Құрметті оқырман, "Қазақша smm" марафонын тәмамдап, жаңа



Pdf көрінісі
бет11/37
Дата07.02.2022
өлшемі6,28 Mb.
#89202
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Байланысты:
қазақша смм

5 ТАҚЫРЫП 
Контент-план
«Қазақша SMM» онлайн марафонының құрметті қатысушысы! Мен 
Айым Джекенова @aiym_jekenova – «Versus» қолданбалы жетістік 
академиясының SMM және PR бөлімінің жетекшісімін. Сіздердің күнделікті 
академияның әлеуметтік желілерінде көретін ақпараттарыңыз, YouTube 
пен Бота ханым сізге көмек көрсететін Telegram боттағы материалдар 
біздің бөлімнің жұмысы. Бүгін, мен сіздермен әлеуметтік желіде кәсіби 
маман, жақсы блогер болуға көмектесетін және сіздің әлеуметтік 
желідегі жұмысыңыздың сапасын көтеріп, оған жұмсалатын уақытты 
үнемдеуге көмектесетін – КОНТЕНТ-ЖОСПАР мен таныстырғым келеді.
Контент-жоспар не үшін қажет?
Сапалы және қызықты пост алдын-ала дайындықты талап етеді, 
ол үшін тақырыпты жан-жақтан зерттеу керек. Құнды дүние шығару 
үшін нақты жоспар қажет. Бұл жоспар сізге қамтылатын тақырыптарды 
таңдап, оларды аудиторияға «тәтті» етіп ұсынудың жолдарын 
көрсетеді. Сонымен қатар, посттарды жазғанда, жарнаманы тым 
асырып жібермеңіз және өз оқырмандарыңызды түрлі мейрамдармен 
құттықтауды ұмытпаңыз. Егер сіздің қол астыңызда копирайтер
дизайнер, видеограф және т.б. болса, контен-жоспар командадағы әр 
мүшенің жұмысын жақсартады.
Конетент-жоспар жасағанда, жарияланатын посттардың күнін, 
уақыты мен жалпы санын белгілеп аламыз. Сіз күніне бір немесе екі 
пост жазуыңыз мүмкін. Сіз үшін бастапқыда бұл көп және ауыр көрінсе, 
аптасына 3-4 рет ғана пост шығаруға болады. Мысал:
1-кесте


1-кестеде көріп отырғандарыңыздай, біз екі аптаға контент-жоспар 
жасадық. Яғни қай күні қандай пост шығатынын және оның тақырыбын 
анықтап алдық. Бұл контент-жоспардың бір түрі, ал енді келесі кестеге 
назар аударыңыздар:
2-кесте
1-кесте мен 2-кестенің айырмашылығын өзіңіз байқаған шығарсыз. 
Егер, бірінші кестеде тек посттардың шығу күні мен тақырыптарын 
белгілеп алған болсақ, екіншісінде күні мен тақырыбына қоса уақытын, 
қолданатын хештегтерді (#) және мәтінді көре аламыз. Сондай-ақ, бұнда 
сіздің посттарыңыздың стастистикасын көруге болады, сол үшін есепке 
арналған торкөздер де қалдырылаған. Посттың қанша рет қаралып, 
қанша лайк пен пікір жинағанын бақылай аласыз. Бұл сіздің қандай 
тақырыптардың аудиторияға жақсы өтетіні анықтауға көмектеседі.
Егер де күн сайын емес, аптасына 2-3 рет пост салу бастапқыда 
мен үшін жеткілікті деп ойласаңыз, онда, 3-кестеге назар аударыңыз.
3-кесте


3-кестеде байқағаныңыздай, посттарды араға 1-2 күн салып 
жариялауға болады.
Сонымен, жоғарыда мен сіздердің назарларыңызға контент-
жоспарды уақыты мен тақырыбын анықтап, жасауды үйреттім. Ал енді, 
біздің оқырманға беретін контентіміз пайдалы болуы үшін, оны түрлі 
айдрларға бөлгеніміз дұрыс. Мысалы: сіз өзіңіздің мамандығыңыздың 
қыр-сыры, жұмысқа қатысты түрлі оқиғалар мен сол сала туралы 
ақпаратпен бөлісе аласыз. Бұл айдарда жарияланған посттарда 
#АйымСММщик #ЖадыраОБухгалтерии #СатуОңайАрдақХаныммен 
және тағы басқа хештегтерді ойлап тауып, пайдалануға болады. Сонымен 
қатар, оқырмандарыңызға пайдалы ақпарат беруді ұмытпаңыз. Кестеге 
назар аударсаңыз, «Сенімділікті қалай арттыруға болады», «Кофе 
ішпеңіз», «Таңғы жаттығудың пайдасы» және т.с.с. тақырыптарда құнды 
посттар жазыңыз. Оны ойлап табудың қажеті жоқ, қазіргі таңда қазақ 
тілінде ақпарат аз, сондықтан да, орыс, ағылшын немесе өзге тілдердегі 
тақырыптарды ана тілімізге аударып жазыңыз. Бірақ, тақырыпты алдын-
ала зерттеңіз, бұл туралы бір емес, бірнеше мақала оқып шығыңыз
қосарыңыз болса, қосыңыз. Сіздің парақшаңыз қызықты болу үшін тек 
сурет салмаңыз, арасында өзіңіз түсірген немесе ғаламтордан алынған 
түрлі видеоларды да жүктеп тұрыңыз.
Посттардың тақырыбы мен уақытын белгілеп алған соң, контент-
жоспардың өзіңіз үшін немесе дизайнер үшін ыңғайлы болуы 
мақсатында, айдарларды әртүрлі түстерді қолданып, белгілеуге болады.
4-кесте
Тура осы принциппен 2-кестедегі контент-жоспарды да бояп шығуға 
болады. Өзіңізге ыңғайлы, өзіңіз ұнататын түстерді таңдап алсаңыз 
болады.
Әр ұяшықты түрлі түстерге бояған себебіміз, контент-жоспарға 
қарағанда, сіз ертеңгі күнге қандай видео, қандай сурет дайындап қою 
керек екендігін біліп тұрасыз. ЕГЕР, сіздің әртүрлі әлеуметтік желіде 
ұсынатын контентіңіз әртүрлі болса, онда бұндай бірнеше кесте жасап 


алуға болады: конент жоспар Инстаграм, контент жоспар ФБ және 
т.б. деп. Әдетте, инстаграмға жүктелген пост, автоматты түрде сіздің 
фейсбук парақшаңызға шығады (инстагарм мен фейсбук байланысқан 
болса).
Енді, жалпы, сіздің әлеуметтік желіңіздегі контентті қандай 
ақпаратпен толтырып, қандай айдарларға бөлуге болатынына 
тоқталайық:
-Сауалнамалар.
Бір қызықты тақырыпты талқылайсыз және 
оқырманыңызға соған байланысты сұрақ жолдайсыз. Мысалы, 
күніне қанша сағат ұйықтайсыз? Жазғы демалыстарда қайда 
барасыз? Және т.б.
-Жаңалықтар.
Егер сіз компанияның (дүкеннің,сұлулық 
салонының және т.б.) аккаунтын жүргізсеңіз, сіздің фирмадағы 
жаңалықтармен, жеңілдіктермен, командадағы адамдар туралы 
посттармен бөліссеңіз болады.
-Саяхат.
Егер, көп саяхаттасаңыз, онда бұл туралы жазсаңыз 
болады. Мысалы, әр елде қай қалада тоқтап, қандай көрнекті 
орындарды көруге болады.
-Сіздің миссияңыз, өмірлік ұстанымдарыңыз.
-Пайдалы ақпарат. 
Дұрыс тамақтану, жүгіру, сурет салу, 
медитация, кітап оқу туралы және т.б.
-Өзіңізге ұнайтын қанатты сөздермен бөлісіңіз.
-Қызықты оқиғалар. 
Әсіресе, олар өз басыңыздан өткен болса, 
жақсы қаралым мен лайк жинайды.
- Құттықтау посттар. 
Түрлі мейрамдармен өз оқырмандарыңызды 
құттықтауды ұмытпаңыз.
-Челлендж ұйымдастарыңыз.
-Түрлі акциялар мен сайыстар.
(бұл туралы болашақта көбірек 
айтып береміз)
P.S.: Контент-жоспар құрылғанан кейін, бөлек файлға сол жоспардағы 
тақырып бойынша посттардың мәтінін жазып шығатыныңыз онсыз да 
түсінікті шығар )))))) Посттың мәтінін сол күні немесе алдын ала жазып 
шығуға болады, яғни, өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта.
КОПИРАЙТИНГ
Күн сайын ғаламтор желісі жаңа ақпаратпен толықтырылады. 
Олардың кейбіреулері аударылған ақпарат болса, енді кейбірі бірегей 
(уникальный) және жаңа. Бұл мәтіндердің артында орасан еңбек, үлкен 
ізденіс, копирайтерлік құралдар мен білім және тәжірибе бар.
Әдемі мәтін жазып шығу әп-сәтте бола салатын нәрсе емес. Әсіресе, 


ол мәтін сіздің тауарыңызды немесе қызметіңізді сату керек болса. 
Себебі, жарнамалық мәтін көп оқылып, клиенттерді белгілі бір іс-
әрекетке интермелеуі қажет. Бұл тек бизнес аккаунттарға қатысты емес, 
жеке парақшаларға да кажет. Есесіне, «статистика» мен «охватты» 
көтеру қажет болғанда.
Кез келген мәтінді жазбас бұрын, өзіңіздің салаңызды, 
тақырыбыңызды және мақсатыңызды анықтайсыз. Мысалы, мен жеке 
өзім, SMM маманы ретінде, аудиторияма не бере аламын? Дұрыс пост 
жазу, аудиторияны таңдау, комментарийлер мен лайктарды көбейту 
және тағысын тағы. Versus академиясы @versus.academy парақшасында 
бизнесті, тұлғаны дамыту бойынша ақпаратпен бөліседі.
Бала тәрбиесі мен отбасылық өмір туралы посттар жазғыңыз 
келсе, сіз оқырмандарыңызға бұл тақырыптарда қалай пайдалы бола 
алатыныңызды ойланыңыз. Мысалы, ажырасулардың санын азайту, 
балаларды ұрыспай тәрбиелеу және т.б. Енді, осы негізгі мақсаттарыңызға 
қарай, аудиторияға не бере алатыныңызды анықтаңыз. Бақытты және 
тыныш өмір, бақытты балалық шақ, балаларды дамытатын ойындар 
мен тапсырмалар, ер мен әйел психологиясы және т.б.
Ұялы телефон сататын аккаунытыңыз болса, бұл салаға қатысты 
әлемдегі соңғы жағалықтар, смартфондарды таңдағанда неге назар 
аудару керек, олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай? Телефондарға 
анонс түсіріңіз, түрлі қызықты челлендждер ұйымдастырыңыз және т.б.
Негізгі тақырып пен аудиторияға не беретініңізді біліп алған соң, 
аудиторияңызды анықтаңыз. SMM-де де, копирайтингте де бұл өте 
маңызды. Себебі, сіз жүрегіңізден, ойыңыздан шыққан туындының кімге 
арналатынын белгілеп алуыңыз керек. Жоғарыда келтірілген мысалды 
жалғастыратын болсақ, тақырыбыңыз отбасы және бала болса, сіздің 
аудиторияңыз отбасылы және балалы азаматтар. Жарнама бергенде 
(таргетинг жүргізгенде) сіз осы аудторияны таңдайсыз. Жасөспірімдер 
немесе бойдақтарға акцент жасамайсыз. Егер, сіз сұлулық салонының 
аккаунтын жүргізсеңіз, сіздің аудиторияңыз қыз-келіншектер. Оның 
ішінде, бьюти блогтарға, сұлулыққа, соңғы сәнді жаңалықтарға 
қызығатындарын таңдап алуға болады. Ұялы телефондар дүкенінің 
аккаунтын жүргізсеңіз, көбінесе ер азаматтарға немесе 15-35 жас 
аралығындағы адамдарға бағытталып жұмыс жасайсыз. Себебі, 
оларды жаңа технологиялар қызықтырады және олар заман талабына 
сай жүруге құмар келеді. Оның ішінде, сіз қалтасы жарты жылда бір рет 
смартфон алуға мүмкіндігі бар азаматтарды немесе IT технологияларға 
құмар адамдарды таңдап алсаңыз болады.
Аудиторияны, тақырыпты (бағытты) анықтаған соң, копирайтингке, 
яғни мәтін жазуға кірісуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет