(Ұ) тереңдікке секіру – биіктігі 30 см орындықтан секіру
.
Нұсқау – демді іште ұстамастан жеңіл секіру; қос аяқтап бар
екпінмен қарғу, жерге екі аяқтың ұшымен түсу. Жерге түскен-
де, қажет жағдайда алға бір қадам аттап барып тепе-теңдік
сақтау.
Қимылды орайластыра орындауға көңіл
бөлінеді – аяқты жаза отырып қолды төмен түсіру, содан
кейін алға созу.
Балаларға тегіс емес жерге, биік немесе қисаңдап тұрған зат-
тардың үстінен секірген қауіпті екенін ескертеді.
(Ұ) «теңіз толқиды» қимыл ойыны
Қатысушылар арасынан ойын бастаушы таңдап алынады.
Қалғандары бір-бірінен бір қадам қашықтықта дөңгелене
тұрады және әрқайсысы өз орнында шеңбер сызады. Бастаушы
«теңіз толқиды» деп айтып ойыншыларды айнала «жылан»
жүріспен жүреді де, балалар оның артынан бір-бірінен ұстап
біртіндеп тізбек құра ереді. Бастаушы «теңіз тынышталды»
деген кезде, балалар қолдарын жіберіп, өз орындарына қайта
жүгіреді. Шеңберсіз қалған бала бастаушы болады.
Бала санына қарай
диаметрі 8 см доп-
тар.
Допқа арналған
себеттер.
Биіктігі 30 см
орындықтар.
Қорытынды
бөлім
28–30
«Достық деген немене?» деп сұрадым құстан мен.
– Бұл дегенің, аспанда қызғыш құс пен шымшықтың бірге
ұшқаны емес пе.
Сұрадым мен аңдардан:
– Достық деген немене?
– Қоян жүрсе, түлкіден жайбарақат қорықпай.
Достығың, сол емес пе.
Қыздан барып сұрадым:
– Достық деген – не нәрсе?
Ол құшаққа сыймайтын
Шаттық пенен қуаныш!
Балалар үнемі тату боп
Бәрі бірге ойнаса,
Қыздарды ұлдар ренжітпей
Бұрымына тимесе.
Дос болу керек әрине:
Балалар, құстар, бәрі де!
|