Мұғалімнің құндылықтары мен міндеттерін анықтау Бұл тапсырманы Сіз басқа екі адаммен (мұғаліммен) бірге орындауға тиіссіз. Сіз
үш адамнан тұратын топта (A, B және C) жұмыс істей отырып, шағын топтағы пікірталас
арқылы өзіңіздің кәсіби құндылықтарыңыз бен міндеттеріңізді талдауға тиіссіз. A B-ға
төменде жазылған сұрақтарды қояды. C В-ның жауаптары туралы ескертулерді жазады.
Бұл жұмыс кейін үш адамда да «сұхбат» беру мүмкіндігі болатындай етіп құрылады,
топтағы әрбір адам әртүрлі позицияда болып көреді.
Кәсіби рөл Сіз қандай мектепте жұмыс істейсіз? Сіз онда қанша уақыт жұмыс істейсіз?
Мектептегі Сіздің рөліңіз қандай? Ол сыныптағы жұмысқа ғана негізделген бе немесе
Сіздің қа ндай да бір әкімшілік міндеттеріңіз немесе ерекше жетекші (жетекшілік) рөліңіз
бар ма?