Өте сақ Салли
Мұғалімдер Салли үнемі өте жоғары
бағаға оқи алады деп сенеді, ол дарынды әрі
талантты оқушылардың ресми тізіміне енген. Әдетте Салли - тәртіпті,
сенімді және
жоғары ынталы мінсіз оқушы. Бір алып қарағанда оқуға ынтасы жағынан онда еш
проблема жоқ сияқты.
Алайда оқудағы жоғары қабілетіне қарамастан, ол тек
жақсы баға мен мұғалімнің
оған құрметпен қарауын ғана күтетін сияқты. Ол "B+" деген бағаны өте ұят деп санайды.
Мұқият көңіл қоятын болсақ, Саллидің мінсіз жетістіктеріне қарап, бүкіл оқу курсы оған
еш қиындық тудырмағанын көруге болады.
Салли әрбір бақылау тапсырмасын мұқият орындайды. Ол мұғаліміне қатты көңіл
бөледі, тест тапсырмасында қандай материал негізгі болатынын
дәл табатын керемет
қабілетке ие. Салли әрбір тест бойынша өте көп дайындалады, мәтінді бірнеше рет
қарайды және сұрап қалуы мүмкін-ау деген әрбір фактіні еске сақтайды. Ол
мектепте талап
етілмейтін тапсырманы сирек оқиды.
Салли мазасыз, 6iғaK оның мазасыздығы өзінің ақыл-ой сұранысының шегінен
шықпайды. Мұғалімдер о а н жетістікке жетуге үнемі қолдау көрсетіп отырады,
сондықтан оқуға қатысты өзіне сенімді сияқты болып көрінеді. Сыныптастары арасында
беделді, әлеуметтік тұрғыдан белсенді.
Өкінішке орай, Салли алдына қойған міндеттерді
орындай алмайтын оқиға
туындауы мүмкін. Ол өзінің оқу үдерісінде үнемі қауіпсіз жол таңдайды. Сабақта өзіне
қажеттіні ғана оқиды, және де бұл кейін қалай бағаланатынын ескере отырып оқиды.
Оқудың жақсы баға алу мен көпшілікке танымал болуға
арналған құрал болумен қатар,
кейбір ішкі мәні бар екені туралы ой мүлдем басына кірмейді. Өзіне берілген басшылық
нұсқаулар мен құрылым шегінде әдістемелік тұрғыдан жұмыс істей отырып, ол
шығармашылық таныту үшін еш күш салмайды.
Салли кәсіптік бағдарлау жөніндегі кеңесшінің қосымша оқу жұмысына қатысу
туралы ақылын тыңдамайды. Оған оқу дағдысында өзіне деген сенімділік жетіспейді және
жеңіліске ұшырамауы үшін тәуекел етпеуді дұрыс көреді.
Сыныбында көрсететін
сенімділігі шын мәнінде елес қана. Көп оқуды қажет етпейтін мұқият таңдалған курста
үлгеруі үшін «жеткілікті деңгейде ақылды» екенін біледі, бі өaK күрделі тапсырмаларды
орындайтынына аса сенімді емес. Ол ешқашан тексермегендіктен з біліктілігінің нақты
шекарасын білмейді.
Салли білімі мен қиялын дамытпайды. Салли үшін
оқу дегеніміз тек мектепте
орындалатын нәрсе ғана. Ол үшін оқу ішкі мәнге ие емес, тек құрал ғана сияқты. “A”
деген баға береді, бірақ ешқандай қуаныш не толқу әкелмейді.
Оқу дегеніміз - өз
қабілетіңді дамытпайтын, біреудің идеясын есте сақтау ғана. Саллидің шығармашылық
ойлау әлеуеті ешқашан анықталмайды.
Достарыңызбен бөлісу: