Құрметті оқырман, "Қазақша smm" марафонын тәмамдап, жаңа



Pdf көрінісі
бет19/37
Дата07.02.2022
өлшемі6,28 Mb.
#89202
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37
Байланысты:
қазақша смм

9 ТАҚЫРЫП 
Таргетинг
Сіздермен тағы да мен Сұлушаш Ардаққызы! Бүгінгі күннің тақырыбы - 
таргетингтік жарнама. Бұл тақырыпты өтпес бұрын бірінші “таргетингтік 
жарнама” деген сөздің мағынасын түсініп алайық.
Таргетингтік жарнама
дегеніміз – белгілі бір аудиторияға ғана 
жарнамаңызды көрсету. Мысал ретінде, сіз сәбилерге арналған 
жейделер сатасыз. Ол үшін бірінші не істейміз?
Дұрыс, тауардың аудиториясын зерттейміз, себебі кез келген 
таргетингтік жарнаманың сәтті шығуы, аудиторияға дәл түскеніңізге 
байланысты болады. Сіздің сататын тауарыңызды алатындар мынадай 
аудиторияда тұрады деп болжап қарайық. Тауардың аудиториясы - 
сәбилер, жаңадан туылғаннан бастап 1 жасқа дейінгі, бірақ сатып 
алатын адам оның ата - анасы. Сіздің тауарыңыздың бағасы 3500 
арасында деп алсақ, 
онда:
— Сатып алатын адамдар - әйелдер
— Отбасы жағдайы: тұрмысқа шыққан
— Жас шамасы 20- 40 /деп алайық/
— Тұратын қаласы - Алматы /дүкеніңіз қай қалада, сол қалаға әзірге 
жарнама берейік/
— Жалақысы: төмен және орташа
— Қызығушылығы: балалар киімі, аналарға арналған киім, бала 
күтімі және т.с.с.
Осылайша, 16 түрлі таргет нысандарымен өз сатып алушыларыңызды 
нақты дәлдеп, тек соларға жарнамаңызды көрсетесіз. Таргетингтік 
жарнаманы іске қосқан кезде, сіздің жарнамаңызды тек осындай 
адамдар көреді.
Бұл дегеніміз – таргетинг.
Таргетингтік жарнаманы қай жерге жасауға болады?
Таргетингтік жарнаманы қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде
сондай ақ, Google мен Яндексте жасай аласыз. Кез келген танымал 
деген әлеуметтік желіде жарнама беруге болады. Соның ішінде біздің 


елімізде ең көп қолданылатын: Facebook, Instagram, Вконтакте, Ютуб 
желілері де бар.


1-4 сурет. Әр түрлі желідегі жарнама түрлері
Таргетинг тиімді жақтары
Егер сіз интернет дүкен немесе сол сияқты жарнаманы қажет ететін 
істермен айналысатын болсаңыз, бұл сіз үшін тиімді шешім болмақ.
Екінші тиімді жағы, бұған аз шығын шығарып, көп сатылым алуға 
болады. Мысал ретінде алатын болсақ, Инстаграм әлеуметтік желісінде 
таргетингтік жарнама жасау үшін, минимум, қазіргі курспен алатын 
болсақ 3000 теңгедей саласыз. Ал жарнама максималды тиімді етіп 
жасай алсаңыз, 1 000 000 тіпті, одан да көп етіп шығарып алуға болады, 
бұндай жағдайлар тәжірибеде кездеседі.
Таргетингтік жарнаманың тиімсіз жақтары
Таргетингтік жарнамамен айналысу үшін, белгілі бір деңгейде білім 
қажет. Егер оңай тәсіл қажет болса, осы саланың маманын жалдасаңыз 
болады. Айта кетейін, қазіргі уақытта таргетингтік жарнама жасаудың 
шеберлері сұранысқа ие және табысы кейбір бизнесмендерден де көп. 
Егер жарнаманы дұрыс жасамайтын болсаңыз, сізге ешқандай клиент 
келмей қалуы мүмкін және ақшаңыз бостан бос күйіп кетеді.
Таргетингтік жарнама тиімсіз емес, егер оның тиімді немесе тиімсіз 
нәтиже беруі оның қалай жасалуына баланысты. Яғни жасаған адамға 
да байланысы болады. Мысалы сіз бір жерден екінші бір орынға, 
жылдам бару үшін, көлік айдадыңыз деп алайық, оны соғып алатын 
болсаңыз, оған көлік емес, сіз себепші боласыз, таргетингтік жарнама 
да солай жұмыс істейді.
Facebook пен Instagram біріккен соң, жарнаманы Facebook-тегі 
ADS кабинеті арқылы құрып, жарнама жібереді. Ол жақтағы барлық 
мүмкіндікті бір сабақ аясында беру мүмкін емес. Өйткені қазіргі таңда, 


5-сурет. “Продвигать” батырмасы
6-сурет
тек жарнаманы құрастыратын “Таргетолог” деген мамандық бар. Ол 
SMM-нің бір үлкен құрамдас бөлігі. 
Дегенмен, жеңіл түрі де бар. Ол өзіңіздің Инстаграм парақшаңыздан 
жарнама жіберу. Ол үшін жарнамалағыңыз келген пост суретінің 
астында “Продвигать” деген батырмасын басыңыз.
Сізге 6-суреттегідей бет шығады. Бұл жерде сіз жарнаманың 
мақсатын таңдайсыз. Яғни, парақшаңызды, не сайтқа трафик жібересіз. 
Біз бірінші мақсатты таңдадық.


Келесі қадам, аудитория 
таңдау. Бұл жерде де 2 таңдау 
бар. “Автоматты түрде” нұсқасын 
таңдасаңыз, инстаграм өзі, 
сіздің оқырмандарыңызға 
анализ жасап, соған ұқсас 
аудиторияға көрсетеді. Ал екінші 
нұсқасын таңдасаңыз, сіз өзіңіз 
аудиторияңыздың, тұрғылықты 
жерін, жынысын, жас аралығын
қызығушылықтарын таңдай 
аласыз.
Аудиториядан кейін, 
сіздің жарнамаңыз бюджетін 
анықтайсыз. Неше күн, және бір 
күнде қанша ақша жұмсау керек 
екендігін көрсетесіз. Ақшаңыздың 
көлеміне қарай Инстаграм 
жарнаманың нәтижесінде 
не алатыныңызды орташа 
есеппен көрсетеді. 8-суретте 
көрсетілгендей 6 доллар үшін, біз 
постымызды 770 адамнан 2000 
адамға дейін көре алады. 
7-сурет. Целевая аудитория
8-сурет. Бюджет анықтау


9-сурет
Барлық этаптан өткен соң, жарнаманы бір тексеріп, “Создать 
промоакцию” батырмасын басқан соң, сіздің жарнамаңызды 
көрсетілетінін, көрсетпейтінін, барлық шарттар орындалған тексеріп 
болған соң ғана, сіздің жарнамаңыз басқа адамдарға көрсетіле 
бастайды.
10-11 сурет
Әр статусқа қатысты, жарнамалайтын постыңыздың астында “На 
рассмотрении” немесе “сейчас продвигается” деген жазу жазылып 
тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет