Арқамен артқа аунау
. 1. «Су түбіне түсу»
Біз теңіз жағасындамыз және біртіндеп суды бойлап түбі-
не түсеміз.
Бір-біріңе жотамен қарап тұрыңдар.
Міне, біз теңіз
түбіндеміз.
Бастапқы қалып: еденде отыру.
Тізені кеудеге қысып, өкшені алға созамыз; қолмен тізені
айқара құшақтап басты тізеге жақындатамыз. 1-2 –
қалыптан артқа қарай аунаймыз. 3-4 – бастапқы қалып
Ырғақты музыка.
.
Тұсаукесер: «Теңіз
түбін мекендеуші-
лер».
85
.
2. «Шаян»
Теңіз түбінде шаян қысқыштарын баяу қимылдатып
жүріп келеді. Ол түк-түк аяқтарын ербеңдетіп, адым-
дайды.
Бастапқы қалыпта тізені бүгіп, денені тік көтеріп
ұстайды. 1–4–аяқты жылжытып, қысқа адым ат-
тайды.
3. «Теңіз жұлдыздары»
Б.қ. – арқамен жерге жату, аяқты біріктіріп, қолды
дене бойымен тік созады.
1 – аяқ-қолды еркін жазып, аяқтың ұшын созады /демді
ішке тарту/.
2– б.қ.:/демді сыртқа шығару/.
4. «Тікенек кірпі»
Тікенек толған кірпі
Қолмен ұстай алмайсың.
Б.қ. Ішпен жатып, қолды дене бойымен созып жату.
1. Тобықтан жоғары қолмен ұстау. Басты, кеудені
және жамбасты барынша көтере отырып иілу /демді
ішке тарту/.
2. Бастапқы қалыпқа оралу /демді сыртқа шығару/.
5. «Теңіз құрты»
Теңіз құрты бүйір қанаттарының көмегімен жүзеді.
Б.қ. –
еденде отырып, қолды шынтақтан бүгу.
Жамбаспен алға-артқа жылжу.
6. «Теңіз шаяны»
Бастапқы қалып – қолмен арттан тіреу, тізені бүгу,
денені тік ұстау, аяқ пен қолға сүйене отырып алға
жылжу.
Тыныс алуға назар аударылады.
7. «Актиния» теңіз анемондары
Теңіз түбінде ерекше бір гүл өседі.
Актиния немесе теңіз анемондары су ағыны қалай ақса,
солай қарай тербеліп тұрады.
Б.қ. – тізені бүгіп отыру,
қолды дене бойымен ұстау, денені артқа шалқайту.
13–27
8. «Маржан» – акробатика элементтерімен түрлі фигура-
лар жасау.
«Теңіздегі майда тастармен ойнаймыз»
Шарикті лақтыру және стақанмен ұстап алу.
Стандартты емес жабдықтар (пластмасса стақандар)
пайдалана отырып орындалатын ойын түріндегі негізгі
қимыл-қозғалыстар кезінде балалардың бір-бірінен ай-
тарлықтай алшақ отырғанына көз жеткізіңіз.
«Теңіз түбіндегі ойындар»
«Жылдам балықтар»
Стақандар арасымен шашырай жүгіріп жүру, «Тоқ соға-
тын скат!» деген белгі берілгенде жасырынып, стақанды
басқа қойып, қатып қалу. Нұсқау – статистикалық те-
пе-теңдік сақтау: басты еңкейтпей, денені тік ұстау.
Пластмасса стақан-
дар.
Целлулоидті шарлар.
Теңіз түбінің шега-
расын белгілейтін
таспалар.
|