113
−
нәтижелердің
тиімділігін
нақты
тексеру
ӛлшемдерінің болуы.
Педагогикалық
жобалаудың
заңдылықтарын
қарастыруда
оның жүйелілік, синергетикалық қасиеттерін,
жүйенің ӛмір
сүру және дамуы жағдайлары туралы
түсініктерді ұғыну қажет. Сондықтан, жобалаудың ӛзіне тән
заңдылықтары мен принциптерінің
анықталуы және
сақталуы тиіс. Мысалы, Ю. А. Конаржевский ұсынған
басқарудағы демократиялық пен ізгіліктік заңдылықтарын
орындау
түрлі деңгейдегі жүйелерді басқарушылардың,
педагогтар
мен
білім
алушылардың,
ата-аналардың
белсенділіктерін жобалауда пайдалануға ықпал етеді. Бұл
шешім қабылдауда,
қатысушыларды таңдауда, қажетті
ақпараттарды алуда, педагогтардың ұйымдағы
мәселелерден хабардар болуында аса маңызды.
Жобалау қызметіндегі ізгіліктік кӛзқарас – адамдардың
бірлескен әрекеттерін ұйымдастыру, олардың ӛзін - ӛзі
басқаруға жағдай туғызуы болып табылады. Ізгіліктік
құндылықтарына сүйене отырып,
басқару әр адамның
ӛзіндік құндылығын, адами кӛзқарастарын дамытуды
кӛздейді. Сӛйтіп, барлық деңгейлерде субъектаралық қарым-
қатынастың орнығуына негіз болады.
Жобалау ұстанымдарын шетелдік және ресейлік
ғалымдар түрліше анықтайды, мысалы
: Дж. К. Джонстың
зерттеулерінде олар: дәстүрлілік
пен жаңашылдықтың
байланысы мен тепе-теңдігін сақтау; ұйымның «жақын даму
аймағын» жобалау; күтілетін нәтижелердің жобалаушы
адамдарға қатыстылығы; алынған нәтижелердің ұйымда
институциялануы, бекітілуі; белгілі
бір әлеуметтік топтар
мәселесін шешу мақсатына бағдарлылығы болса, М. М.
Поташник
оларды
жаңалықтық
ұстанымы
(мақсат
міндеттеріндегі, мазмұнындағы, ұйымдастыру тәсіліндегі,
басқарудағы, т.б.), мақсатқа бағыттылық ұстанымы (белгілі
бір нәтижені нақты жүзеге асыруға бағытталғандығы),
жүйелілік принципі,
сабақтастық ұстанымы, ғылымилық
ұстанымы,
технологиялылық
ұстанымы,
нақтылық
ұстанымы, ресурстық қамтылу ұстанымы, оңтайлылық
ұстанымы, қатысушылық ұстанымы деп қарастырады.
114
Бұл пікірлер жобалау әрекетінде негізге алынатын
ұстанымдарды құрайды.
Біздің зерттеуіміз бойынша,
педагогикалық жобалауды жүзеге асыруда
Достарыңызбен бөлісу: