Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная военная и технологическая подготовка»



Pdf көрінісі
бет40/139
Дата07.02.2022
өлшемі4,97 Mb.
#86094
түріМетодические рекомендации
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   139
 
 
 
 
 
 
14-
сурет. Әскери және еңбек даңқының бұрышы 


76 
Алғашқы әскери дайындық (АӘД) кабинеті
алғашқы әскери дайындық, 
өмір қауіпсіздігінің негіздері, азаматтық қорғаныс бойынша бірқатар 
практикалық және теориялық сабақтарды, әскери-патриоттық тәрбие 
жұмыстарын, сондай-ақ, сабақтан тыс уақытта үйірме жұмыстарын жүргізуге 
арналған оқу-тәрбие үдерісінің материалдық базасы болып табылады [10].
Жалпы білім беретін мектептердің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқу 
материалдық-техникалық базасы: алғашқы әскери дайындық кабинеті; оқу 
қарулары мен әскери-техникалық мүлікті сақтайтын бөлме; алғашқы әскери 
дайындықты оқу-үйрену қалашығы; ату тирінен құрылады.
Күндізгі қарауылдың міндеттерін практикалық оқуға арналған орын 
кабинеттен шыға берісте немесе кабинетке жақын басқа оқитын жерде 
жабдықталады және құжаттамалары бар стенд, кітаптар мен журналдар 
макетінен, телефон аппаратының макетінен тұрады. Өрт сөндіру құралы (өрт 
сөндіргіш) күндізгі қарауылдың жанында орналасады.
Ату тирі – арнайы жабдықталған бөлме немесе сол оқу орны орналасқан 
жердің үлескісі. Ол артта оқ линиясымен, алда – оқ қағарлар және 
қабырғалармен, қырынан – тирдің аумағынан оқтың ұшып кетуіне кедергі 
жасайтын қабырға немесе стенд.
Тирлер ашық, жартылай жабық, сондай-ақ 25,50 метр және одан да көп 
темірбетон трубалар қолданып, ықшамдалғаны болады. Бұл жерде 
айналадағылар үшін толық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, ату аумағына адамдар 
мен жануарлардың кіру мүмкіндіктерінің алдын алу керек. Стенділер атуға 
даярлық бойынша жабдықталады.
Оқу-үйрену қарулары мен әскери-техникалық мүліктерді сақтауға 
арналған бөлме сабақ өткізуге арналған оқу-материал базасын сақтауға, күтіп-
баптауға және дайындауға арналған. Ол оқу-үйрену қарулары мен әскери-
техникалық мүліктерді сенімді қорғауды қамтамасыз етуі керек.
-
мүліктерді қоюға арналған сөрелер (стеллаждар);
-
қаруды сақтауға арналған пирамида;
-
өртке қарсы құралдар;
-
АӘТД арналған әскери-техникалық мүлік жинақтары.
Сақтау қоймасын алғашқы әскери дайындық бөлмесімен қабырғалас 
бөлмеге жабдықтаған дұрыс.
Терезелер темір тормен қапталған болуы керек.


77 
15-
сурет.
 
Алғашқы әскери дайындық оқу-үйрену қалашығы
Алғашқы әскери дайындық оқу-үйрену қалашығы мектеп аумағында 


78 
орналасады және ол асфальтталған алаңда оқу-құралдарымен жабдықталған 
болуы керек. Оған мыналар жатады:
-
саптық дайындықтан сабақ өткізетін орын;
-
сақшының міндеттерін іс жүзінде үйренуге арналған орын;
-
жабдықталған тактикалық алаң мен ату қалашығы;
-
спорттық шағын қала.
Алғашқы әскери дайындық қалашығын салған кезде, оқу құрал-
жабдықтарының элементтерін қайта құру арқылы тактикалық және атыс 
сабақтарына қажет түрлі комбинацияларды құру мүмкіндіктерін қарастырған 
дұрыс.
Білім беру ұйымдарындағы ату тирі – бұл кіші калибрлі винтовкадан 
нысанды атуға арнайы жабдықталған құрылым. Сабақ кезінде тирде қауіпсіздік 
шаралары сақталып, оқушылармен тиісті нұсқаулар жүргізілуі керек. Білім беру 
мекемелерінде ату тирінің болуы міндетті емес.
Алғашқы әскери дайындық кабинеті.
1) «
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің нысандары», 
«
Тактикалық дайындық», «Саптық дайындық», «Әскери топография», 
«
Азаматтық қорғаныс» және т.б. стенділер;
2) 
оқу құралдары: графикалық көрнекі құралдар, жарғылар, жер бедерінің 
макеттері, атқыш құралдар;
3) 
Алғашқы әскери дайындық кабинетінде келесі құжаттар болуы қажет:
– 
жалпыәскерлік жарғының жинақтары;
– 
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ішкі қызметінің 
жарғылары;
– 
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гарнизондық және 
қарауылдық қызметінің, тәртіп және әскери саптық жарғылары;
– 
атқыш ісі бойынша нұсқау;
– 
жастардың алғашқы әскери дайындығының бағдарламалары, оқу-
материалдық базаны және жабдықтарды жетілдіру бойынша ұсыныстар;
– 
бастапқы әскери дайындық бойынша оқулықтар;
– 
әскери топография, азаматтық қорғаныс және медициналық-санитарлық 
дайындық бойынша оқулықтар [11]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет