Бағдарламасы негізінде құрастырылды



Pdf көрінісі
бет94/125
Дата07.02.2022
өлшемі1,09 Mb.
#88107
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   125
Байланысты:
ktj 20486

Дәрменсіз Ханна 
Ханна жарты сағатқа жуық партаның басында отырды және мұғалімнің ойынша
ештеңе істемей бос отырды. Мұғалім Ханнаны ойлануды талап ететін бір тапсырманы 
орындауға тартпақ болды. «Мен жасай алмаймын», - деді Ханна, тіпті мұғалім нұсқаған 
тапсырмаға қарамай тұрып-ақ. Сосын: «Мен не іcTeң керек екенін де білмеймін», - деп 
қосып қойды. Оның жауабына қанағаттанбаған мұғалім: «Жаа ғана осыған ұқсас есепті 
тақтада шығардық емес пе? Сен тыңдамай отырғансың ғой?»- деді. «Мен түсінбеймін», - 
деді Ханна. Мұғалім сұрақ қоя отырып, есепті шығару жолдарын түсіндірді. Ханна көп 
сұраққа дұрыс жауап берді. Оның есеп туралы аз да болса түсінігі бары айқын көрініп тұр. 
«Міне, сен бұндай есепті қалай шешуді білесің», - деді мұғалім. «Өз қалауыңмен тағы 
бірeқiн неге шығарып көрмейсің?». «Мен қалай шығаруды білмеймін», - деп айтқанынан 
қайтпады оушы. Мұғалім: «Ал сен менің сұрақтарыма дұрыс жауап бердің ғой?». 
«Өйткені сіз маған көмектестіңіз» - деп дереу жауап берді Ханна. Қыздың аздап қулық 
жасап тұрғанын түсінген мұғалім қатқыл дауыспен: «Мен білем, сен бұны шығара аласың 
және осы есептердің кейбірін өзің шешкенді қалаймын», - деді. 
Мұғалім Ханнамен әңгімесін осылай аяқтап, оны есепті шығаруға оңаша қалдырып, 
басқа оқушыға көңіл аударды. Шамалыдан соң Ханнаның партасы тұсынан өтіп бара 
жатып, есептің сол куш шығарылмағанын байқады. Дәл осындай оқиға жылына бірнеше 
мәрте қайталанады, сондықтан ең соңында біз кейіген мұғалім мен мұғалімнің кейіген 
кейпін өзінің әлсіздігі деп ұғатын оқушыны көреміз. 
Ханна зерттеушілер «жүре пайда болған дәрменсіздік» деп атаған құбылыстың 
классикалық үлгісі болып табылады. Оның сабақ үлгерімі үнемі төмен, сыныптастары 


оған «ақымақ» оқушы ретінде қарайды. Оның өзін кез келген жаңа оқу материалын игеруге 
қабілетсіз деген пікірі күн өткен сайын нығая берді. Сабақтағы «үлгермеушіліктен» 
бәрібір құтыла алмаймын, демек «тырысудың қажеті қанша» деп ойлайды ол. 
Ханнаның үлгерімі нашар. Ол сыныпқа әлеуметтік тұрғыдан кірікпеген, сол себепті 
айналасымен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік жоқ. Ханна озбыр бала емес және қандай 
да бір тәсілмен өзіне назар аударудың немесе өз сыныптастарына кедергі жасаудың 
орнына, уақытын кеңістікке көз тігумен бос өткізіп, тыныш отырады. Бұдан басқа оның м 
ңгалімге қоятын еш талабы жоқ. Ханна сұрақ қоятын еш себеп көрмейді, себебі өзін 
бірдее түсінемін немесе жауапты пайдаланамын деп ойламайды. 
Оқушылардың «жүре пайда болған дәрменсіздігінің» көптеген түрі бар. Өзінің 
сабақ үлгерімімен құрметке ие болудан шайлыққан кейбір оқушылар өзін таныту үшін 
энергиясын басқа салаға жұмсайды. Олар сыныпта сайқымазақ, бұзақы немесе 
сыныптастарын мазақтайтын оқушы болуы мумкін немесе жасөспірім шағына қарай оның 
академиялық үлгерімін қабылдамайтын құрбылары арасында құрметке бөлену үшін 
қоғамға жат қылықтарды көрсете бастауы ықтимал. Әдетте бұндай «дәрменсіз» балалар 
үшін қабілетін спорт, музыка немесе басқа жұмыс түрлерімен айналысуға жұмсау жат 
болып келеді. Кей оқушыларда өзін қабілетсіз сезінудің тамыры тереңдегені соншалық
олар өздері табысқа жете алатын сала жоқ деп санайды. 
Ханна сияқты оқушыларға мектепте онша қызық емес. Олардың к өш 
сенімсіздікке, торығуға толы және сол себепті олар тапсырмамен жұмыс істеуге аз уақыт 
бледі, іші пысады. Сыныптастары да аулақ жүруге тырысады, тіпті кейде оған мугалім де 
көңіл бөлмейді, бұндай оқушылардың сөзге сараңдығы мен қауқарсыздығын ескерсек, 
бұндай реакция түсінікті де. 
«Дәрменсіз» оқушылар бірдеңе істеуге ұ мтылмайтындықтан, оқуда қандай да бір 
жетістікке сирек жетеді. Бірнеше әрекеттерінің сәтсіз болуы оларды өздерін қабілетсіз 
сезінуге итермелейді. Тіпті жетістікке қол жеткізген күннің өзінде, оған өзінің қатысы жоқ 
деп санайды. Олар өзінің сәтті ісін өзіне ешқандай қатысы жоқ уақытша бірдеңе деп 
немесе тапсырманың жеңілдігімен, мұғалімнің көмегімен шешкенін немесе әншейін 
сәттілік деп түсіндіреді. Олардың логикасы өте қарапайым, ал оның салдары өте ауыр 
болып жатады. Бақытына қарай, «жүре пайда болған дәрменсіздік» сирек кездеседі, көбіне 
бұның солғындау белгілері кең таралған. «Жүре пайда болған дәрменсіздікке» 
«шалдыққан» балаларды ынталандыру өте күрделі мәселе, ол те ақылды және төзімді 
мұғалімдерге де қиын соғып жатады. Ең дұрысы оның дамуының алдын алу, болдырмау 
екені айқын. Алайда соңғы стадиялардағы осындай оқушы кездескенде мұғалімдер бұл 
оқушы ықпал етуге дәрменсіз болып, бұрын қалыптасып кеткен. 
Сұрақтарға жауап беріңіздер: 

Неліктен Салли, Дэйв, Альма, Ханна, Сэм өздерін осылай ұстайды? 

Мұғалім осындай оқушыларға көмектесу үшін не істей алады? 
Ұсынылатын әдебиет тізімі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет