Қыдыршаев indd



Pdf көрінісі
бет70/73
Дата07.02.2022
өлшемі4,53 Kb.
#85808
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
Қыдыршаев

тапсырма:
 
Ойды сыпайылап тұрған сөздің астын сызыңыз.
1) Арнайы дайындалмаған кездейсоқ жағдайларда орынды
әрі ретімен сөйлей аласыз ба? Тексеріп көріңіз. ол үшін сіздің 
сыртыңыздан достарыңыздың бақылау жасауын өтініңіз.
2) Бір шығарманың алғашқы және қайтадан жазылған 
нұсқаларын оқып көріңіз. Студент оқытушының ескертулерін ескер
-
ген бе? Нені қалай түзеткен?
3) Сіз көршілес отырған құрбыңыздың өтінішін орындай алмай
-
тын болдыңыз. Қалай жауап бересіз?
а) бұлтартпай бірден айтасыз;
ә) өтінішін орындай алмағаныңа өкінгендей кейіппен жұмсақ 
жауап бересіз;
б) екіұшты, дәмелендіре жауап бересіз.
11)
Сіз жаңа бір ұғыммен таныстыңыз. ол тура
лы 
кітаптан 
оқыдыңыз. Мүмкіндігінше қарапайым, түсінікті тілмен досыңызға 
немесе басқа біреуге ұғындырып беріңіз.
12) достарыңызбен демалыс кезіндегі қызықты жайт
-
тарды, сүйікті кітабыңыз жайлы, қай жерде көбірек болғанды 
ұнататындығыңыз жайында әңгімелесіп отырсыздар. Өзіңіздің 
сөзіңізді риторикалық анықтамадан бастаңыз.
13) «Адамдар неліктен бір-бірімен қарым-қатынас жасайды» 
деген тақырыпта аудитория алдында шығып сөйлеу Сізге тапсырыл
-
ды. Өзіңіздің ойыңызға қажетті мысалдарды жинақтадыңыз. олар
-
ды сөзіңіздің қай бөліміне енгізер едіңіз?
14) «Иә» деген сөзді әрқилы айтылатындай (көңілсіз, қуанышты, 
келісім білдірерліктей, қарсылық білдірерліктей, т.б.) бірнеше 
жағдайларды ойластырыңыз.
15) Сіз жаңа фирманың басшысысыз. Өзіңіздің фирмаңыздың 
кәсібіне байланысты атау таңдаңыз. Басшылар кеңесінде 


222
223
фирмаға берілетін өзіңіз таңдаған атауды қорғап шығыңыз. Сіздің 
ойыңызша, атау таңдауға қандай басты талаптар қою керек. Жарыс 
ұйымдастырыңыз.
16) Өзіңізге белгілі кітаптың мазмұнына үңіле отырып, атауына 
талдау жасаңыз. Мәтінмен қандай байланысты байқадыңыз.
17) Сіздің өміріңізде фото-суреттердің қандай маңызы бар? 
олар неге керек? Қысқаша сөз сөйлеу мәтінін әзірлеңіз. Сөйлеуге 
дайындалыңыз.
18) Мәтін құрамындағы өзге біреудің сөзі, яғни дәйексөзі қандай 
рөл атқарады? Басқа біреудің пікірлерін автор қандай мақсатпен пай
-
даланады? Ауызша жауап әзірлеңіз.
19) Сүйікті кітабыңызға пікір жазыңыз. Бұл шығарма сізге 
ұнады ма? Несімен ұнады?
20) Сіздің тобыңызда, университетте осы аптада, осы айда, осы 
семестрде немесе осы жарты жылдықта қандай қызықты оқиға бол
-
ды, сол жөнінде естелік жазыңыз.
21) Қандай тақырыптарда пікіралмасу ұйымдастыруға болады 
деп ойлайсыз? Қалаған тақырыбыңыз бойынша сценарий үлгісін 
әзірлеңіз.
22) Газет бетіне қандай материалдар басылады? олардың ав
-
торлары кімдер? Кез-келген газеттің бір санын алып қараңыз және 
бірінші, екінші, үшінші, төртінші беттердегі материалдарда не жай
-
лы айтылғанын анықтаңыз.
23) Қожанасыр туралы, оның алғырлығы, тапқырылығы, 
білгірлігі жайында әңгімелер негізінде 3 минуттық пікір айтуға 
әзірленіңіз.
24) Алдар Көсеге байланысты әңгімелерге қысқаша 
сипаттамалық мәтін үлгісін әзірлеңіз.
25) Жиренше мен Қарашаш, Қаз дауысты Қазыбек, Төле би, 
Әйтеке би, Сырым датұлы, Бала би, досбол шешен сияқты данышпан, 
ойшыл, гуманист көсемдердің өмірі туралы олардың ел арасындағы 
дау мен билікке араласқан от ауызды, орақ тілді болғандығы жөнінде 
өз пікіріңізді айтуға әзірленіңіз (3 мин.).
26) Абай Құнанбаевтың дәстүрлі шешендік өнерге қатысы 
хақында нақтылы мысал келтіре сөз сөйлеуге әзірленіңіз.
27) Би-шешендер туралы рефераттар жаздыру, материалдар жи
-
нату.
28) Жаңылтпаш, мақал-мәтел, жоқтау, көңіл айту үлгілерін теріп 
жазу.
29) Әрбір студенттің шешендік бата үлгісін жасауға дайындалуы.
30) Шешендік сөздерден троп, фигураларды теріп жазу, 
шешендік көріктеу құралдарын талдау.
31) Сөздіктермен жұмыс.
32) Қазіргі қазақ шешендерінің көсемсөз үлгілерін /Н.Назарбаев; 
Ә.Кекілбаев т.б/ талдау.
33) Радиогазет, теледидардағы сөйленген сөздердегі жіберген 
қателіктерді немесе теріс айтылған сөздерді жинақтап, дұрысына 
көз жеткізу.
34) Бір үйдің баласы болма,
 
Көп үйдің санасы бол!
 
Бір елдің атасы болма,
 
Бар елдің данасы бол!
 
Бір тонның жағасы болма,
 
Көп қолдың ағасы бол!
 
Ақты ақ деп бағала
 
Қараны қара деп қарала.
 
Өзегің талса, өзен бойын жағала,
 
Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала.
 
Өзіңе кәміл бол,
 
Халқыңа әділ бол,
 
Жауыңа қатал бол, - 
деген Төле бидің сөзі шешендік 
сөздердің қай түріне жатады? Бұл жолдардан нені түсінуге болады?
35) Қазыбек биге бір адам «Кім жақын?», «Не қымбат?», «Не 
қиын?» сауалдарына жауап беруін өтінсе керек. Сонда Қазыбек би 
былай деп жауап қайтарған екен:
а) Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, ағайың жақын.
Бауырмал болса, інің жақын,
Инабатты болса, келінің жақын.
ә) Алтын ұяң – отан қымбат,
Құт-берекең – атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат,
Асқар тауың - әкең қымбат,
Туып өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат.
б) Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқылаған сөз қиын,


224
225
дәл осындай жағдайда,
Пана болмас өз үйің.
Жазылмаса дерт қиын,
Іске аспаған серт қиын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет