан жігіттерді шақырады. Төле бидің үйіне 
екі жақтан келген екі жігіт аттарын бір қазыққа байлап үйге кіреді. 
Тізе бүгіп биге қол беріседі. Би ләм-мим демей екі жігітпен сыртқа 
шықса, екеуінің аттары бірін-бірі қасысып тұр дейді.
Япырмай, мына екеуінің бір-бірін тануын қарашы? – дейді Төле 
би қасынысып тұрған аттарды көріп. Кекілдері де келісті екен.
Бидің осы сөзінен кейін екі жігіт қол алысып, татуласады.
- Жолдарың болсын! – дейді оларға Төле би.
тапсырма:
а) ойдың дәлдігі мен айқындығы қалай жеткізілген?
ә) Қандай эмоциональды сөздер бар?
42) Айтық Бәйбекұлы әлі Әйтеке би аталмаған жас кезінде 
Қазыбек биге жолығыпты. Сонда ел билігіне араласып, атағы жайы
-
лып қалған би аға:


226
227
 
 
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің оңы болады.
Атадан жаман ұл туса,
Көшінің соңы болады, - деген, сен сол ұлдың 
қайсысы боласың? – депті. Сонда оның алдына жүгініп отыра кеткен 
Айтық:
ораздының кәрісі,
Қартайғанда қазына болады.
Араздының кәрісі,
Қартайғанда қазымыр болады, - демекші, сіз өзіңіз 
соның қайсысы боласыз? – деп қарсы сұрақ қойыпты. Қаз дауысты 
Қазыбек Қаражігіттің батылдығына риза бопты:
- Е, жігітім, халқым сөзімді тыңдаса, қазынасы болармын, - 
дейді. Қаражігіт:
Мен де халқым құп алса, елімнің оң сөйлер ұлы болармын, - 
деп, орнынан тұрып Қазыбек ағасына қайта сәлемдесіпті, - дейді.
тапсырма:
а) ойдың көркемдік ерекшелігіне назар аудар.
ә) Өзіңе ұнаған тақырыпта сөйлеуге әзірлен.
43) Төле би мен Қаз дауысты Қазыбектің бір әділ билігіне риза 
болған Әйтеке би көп адам отырған жиында:
Бүркіт бол, заманыңыз түлкі болса,
Бай болар, кедей жігіт мүлкі болса.
Жақсылардың белгісі сол емес пе,
Қара қылды қақ жарған әділ болса, - депті.
тапсырма:
а) Қандай көркемдік құралдар қолданылған?
ә) Шешендік сөздің қай түріне жатады?
б) осыған ұқсас мақал-мәтелдер жина.
44) Әлім ауылының бір аяулы қариясының кенже баласы жау
-
мен шайқаста найзаға ілігіп мерт болады. Сонда көңіл айтуға баты
-
лы бармай тұрған көпшілікті Әйтеке би бастап барып, әлгі қарияға:
Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Тамыры суда болса да,
Уақытысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ.
дүние деген фәни бұл,
Панасы жоқ, тұрақ жоқ.
Баласы жоқта мият жоқ.
Бәрінен де сол қиын.
Түнде жанған шырақ жоқ,
Артта қалған тұяқ жоқ,
Шүкіршілік етіңіз, - дегенде, ол кісі: Әйтекембісің? 
– деп, басын көтеріпті деседі ел.
тапсырма:
а) Шешендік сөздің қай түріне жатады?
ә) Бір сөздің қайталануының қандай әсері бар?
б) ойдың құрылымы мен бейнелілігі қалай көрінген?
в) осы мәтінге сай өз ойыңды жазып кел.
ІІ. Шешен сөйлеу сапасын бағалау үлгісі
Тегі, аты-жөні ________________________________________
Мерзімі _____________________________________________
Сөйлеу тақырыбы ____________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет