дегенде, белгілі бі р уақыт бойы алыс болуға ынталы. Демек, ол мұғалімдерден өзін алыс
ұстау үшін не қажет болса, соны істеуге дайын.
Сэм үйінде ойлануды талап ететін компьютерлік ойындарды сағаттап ойнайды.
Сондай-ақ Сэм ғылымға қызығады. Ол ғарыш жөніндегі өзі таба алған барлық кі таптарды
оқып шыққан және әдетте, жаратылыстану ғылымдары бойынша білім беру
бағдарламасының бөлігі болып табылмайтын тақырыптар бойынша дамыған түсінікті
білдіретін өз түсініктерімен физика мұғалімін жиі таң қалдырады. Ал
сабақта
жаратылыстану пәндері бойынша қарастырылатын тақырыптар бойынша орындаған
жұмысы барлық қалған пәндер сияқты кәдімгі жұмыс болып табылады - ол
қолайсыздыққа ұшырамау үшін не жасау қажет болса, соның нақ өзін жасайды. Оның
тағы бір үлкен сүйікті ісі - ғылыми-фантастикалық
романдарды оқу, ол тіпті бірнеше
қысқа әңгіме жазған. Өз ойын жазбаша баяндауға бейімі болуына қарамастан, бұл оның
мектептегі бақылау жұмыстарынан көрініс таппайды.
Сэмнің мұғалімдері оның мектепте жоғары деңгейге қол жеткізе алатынын біледі.
Негізінде әр мұғалім стратегияның бір ғана түрін сынап көреді.
Оның бақылау
тапсырмаларын орындағанда жартылай күш салатынын байқай отырып, мұғалімдер оның
барынша жоғары баға алуы үшін өзінің мектептегі жұмысына шамалы уақыт бөлуі үшін
жағдай жасайды. Бірақ Сэмге бұл стратегия ықпал етпейді, себебі Сэм үшін жақсы
бағаның басқа балаларға сияқты құны жоқ, ол төмен бағаны жаза деп санамайды.
Сэм мектеп жұмысында алға басу ө шін ешқандай себеп көрмейді. Оған зияткерлік
тапсырмалар ұнайды,
бірақ барлығы емес, зі осындай деп санайтын тапсырмалар ғана.
Егер оның қызығушылықтары сабақ талаптарымен үйлесіп жатса, ол өзін үздік оқушы
ретінде танытады. Негізінен, Сэмнің зияткерлік белсенділігі сыныптан тыс жағдайларда
байқалады, ал сыныптағы белсенділігі төмен. Сэм сияқты
оқушыларды барлық оқыту
сатыларында кездестіруге болады. Олар ата-аналардың да, мұғалімдердің де көңілдерін
қалдырады. Өз мұғалімдерін шын мәнінде оқи алмайтынына сендіретін Ханнаға қарама-
қарсы Сэмнің мұғалімдері оның артық қабілеттерінің барын біледі. Бірақ ынталандыруға
арналған қарапайым стратегиялар Сэм сияқты оқушыларға келгенде тиімсіз болып
қалады.
Достарыңызбен бөлісу: