Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


  Автор  І. ЖОБАЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ



Pdf көрінісі
бет3/166
Дата07.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#87114
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   166
Байланысты:
жобаааааа

.



Автор 
І. ЖОБАЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ 
1.
 
Қоғамдық-әлеуметтік қайта қҧрулар жағдайында 
жобалаудың пайда болуы мен дамуы 
ХХ ғасырдың екінші жартысында интеллектуалдық
әрекеттерді ұйымдастыру теориясымен қатар олардың 
жобалау бағдарламаларын құрастыруды жүзеге асырыла 
бастады және оның негізіне теориялық білімдер ғана емес, 
кӛбіне тәжірибелік талдау қызметтері алынатыны белгілі 
болды. 
Бұған 
дейінгі 
кездері 
ұйымдастырушылық 
мәдениеттің теориялық дамуы негізінде таңбалаудың жаңа 
түрлері – модельдер, алгоритмдер, ақпараттар қоры, т.б. 
жасаудың кӛптеген жолдары пайда болып, кейін бұлар жаңа 
технологиялар құрастыруға негіз болып отырды. Осылайша, 
жаңа модельдер мен технологиялар ӛнім күйінде ғана емес, 
таңбалар 
түрінде 
шығарылып, 
олар 
жобалауды 
ұйымдастырудың басты элементтеріне айналды.
Жобалау пайда болған алғашқы кезеңдерде жобаны 
ғылыми негізделіп, дәл есептелген түрде жасалатын және 
негізінен технологиялық қызметтерді пайдаланылатын 
белгілі бір нәрсенің нобайы деп түсіндірілген болатын. Кейін 
ӛзінің кең таралуына байланысты жобалау әмбебаптық 
сипат алды. Мысалы, экстенсивтік тұрғыдан қарастырсақ, 
жоба жасау және оны ендіру барлық салаларды: ӛнеркәсіп 
пен құрылысты, мәдениет пен саясатты, білім беруді 
қамтитынын 
кӛруге 
болады. 
Интенсивтік 
тұрғыдан 
қарастырсақ, жобалау объектісі мен тақырыбы, проблемасы 
мен әдістері, құрылымы бірдей болып келетін рефлексиялық 
құралдар 
арқылы 
(логикалық, 
семиотикалық, 
психотехникалық) ұйымдастырылатыны да байқалады. 
Осындай біртұтас не бірегей тұрғыда түрлі салаларда 
қолдануға болатыны жобалаудың әлеуметтік тиімділігінің
кӛрсеткіштері болып табылады. Сонымен қатар, жобалаудың 
автономдығы басқа интеллектуалдық және әлеуметтік-



мәдени әрекеттер түрлерінен, мысалы, ғылыми зерттеулер 
мен бағдарламалау, жобалау мен басқару, құрастыру мен т.б. 
қарым-қатынастардан ӛзгешелігін кӛрсетеді. 
Бұдан бірнеше жылдар бұрын, қоғамның тұрақты 
дамуы кезеңінде қалыптасқан дәстүр бойынша, практикалық 
сала қызметкерлері, инженерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, 
технологтар мен басқа да маман иелері–ғылымнан, ғалымдар 
мен ғылыми –зерттеу орындарынан түсетін жаңа 
нұсқаулықтарды, 
ұсынбаларды 
сынақ–эксперименттен 
ӛткізетін, соған сәйкес құрылымдар мен технологиялар 
құрастырып, кӛпшілік тәжірибесіне ендіретін еді. Бүгінгі 
таңда, ақпараттар мен жаңалықтардың пайда болу 
жылдамдығы калыптасқан жағдайда бұлай жұмыс жасау 
тиімсіз екені белгілі болды. Осыдан келіп, адамдар 
тәжірибесінде жаңа табиғи даму жолдарын пайдалану –
әлеуметтік, экономикалық, технологиялық, білім беру т.б. 
жүйелердің ӛзіндік инновациялық модельдерін құрастыру: 
авторлық модельдер, технологиялар мен әдістемелер, т.б. 
жасап, жобалар түрінде тәжірибеге ендіру кеңінен тарай 
бастады.
Зерттеушілер пікірінше, жобалау «сызба арқылы 
кӛрсету шеңберінен асып болашақ ситуацияны кӛзге 
кӛрсететін және адам баласын қоршаған жаңа жағдайларды 
ӛзгертудің негізін салады». Жаратылыстану ғылымы 
парадигмасы логикасындағы дәстүрлі жобалау техникалық, 
инженерлік, 
архитектуралық 
салаларда 
жоспарлау, 
модельдеу, «болашақ бейнені» құрастыру мақсатында 
қолданылып келді. Жобалау институттары элитарлық түрде 
құрылып, 
оны 
жүзеге 
асыру 
олардан 
бӛлек 
«технологтардың» 
міндеті 
болды. 
Жобалау 
мен 
технологиялық білімдердің біріктірілуі жүзеге асырылған 
елдерде (АҚШ, Жапония және т.б.) постиндустриалдық 
қоғамға қарышты қадамдар жасалғаны белгілі. Басқарудағы 
мұндай ӛзгерістер мен жаңғыртулар жобалау әрекетімен 
байланыстырылып, әуелі оның сұлбасын немесе идеалдық 
бейнесін белгілеп алу, оған жетуге қажетті әлеуметтік-
техникалық әрекеттер құрылымын жасаудың маңызы атап 
кӛрсетіледі. 


10 
Жобалау 
мен 
ғылыми 
зерттеудің 
ӛзара 
байланыстылығы. Жобалау әрекетінің ықпалымен ғылыми 
зерттеулердің ғылыми-техникалық әрекеттердің басты түрі 
ретінде қарастырылуы азая бастады, сондай-ақ, жоспарлау 
түрі де жобалауға сәйкес ӛзгеріске түсті. Ақпараттық 
технологияның дамуына сай компьютерлік бағдарламалау 
мен басқару тетіктері, оның құралдары ӛзгерді, осыдан келіп, 
жобалау түсінігі үнемі ӛзгеріп отыратыны белгілі болды. 
Солай бола тұрса да, жобалау мен зерттеуді біріктіретін 
нәрсе – олар үшін шынайы объектілердің ортақ болуы, ал 
объект ӛзін нысан ретінде алып отырған жағдайға сай
ғылыми танымдық немесе жобалау қатынасы болған кезде 
ғана шынайы объект бола алады. 
Жобалаудың жаңа сипаты оның жүйелі зерттеу 
әрекетімен тығыз байланыстылығында, яғни, жобалау мен 
зерттеудің біріктірілуі бүгінгі ӛркениет тудырып отырған 
құбылыс. Ӛндірістің жүйелі құрылымына зерттеушілік, 
құрастырушылық және ұйымдастыру, басқару әрекеттерінің 
енуі ӛндіріс барысында ӛнім ӛндіру мен қатар оны ойлап 
шығару, ӛзгертіп отыру және қайта құру технологияларының
қатар жүретінін кӛрсетеді. Бұл жағдайда әрекетті 
ұйымдастырудың біртұтас түрі қалыптасуына қызығушылық 
пайда болады, ӛйткені ол тұтастық жаңа технологиялар мен 
жаңа әрекеттердің пайда болуы, дамытылуы және 
құрастырылуы қызметтерін қамтиды. Оны әрекеттің біртұтас 
түрі ретінде қарастыра отырып, оның дәстүрлі түсініктегі 
бӛлісу мен тұтыну үрдістерінен де жоғары деңгейде екенін 
кӛре аламыз.
Даму барысында жобалау қызметі басқа әрекеттер 
түрлерімен байланысу негізінде қайта құруға, ӛзгерістерге 
ұшырап отырды, оны ғылымда жобалаудың эволюциясы 
ретінде:

құрастыру 
әрекетінен–дәстүрлі 
классикалық 
жобалауға,

классикалық дәстүрлі жобалаудан – қазіргі заманға 
жобалауға бағыт алуы деп кӛрсетеді. 
Классикалық 
жобалауға 
жататын 
архитектурадағы, 
техникалық ғылымдардағы дәстүрлі жобалардан басқа, жоба 
түрінде болғанымен мазмұны мүлдем басқаша қазіргі 


11 
заманғы квазижобалар қатарына әлеуметтік жобалау 
әрекеттерін жатқызуға болады.
Жобалау әрекетінің толық мәні О.И. Генисаретский 
еңбектерінде 
берілген, оның 
түсіндіруінде 
жобалау 
әмбебаптық ғылыми-техникалық қана емес, ол ең алдымен,
әлеуметтік-мәдени әрекет түріне жатады. Әлеуметтік- 
мәдени механизм кез келген мәдени маңызы бар әрекеттер 
мен одан туындайтын құндылықтарды шын мағынадағы
технологиялық үдерістер мен құрылымдарға айналдыра 
алады. Егер ғылыми-техникалық прогресс мәдениеттің іргелі 
және қолданбалы құндылықтарының қарым-қатынасын 
үнемі ӛзгертіп отыратын қоғам дамуының бір жолы болса, 
жобалау әрекеті оны жүзеге асыратын әлеуметтік құрал, 
әлеуметтік институт деуге болады. 
Ӛткен ғасырдың 60-жылдарында күрделі жүйелерді 
тиімді басқару арқылы дамытудың жаңа әдіснамалық 
бағдарламасы қалыптасты және негізіне жобалау қызметі 
алынып, аталған бағдарламалардың тӛмендегі алғышарттары 
ұсынылды: 
− кез келген әрекет экономикалық тұрғыдан 
қарастырылады: нәтиже белгіленеді, қызметтің тиімділігі, 
оны орындауға кеткен шығын мен тиімділігі тұрғысынан 
қарастырылады; 
− кез келген әрекет басқарылады, бұл жағдайда: 
әрекеттің ӛзі де басқару объектісі ретінде және басқаратын 
органдарда бірдей қарастырылады; 
− жобалаудың барлық әрекеттері жүйелік тұрғыдан 
жүргізіледі. Оның мәні проблемаға, міндетке, миссияға және 
қызметке бағытталады. Бұл жерде ең әуелі жаңғыртудың 
идеясы белгіленеді, одан соң жаңаны құрудың кезеңдері 
анықталады, жоспарланады; 
− жүйе ретінде басқарудың объектісі де, үрдісі де 
қарастырылады. Бұл басқару механизмі емес, мақсат 
қоюдың, оған жетудің әдістері мен құралдарын белгілеу, 
оған қажетті ресурстарды анықтау және құрастыруды 
кӛздейтін интеллектуалдық саласы (Афанасьев). 
Жоспарлаудың жаңа бағыты сол кездегі қоғамда 
ғылыми–техникалық 
прогрестің 
қарқынды 
дамуы, 
ӛнеркәсіптердің еңбек ӛнімділігін арттыруды, жаңа 


12 
техникалар мен технологияларды жасақтауды және 
тәжірибеге ендіруді, әлеуметтік міндеттерді орындауда 
пайдалануды, жаңа технологиялармен жұмыс істеуге 
мамандарды даярлау және олардың кәсібилігін дамытуды, 
т.б. шаруашылықтың кӛптеген түрлі салаларын қамтитын,
кешенді мақсаттарын орындауды кӛздеген болатын.
Сонымен қатар, бұл ӛндіріс, ғылым мен білім беру 
салаларының нәтижелі қызмет ету мен олардың ӛзара қарым 
– қатынасының тиімді ұйымдастырылуын, қызметкерлердің 
жаңа ғылым жетістіктерін игеру негізінде сапалы еңбек 
нәтижесін аз мерзімде, аздаған шығынмен қамтамасыз етуге 
мүмкіндік береді. Аталған міндеттер күрделі жүйелер 
ретіндегі кӛптеген түрлі салаларды қамтитын ӛте кең 
ауқымды болғандықтан оны жүйелі және кешенді жүргізу 
қажеттігі туындайды.
Әлеуметтік жүйелердегі жобалау оның құрамындағы 
компоненттердің ӛзіндік ерекшелік сипаттарын, олардың 
ӛзара (заттық, ақпараттық, энергетикалық, т.б.) және жүйенің 
сыртқы байланыстарын (әлеуметтік орта, табиғи орта), жүйе 
компоненттері мен тұтас жүйенің даму тенденцияларын
жүйелік және кешендік тұрғыда жүзеге асырылады.
Бұл жүйелердің басқа техникалық, жаратылыстанудағы 
жүйелерден ерекшелігін оның адам мен қоғамның дамуына 
байланыстылығы құрайды. Әлеуметтік жүйелердің басты 
компоненті болып табылатын адамдардың іс-әрекеттері 
жүйенің ӛзгерістерімен, сыртқы ортаның талабымен ғана 
анықталмайды, 
олар 
негізінен, 
адамның 
ӛзіндік 
мүмкіндіктеріне, түрлі жағдайларына сай шешім қабылдай 
білуіне қатысты анықталады. Сондықтан, әлеуметтік 
жүйелердің моделі, жүйенің объективтік заңдылықтарын 
жүйенің және оның компоненттерінің мақсаттарымен 
интеграциялауды қажет етеді. Тәжірибеде осы интеграцияны 
қамтамасыз ету, үйлестіру оны басқарудың басты мақсаты 
болып табылады. Нақтылай айтқанда, әлеуметтік жүйелерді 
дамыту қызметі сол жүйеге тән объективтік заңдылықтарға 
сай жүйенің мақсатын ондағы адам компоненттерінің 
мақсатымен үйлестіру жолдарын анықтайды. Сӛйтіп, 
әлеуметтік жүйелерді дамыту ондағы адамдар үшін
маңызды ӛзгерістерді ендіру негізінде жүзеге асырылады.


13 
Осы тұрғыдан алғанда, әлеуметтік жүйелерді басқаруда 
ондағы адамдардың ӛзіндік мүмкіндіктерін жүзеге асыру, 
түрлі қабілеттерін дамыту және пайдалану мақсатында 
белгілі бір ұйымның қызметін қамтамасыз етуге, оны 
жетілдіруге және қайта құруға бағытталған кешенді,
кӛпқырлы қызметтің арнайы ұйымдастырылуы қажет 
болады. Әлеуметтік жүйе құрамындағы қызметтік және 
адами компоненттердің ӛзара қатынастары мен жүйенің ӛзін 
ӛзі дамыту ресурстарын тиімді ұйымдастыру арқылы 
мақсатқа сәйкес нәтижелерін қамтамасыз етудің тиімді 
механизмі–жобалау болып табылады. 
В.М. Розиннің айтуынша, жобалау қызметі әрбір кіші 
жүйенің құрылымы мен деңгейлеріндегі дербес мақсат пен 
міндеттерін нақтылауды және оның орындалуын ресурстық 
қамтамасыз етуді кӛздейді, сонымен қатар, кіші жүйелердегі 
мақсат–міндеттердің реттелген жиынтығы үлкен жүйенің 
мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әлеуметтік 
жүйелерді жобалау шын мәнінде әдіснамалық–теориялық 
контекст ретінде қолданыла алады, ӛйткені, оның шығу кӛзі 
әдіснамадан, нақтылап айтқанда жүйелі ой–әрекеттері
әдіснамасында пайда болған болатын.
Жобалауды бүгінгі оның идеологтары «технологиялық 
универсум» - лат. universum.summa rerum- деп бағалайды, ал 
жобалауды жүзеге асыру кезеңі адамның қайта құру 
әрекеттері деп бағаланады. Осы тұрғыдан алғанда кез келген 
жобалау қызметі әлеуметтік жаңғыртуды жобалау болып 
табылады.
Жобалаудың негізіне трансцендентік (transcendens-
лат.мүмкіндіктің шегінен ӛту) міндет жатады, сӛйтіп, кез 
келген жоба трансцендентік, ӛйткені ол осы шақтан 
болашақты жоспарлайды. Жобалаудың мәні оның келесі 
қайшылықтарды 
(антиномияларды) 
шешуге 
бағытталғандығында: 
− 
әлеуметтік 
жүйедегі 
мүмкіндіктер 
мен 
қабілеттіліктердің арасындағы; 
− идеалдық құрылым мен (идея) шектелген түрдегі 
құрылымның (нормаланған) арасындағы; 


14 
− әлеуметтік жүйенің потенциалдық мүмкіндіктері мен
құндылықтардың мақсаттарға ауысуының және мақсаттың 
құралдарға ауысуының арасындағы. 
Осыдан келіп әлеуметтік жүйелерді басқарудағы 
жобалаудың адам қызметін жүзеге асыру және әр адамның ӛз 
идеясын ұсыну және орындаудың негізгі құндылық екендігін 
мойындайтын жаңа сананы бекітеді. Жобалаушының 
қоршаған ортаға қатынасы тӛрт мазмұндағы кеңістікке 
шығуы деуге болады. Олар: ситуативтік, әлеуметтік, мәдени 
және экзистенциалдық. Осы тәрізді трансценденттік 
кеңістікке шығу жобалаушыға жобаның тұтас үрдістігін 
және болашаққа бағытталғандық сипатын сақтауға мүмкіндік 
береді.
Г.Маркузенің 
«трансцендентік 
жобалау» 
тұжырымдамасы мен оның ӛлшемдері біздің ойымызша кез 
келген жүйедегі жобалау әрекетіне кӛшіруге мүмкіндік 
береді. Олар:
− трансцендентік жобалау берілген материалдық және 
интеллектуалдық мәдениет деңгейінде пайда болатын 
мүмкіндіктерге сәйкес болуы тиіс; 
− трансцендентік жобалау ӛзінің тұтастығын сақтау 
үшін жоғары тиімділікке құрылуы тиіс: 
− жетістіктерді сақтау мен оларды жақсартып отыру 
әдістерін ұсынады; 
− құрылымның ӛзіндегі тұтастықты және ондағы негізгі 
бағыттар мен қатынастарды анықтайды; 
− оны жүзеге асыру адамның қажеттіктері мен 
мүмкіндіктерін белгілі бір әлеуметтік институттар арқылы 
қамтамасыз етіп отырады. 
Әлеуметтік жүйелердегі жобалаудың мазмұндық және 
құрылымдық икемділігі кез келген ұйымның әлеуетін 
кӛтереді. Эволюциялық даму туралы тұжырымдаманы 
негізге алатын басқару теориялары оның постиндустриялық 
қоғамның бұрын соңды болмаған проблемалары алдында 
қауқарсыз екенін байқайды. Ӛйткені, тек эмпирикалық әдіске 
ғана сүйене дамыту қалыптасқан жағдайды жаңа талаптарға 
сай ӛзгерту үшін жеткіліксіз.
Жобалау 
қызметі 
оған 
қарама-қарсы, 
болашақ 
модельдерді ғылыми негізделген дәл есептеулермен 


15 
қамтамасыз ететіндіктен, қайта құру және ӛзгерістер 
жағдайында басқарудың басты қызметтерінің бірі бола 
алады. Сонымен қатар, жасалатын әрекеттің мақсаты мен 
оған қажетті стратегияны айқындау да ӛзгерістер жоспарын 
нақтылауға мүмкіндік береді.
Кейбір зерттеушілер басқарудың жобалау және жобаны 
жүзеге асыру қызметтерін біріктіре жүргізуіне кӛңіл 
бӛлінген, оның бірден бір жолы ретінде жобалау әрекетін 
ендіру және қолдану кезеңдерін есепке ала отырып, одан әрі 
дамыту деп есептеледі. 
Осылайша, әлеуметтік – техникалық тәсілдер мен 
қызметтер ретінде дамытыла және рәсімделе отырып, 
басқару жобалаумен екі түрлі байланыста болады. Оның 
мәні, біріншіден, жобалау–басқарудың бір элементі
құрамдас бӛлігі болып табылады және соған сай әрекеттер 
жүйесінде жобалаудың ӛз орны бар. Бұл жағдайда жобалау 
мен басқару компоненттері ӛзара ерекше байланысқа және 
ассимиляцияға түсе алады. 
Екіншіден, басқару қызметі жобалау әрекетін түгел 
қамти алады. Бұл жағдайда жобалау бӛлек автономды 
жағдайда жүргізіледі және басқару оның қызмет етуіне, одан 
әрі дамуына, жүзеге асырылуына жағдай жасайды. Бірақ оны 
басқаруға бағыныштылық деп қарауға болмайды, осы жерде 
басқару мен жобалау ӛзара күрделі байланыс пен қатынаста 
болады дей аламыз. Жобалау әрекеттерін басқару жоғарыда 
аталған қазіргі заманғы әлеуметтік техникалық амалдардың 
басты кӛрінісі болып табылады.
Осы жаңа ұйымдастырушылық мәдениеттің тірек 
ұғымдары: жоба, жобалау, технологияландыру, рефлексия – 
пайда болып, бүгінгі күні кеңінен қолданылысқа енуде. 
Назар аударатын нәрсе, осындағы жоба мен рефлексия 
ұғымдарының бір қарағанда бір–біріне қарама–қарсы сипатта 
екені: біріншісі –алға қарай кӛз тастау, екіншісі –кейін қарай 
қарау деген түсініктерді береді. Енді осы ұғымдарға 
сипаттама береміз.
Дәстүрлі 
«жобалау» 
ұғымы 
энциклопедиялық 
сӛздіктерде, техникада, құрылыста, т.б. ӛндірістік салаларда 
белгілі бір бұйым жасау, немесе ғимарат салуға қажет 
құжаттардың–суреттер, есептеулер, т.б. –жиынтығы деп 


