75
8-күн, 2-сабақ.
Бағалаудың сапасын қамтамасыз ету
8.3-тапсырма.
Бағалауды қолдайтын факторларды анықтаңыз және әр факторға мысал
келтіріңіз.
Оқушыларға қатысты
факторлар
Мұғалімдерге қатысты факторлар
Сыртқы факторлар
8.4-тапсырма.
Жағдаятты зерделеп, себебін анықтаңыз және шешімін ұсыныңыз.
1-жағдай
Мұғалім жаңа сабақты түсіндіріп болғаннан кейін оқушыларға орындауға
тапсырма берді. Ол сабақта түрлі-түсті
стақандарды қолданып, «Бағдаршам» әдісі
арқылы өткізуді шешті.
Тапсырманы орындау үдерісінде кейбір оқушылар жанына сары түсті
стақанды,
басқалары – қызылды, үшіншілері – жасылды қойды. Бұл кейбіреулерінің тапсырманы өз
бетінше орындай алатынын, ал басқалары мұғалімнің
немесе сыныптасының көмегін
қажет ететіндігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: