Құрметті оқырман, "Қазақша smm" марафонын тәмамдап, жаңа


ТАҚЫРЫП  Видеоға түсіру, видео монтаж



Pdf көрінісі
бет16/37
Дата07.02.2022
өлшемі6,28 Mb.
#89202
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
Байланысты:
қазақша смм

6 ТАҚЫРЫП 
Видеоға түсіру, видео монтаж
Менің есімім - Сұлушаш (Instagram: @sulushash_ardakkyzy), "Versus" 
академиясында интернет-маркетолог қызметін атқарамын. Инстаграм 
және Фейсбук желілерінде "Versus" академиясының жарнамаларын 
көріп, әр түрлі іс-шаралардан тікелей эфирлер мен біз ұйымдастырған 


вебинарларға қатысып көрген боларсыз, иә бұл менің атқарып жатқан 
жұмысым! Мен бүгін Сіздерге "маркетинг" деген үлкен теңіздің бір 
тамшы суымен таныстырамын. Әуелі маркетингке анықтама берейік.
Маркетинг дегеніміз
коммерциялық компанияның тауарлары мен 
қызметтерін тұтынушыларға, компания үшін, тиімді сатылуын жүзеге 
асыратын іс-әрекеттердің жиынтығы. Маркетингтің бір құралы ол - 
"видео контент".
Біздің прогрессивті технологиялар ғасырында “видео контент” бұл 
ақпарат жеткізетін және тұтынушыларды қызықтыратын ең эффективті 
құрал ретінде қоғамда қалыптасты. Бүгін видеосыз өмірімізді елестете 
де алмаймыз. Жаңалықтар, фильмдер, телешоулар, жарнама, сыртқы 
үлкен экрандар күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Бүгінгі 
күні бұл видеоларды қолданудің ондаған түрлері бар.


Instagram-дағы видео
Instagram әлеуметтік желісі, видео жүктеуге рұқсат бергелі, 
танымалдығы артып кетті. Ең басында видео ұзақтығы 15 секундпен 
шектелсе, бүгінгі күні 1 минуттық видео жүктеуге болады.
Syndacast 2017 жылғы болжамы бойынша, барлық интернет 
трафиктің 74 % видео контенттке жұмсалады екен.
2016 жылы Instagram желісі, енді танымал болып келе жатқан 
Periscope әлеуметтік желісіндегідей тікелей эфир функциясын қосады. 
Бірақ айырмашылығы, тікелей эфир 24 сағат қана сақталады.
@versus.academy парақшасын қарасаңыз, біз видео контентті жиі 
пайдаланамыз.
versus.academy парақшасы
Толыққанды видео ролик, анимация, жарнамалық видео, versus.academy 
барлық түрін де қолданады.


5 ең эффективті видео контент категориясы
1. Презентациялық роликтер
2. Имидждік роликтер
3. Оқытатын роликтер
4. Вирусты роликтер
5. Қоғамдық роликтер
Презентациялық роликтер
қазіргі таңда ең көп қолданылады. 
Оның мақсаты тауарды, қызметті тұтынушыға жеткізу. Бұл видеоларға 
дәстүрлі телевизиялық жарнамалар түрін жатқызуға болады.
https://youtu.be/mWCpxJVT2bc
Нақты тауарға жарнама жасайсыз.
https://youtu.be/2ujk5xMTunU
Нақты қызмет түріне жарнама жасайсыз.
Имидждік роликтер
бұл видеолар аты айтып тұрғандай, қоғамда 
белгілі бір идеяны туындатып, тауардың брендін қалыптастырады. Ал 
егер сізде қызмет саласы болса сіз ұсынатын қызмет түрін, маманның 
білім деңгейі, біліктілігі мен тәжірибесінің мол екенін көсету мақсатында 
жасай аласыз. Сондай ақ бұл тұтынушыда эмоционалды кері байланысты 
туындатады. Сіз бұл видеода тауарды тіке жарнама жасамай, оның 
беретін құндылықтарын көрсетесіз немесе сіздің қызметіңіз қай 
мәселеге шешім беретінін жеткізіңіз, біліктілігіңізді көрсетіңіз. Өз 
тауарыңыздың сапалы екенін, сіздің қызмет профессионалды түрде 
екенін көрсетіңіз. Сонда, келесі жолы адамда сол тауар не қызмет 
керек болғанда сіз еске түсетін боласыз.
Мысалы, палау дегенде Руми еске түседі. Немесе Руми дегенде 
Қуаныш Шонбай еске түседі.


https://youtu.be/-MzprRkmU4o
Мейірбек Бердібайұлының өз саласында мықты 
маман екенін көрсететін видеороликтердің бірі
https://www.instagram.com/p/BK5fH4yDOsq/ 
көріп отырсаңыз бұл жерде тікелей 
сату мүлде жоқ, сапалы соңғы технологияларды қолданып жатқанын көрсетеді.
Оқытатын роликтер
басты мақсаты көріп отырған адамды белгілі 
іс-әрекет жасауға үйрету. Нақты маманның өз ісін қалай жасайтынын 
көрсетеді. Қазіргі таңда креатив қосып, графикалық видеороликтер де 
жасауға болады. Мұндай видеороликтер міндетті түрде өз аудиториясын 
табары сөзсіз.
Вирусты роликтердің 
мақсаты интернет қолданушыларының 
назарын аударту. Видеоға деген негативті не позитивті ой қалыптысуы 
да маңызды емес. Яғни, басты мақсаты назар аударту және адамды 
белгілі бір “идеямен улау”, содан кейін ол адамның видеоны өз достарына 
тарататындай қызықтыра алу. Егер видеоңыз жақсы шықса, онда ол 
тез тарап, сізді/тауарыңызды/қызметіңізді танымалдыққа алып келеді.
https://youtu.be/HFlgNoUsr4k
бұл 2017 жылы тек ютуб желісінде 73 млн астам 
қаралым жинады. Рас еш мағынасы жоқ, көбіне негативті ой қалыптастырды 
"деградация" деп, бірақ вирус болып баршаға таралды.
Қоғамдық роликтер
бұл видеолар арқылы қоғамдағы нақты 
сұрақтардың жауабын, мәселенің шешімін көрсетеміз. Бұл роликтерде 
өзіңізді тым көп жарнамалауға, не өз қызметіңізді көрсете алмайсыз. 
Тек қоғамның проблемасы және оның шешімі болуы керек. Бұндай 
видео түсіруде Вьемнамдықтар мен Тайландтықтар алда. Олардың 
видеолары көзден жас шыққанша тебірентеді. Ютубта өте көп мысалы 
бар.
Ал мынау біздің Отандық өнім 
https://youtu.be/cTkmGnSHCCc
350 мыңнан астам 
көрсетілім жинады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет