113
Жоспар
Жоспарланған
уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
ресурстар
Қызығушылықты
ояту
0–3 минут
(Ұ, Ө)
Балалармен қазақтың дәстүрлі ат жарысы туралы
әңгімелесу.
Аламан бәйге –
алыс қашықтыққа шабу, даладағы түрлі
табиғи кедергілерден өту. Қысқа және орташа қашықтыққа
шабу.
Қашықтықтар санаты: 7,12 және 16 км. Жамбы ату (садақ
атысының орнына).
Баяу жүру, жүгіру – 2 минут, тыныс алуды қалпына келтіру.
Кең, бос кеңістік.
Негізгі бөлім
4–12
13–27
(ПК, Ұ, Ө)
Қамшымен орындалатын жалпы дамыту жат-
тығулары.
«Бәйге»
Топ мүшелерінің әрқайсысы заттар
арасымен атпен шапқан-
дай шоқырақтап жүгіріп, топқа кері қайтады. Қамшыны қа-
тардаға келесі баланың қолына берген соң,
саптың соңына
барып тұрады.
«Жамбы ату»
Мәре сызығынан 7 метр қашықтыққа тік нысана орна-
тылады. Балалар атпен келіп 4 метр қашықтықтан нысанаға
дәлдеп тигізуі тиіс.
«тымақ ұру»
Мәре сызығынан 6 метр
қашықтыққа шаршылар орна-
ластырыңдар. Шаршылардың үстіне тымақ қойылады.
Ойынға қатысушылар атқа мініп тымақты қамшымен бір
ұрып түсіруі тиіс.
Ұзындығы
70 см бұрымдай
өрілген жіп,
аттың
басы мен
таяқтар.
Биіктігі 2 м
тік нысана.
Құм толтырылған
қапшықтар.
Шаршылар, ты-
мақтар, қамшы.
«теңге алу»
Топтар тізбегінде бірінші тұрған екі салт атты өздерінің оң
қол жағындағы құрсауға шауып келіп тиын алады да, өз
топтарына кері қайтады. Олар мәре сызығына жетісімен ат
қылып мінген таяқты келесі балаға беріп,
тиынды кәрзеңке-
ге салған соң саптың соңына барып тұрады. Бірінші болып
көп тиын жинаған топ жеңіске жетеді.
«Ең жүйрік»
Топ мүшелерінің бірі заттар арасымен шоқырақтап шауып
(атқа мінгендей) топқа кері оралады.
Оған саптағы екінші
бала мінгеседі де, екеуі жұптасып қимыл-қозғалыс орын-
дайды. Осыдан кейін келесі баланы мінгестіріп алады. Топ
мүшелерін бәрінен бұрын мінгестіріп үлгерген топ жеңеді.
Қолорамалға
түйілген тиындар,
топтар
санына қа-
рай құрсаулар.
Қорытынды бөлім
28–30
Балалармен бірге әр сайыс үшін ұпай есептеу арқылы
жеңімпазды анықтаңыз. Басқа топтармен жарыста жеңіліске
ұшырау себептерін талдауды ұсыныңыз.