16 
қарастырылады. Жобалаудың бүгінгі мәні одан ӛзгеріп, оны 
жеке адамның, ұжымның, ұйым не мекеменің, немесе, 
бірнеше ұйымдар мен мекемелердің бірлескен ӛнімділік 
әрекетінің аяқталған циклі деген түсінігі кеңінен тарауда. 
Әлеуметтік жүйелерді басқарудағы жобалау түрлерінің, 
оларды 
қолдану 
аясының 
тым 
кӛптігі 
оларды 
классификациялауды қажет етеді, оны А.М.Новиков 
бойынша құрылған жүйелік классификация негізінде 
қарастырып кӛрейік. 
− Жобалау типтері немесе салалары: техникалық, 
ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, білім беру, 
аралас салалар, т.б. 
− Жобалау кластары немесе жобалау құрамы мен 
құрылымы, пәндік аясы бойынша: моно – жобалау, мульти –
жобалау, 
мега–жобалау. 
Олар 
қолданылуына 
қарай 
сипатталды, мысалы, моно – дербес жобалаудың белгілі бір 
масштабтағы түрліше дара жобалау екені атынан кӛрініп 
тұрса, мульти –жобалау бірнеше дербес жобалардан тұратын 
кешенді 
жобалау 
болса, 
мега–жобалау–белгілі 
бір 
экономикалық саланы, не аймақты дамытудың мақсатты 
бағдарламалары, оның құрамына моно – жобалау да, мульти 
– жобалау да еніп кетеді. 
− Жобалау масштабтары: шағын, орташа, ірі және ӛте 
ірі деп шартты түрде белгілене алады. 
− Жобалау ұзақтығы: қысқа мерзімді – 3 жылға дейінгі, 
орта мерзімді–3-5 жылға, ұзақ мерзімді–5-тен кӛп жылдарға 
созылатын жобалау; 
− Жобалау түрлері: инвестициялық, инновациялық, 
білім беру, ғылыми –зерттеу, аралас, т.б. 
Енді осы «жобалау» ұғымының білім беру саласында 
қатысты сапаларын қарастыратын болсақ, оның түрлерін 
ғылыми –зерттеудегі жобалау, педагогикалық жобалау, әр 
білім алушының оқу әрекетінде қолданылатын жобалау деп 
бӛлуге болады. 
Әлеуметтік жүйелерді басқарудағы жобалауға бірнеше 
анықтамалар берілген, мысалы, Ф.Перегудовтың анықтамасы 
бойынша, 
«жобалау–жұмыс 
нәтижесінің 
сапасына 
қойылатын талаптары белгіленген, орындау сипатына сай 
қажетті құралдар мен кететін шығындар алдын ала 


17 
есептелген, берілген уақыт ішінде белгілі бір жүйеге 
мақсатты ӛзгерістер ендіру». Ол әр жобалау идея пайда 
болғаннан бастап, толық аяқталғанға дейін ӛз дамуының 
бірнеше сатыларынан ӛтеді дей отырып, даму сатыларының 
жиынтығы жобаның ӛмір сүру циклін құрайды, ал ол 
фазаларға бӛлінеді, фазалар–сатыларға, сатылар–кезеңдерге 
бӛлінеді дейді.
А. М. Новиков жоба мен жобалау ұғымдарының 
айырмашылығын анықтайды, ол жобалауды жобаның 
бастапқы кезеңіне тән әрекет деп түсіндіреді. Шын мәнінде, 
кез келген ӛнімді, немесе инновациялық қызмет нақты 
мақсат қойылуын, дәлірек айтқанда, жобалауды қажет етеді. 
Педагогикалық әрекеттер тәжірибесінде білім беру жүйесін 
жобалау іске асырылады, мысалы, оған сабақ үрдісін 
жобалау немесе мектептің гимназияға ӛтуін жобалау, немесе 
бір ел бойынша білім беруді дамытуды жобалау әрекетерін 
жатқыза аламыз.
Келесі бір ортақ түсінік қалыптастыруды қажет ететін 
технология ұғымы бар, зерттеушілер оны берілген міндетті 
орындау 
түрлері 
мен 
амалдарының, 
әдістері 
мен 
құралдарының жүйесі ретінде қарастырады. Ал, біз 
қарастырып отырған жобалау қызметінің кез келген түрі осы 
технологиялар жиынтығы негізінде жүзеге асырылады. 
Әрекеттің ӛнімділігін ұйымдастыруда рефлексияның 
қойылған мақсатты, үрдістегі міндеттерді, нәтижелерді үнемі 
талдап отырудың маңызы зор. 
Осылайша, ғылыми зерттеулер әдіснамасы да, 
практикалық 
әрекеттер 
әдіснамасы 
да, 
жобалау
категориясының логикасында оның үш кезең (фазалар) – 
жобалық, технологиялық, рефлексиялық–фазалар бірлігін 
сақтай отырып құрылады дей аламыз.
Әлеуметтік 
жүйелердің 
дамуын 
жобалауды 
инновациялық процестің моделі ретінде қарастыруға болады: 
− ұйымның бастапқы жағдайы (біз қазір қайдамыз?); 
− күтілетін болашақтың бейнесі (біз қайда барғымыз 
келеді?); 
− қазіргі жағдайдан болашаққа ӛту әрекеттерінің 
құрамы мен құрылымы (біз күтілетін нәтиже алуымыз үшін 
не жасаймыз?). 


18 
Жобалау келесі қызметтерді атқаруға арналған: 
− оның қатысушылар әрекеттерінің бағытын және 
олардың 
мақсатты 
бағдарларын 
анықтау, 
яғни 
орындаушылардың 
бірлескен 
жұмысының 
мақсатқа 
бағыттылығын қамтамасыз ету құралы болу; 
− жеке орындаушылар мен олардың топтарының 
арасындағы 
байланыстарды 
анықтау, 
яғни, 
орындаушылардың 
күштерінің 
интеграциясы 
мен 
әрекеттерін үйлестіру құралы болу; 
− жұмыс барысы мен оның орындалуы жағдайларын 
бақылау құралы болу; 
− қойылған мақсаттардың орындалуына кесел келтіруі 
мүмкін қауіп-қатерді алдын ала болжай білу құралы болу; 
− жұмыс бағытының жоспарланғаннан ауытқуы немесе 
бұрын болжанбаған қауіп-қатердің анықталуы барысында 
шешім шығара білу құралы болу. 
Жобалау–бұл күтілетін нәтижеге бағытталған 
қозғалыстың тұтас моделі, оның негізгі міндеті – мақсатқа 
бағытталған қозғалысты бақылайтын құрал болу. Бақылау 
барысында 
болжамды 
нәрсе 
шынайы 
нәрсемен 
салыстырылады, бұл жағдайда бағдарлама аралық және түпкі 
нәтижелер салыстыруға мүмкіндік беретіндей болуы қажет.
ХХ ғасыр аяғындағы қоғамдағы саяси -әлеуметтік 
қарқынды ӛзгерістер жобалауды әлеуметтік мәдени 
ӛзгерістерді басқару контекстінде де қарастырудың 
маңыздылығын айқындауда. Ӛйткені, бүгінгі ақпараттық 
жаңғыртулар ұдайы жүріп отырған қоғамдық ӛндірістің 
қуатты күші ауқымы жағынан табиғи үдерістермен барабар 
келіп, осы жағдайда адамдардың ӛзгермелі жағдайларға 
уақытында тез жауап бере алатын жаңа әрекеттерін 
ұйымдастыруды қажет ететін ортаны қалыптастыруда. 
Қазіргі заманғы ғылым мен ӛркениеттің жаңа 
парадигмасына сай әлеуметтік жүйелердің ӛзгерістері, 
ондағы адамның орны мен ұйымдастырушылық рӛлі туралы 
мәселелер 
философиялық, 
мәдениеттанушылық 
және 
психологиялық тұрғылардан қарастырылуда. Бұл бағытта 
отандық ғалымдар бүгінгі әлеуметтік–мәдени жағдайларға 
қатысты жан-жақты зерттеулер ұсынуда.


19 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет