67
Сапаны басқаруды қалайша жүзеге асыруға болады? Бұған
жауап:
«Жоспарла – жаса – тексер – әсер ет» формуласына жүгіну
керек. Бұл «басқару аясы» деп аталады. Ол дұрыс бағыт-бағдармен
жүруге жәрдемдеседі. Басқару аясы алты сектордан тұрады, яғни іс-
шаралардың алты жиынтық кешені болып қолданылады.
1) мақсаттар
мен міндеттерді анықтау;
2) мақсатқа жету тәсілдерін анықтау;
3) кадрларды оқыту мен даярлау;
4) жұмысты орындау;
5) орындалған
жұмыс нәтижелерін тексеру;
6) тиісті басқарушылық әсер етуді жүзеге асыру.
Сапаны қамтамасыз ету қағидалары мынадай:
•
Бақылауға негізделген сапаны қамтамасыз ету.
•
Өндірістік процестерді басқаруға негізделген сапаны
қамтамасыз ету.
•
Өнімнің жаңа түрлерін жасау сатысындағы сапаны
қамтамасыз ету.
Ғылым мен техниканың алғы шебінде тұрған Жапония
фирмалары мынандай міндеттер қояды:
- фирманың
өркендеуі мен беделін көтеру;
- барлық қызметкерлердің күш-жігерлерін біріктіру, міндеттерді
шешуге түгел қатысу, үйлесімді іс-әрекет жасайтын жүйе құру;
- тапсырыс беруші мен тұтынушылардың сеніміне ие болу;
- жаңа өнімді жасауға деген шығармашылық тәсіл (бірегей
технология);
- сапаны тиімді әкімшілік басқару;
- жеке тұлға, өндіріс мәдениеті, келесі ұрпаққа берілетін дәстүр
сабақтастығы;
- сапаны басқарудың статистикалық тәсілдерін қолдану.
Басты қағида: «Фирманың бет-бейнесін қызметкерлер
анықтайды». Жер-жерлерде сапаны
қамтамасыз ету саясатын
жүргізудің ең бәсекеге қабілетті формасы сапа үйірмелері (топтары)
болып табылады.
Өнеркәсіптік жүйенің айрықша белгілерінің бірі – басқа елдердің
тәжірибесін ескеру ғана емес, бәрінен бұрын өзінің күшті жақтарын
қолдану болып есептеледі.
Жапондық тәжірибеде ХХ ғасырдың 60-жылдарының басында
68
пайда бол-ған сапа үйірмелері ең ықпалды болып шықты.
Үйірмелерді құрудың қарапайымдылығы мен олардың жоғары
тиімділігі өндіріске жақсы ықпал етті, батыстың жапон тәжірибесін
көшіруге ниетін аударды (психологиялық ерекшеліктер басқаша).
Сапа үйірмелері мақсаттарының бірі – ұжымдық жұмыс арқылы
адами қатынастарды тереңдету және өндірістік проблемаларды
бірлесіп шешу.
Үйірме қызметінің негізінде үш қағида жатыр:
- өндірісті жетілдіруге өз үлесін қосу;
- жұмыс орнында жақсы қуанышты, көңілді рәуіш-күй жасау;
- адамның шексіз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін мүмкіндік
беру.
Достарыңызбен бөлісу: