(ПК) «тұзақ» қимыл ойыны
Балалар екі шеңбер құрады. Ішкі шеңбердегі балалар қол
ұстасып бір бағытқа қозғалады, ал сыртқы шеңбер қарсы
бағытқа айналады. Педагог белгі бергенде екі шеңбер
тоқтайды. Ішкі шеңбердегілер қолдарын көтеріп қоршау
жасайды. Қалған балалар жүгіріп келіп қақпа астынан
өтіп шеңбер ішіне кіреді де, қайта шығады. Педагог белгі
бергенде, ішкі шеңбердегі ойыншылар қолдарын дереу
төмен түсіреді. Шеңбер ішінде қалып қойған балалар
тұзаққа түскен болып саналады. Олар іштегі шеңберге
қосылып қол ұстасады. Ойын әрі қарай жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: |