· Қызықсыз (тізесі шыққан) тақырыптарды таңдайды;
· Клиентпен (оқырманмен) тілдескенде, оны түсінбейді. Сіз, қандай
да бір тауарды ұсынғанда, немесе пайдалы бір пост жазғанда
клиент, оқырман сиқты ойлануыңыз керек. Егер сіз, оның орнында
болсаңыз, сізге қандай ақпарат пайдалы болар еді, қандай сұрақтың
жауабын алғыңыз келеді;
· Сатпайтын/қызықтырмайтын бірінші абзац. Қазіргі таңда
адамдардың ұзақ мәтіндерді оқып отыратын уақыты жоқ.
Сондықтан ауқымды постыңыздың соңына дейін оқылғанын
қаласаңыз,тақырыбы мен бірінші абзацы адамды артынан ертіп
алып кететін, тартымды болуы қажет. Әсіресе инстаграм әлеуметтік
желісінде, посттың тек бірінші екі жолы көрінеді. Яғни, алдымызда
тұрған тапсырма қиындай түседі. Бір немесе екі сөйлеммен-ақ, сіз
оқырмандар постты толықтай оқып шығатындай жасай аласыз.
Ал енді, мәтін оқылатын және қаралатын болу үшін келесі
кеңестерге назар аударыңыз:
Достарыңызбен бөлісу: